You are here

Жаңалықтар мұрағаты

ХЕҰ

Халықаралық Еңбек Конференциясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Амади Сарбасов сөз сөйледі.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық еңбек конференциясы ХЕҰ шешімдерін қабылдаудың жоғары органы болып табылады. Бұл шара Ұйымға мүше 187 мемлекеттің үш жақты делегациясын жинай отырып, жыл сайын өткізіліп тұрады.

Қазақстанның ресми делегациясының құрамына ҚР Үкіметінің, жұмыс беруші ұйымдардың және Қазақстан кәсіподақтарының өкілдері кірді.

Еңбек

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аз қамтылған көпбалалы отбасыларды, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтар мен жастарды жұмысқа орналастыру, оқыту сапасын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаудың бірқатар жаңа шаралары көзделіп отыр.

жұмыс сапары

13-14 маусым күндері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, Петропавл қаласы мен Ақжар, Тайынша, Аққайың, Ақжар және М. Жұмабаев атындағы аудандарын аралады.

Атап айтқанда, ведомство басшысының бірінші орынбасары 2019-2021 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысын дамытудың Кешенді жоспарына пилоттық жоба шеңберінде енгізілген еңбек күші мол өңірлерден келетін қоныс аударушыларға арналған 52 үй құрылысының барысымен танысты.

Қоғамдық кеңес

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ведомствоның 2018 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы Қоғамдық кеңес алдында баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстармен  бөлісті.

Еңбек министрлігінің басшысы жаңа әлеуметтік шаралар - бұл Елбасының дәйекті саясатының нәтижесі және бұрын жүзеге асырылған шаралардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.

жалақыны арттыру

Тұңғыш Президент – Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы арттырылды.

Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады.

Меморандум

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ этникалық қазақтарды, сондай-ақ шетелде тұратын отандастарды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастық және әріптестік қатынастарды нығайту туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қол қойды.

жұмыс тобы

Сәрсенбі, 12 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев халық табысын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау, Әділет, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, көпбалалы отбасылардың және бастамашы топтардың өкілдері қатысты.

ҚР Парламентінің Мәжілісі

Сәрсенбі, 12 маусым күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында «Мәжбүрлі әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасына және Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында ұсыныс жасады.

Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні

Жыл сайын 12 маусымда Халықаралық Еңбек Ұйымы 2002 жылы жариялаған Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - балалар еңбегінің проблемаларына және құлдық, қауіпті жұмыс, құқыққа қарсы іс-әрекет және т. б. жататын оның ең нашар формаларына назар аудару.

Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне жол бермеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі қағидаларының бірі. Бұл заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің тоқтатылуы туралы қауесетті жоққа шығарды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде атаулы әлеуметтік көмек төлеуді жақын арада тоқтату туралы жалған ақпарат таратылуда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпаратты ресми жоққа шығарды. Аталған жәрдемақы түрі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген және оны жою қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылмайды.

Беттер

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші