check

You are here

Аманжол

Мен, ЖҰБАНАЗАР Аманжол Жұмабайұлы 1972 жылы 26 тамызда Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Қопасор елді мекенінде дүниеге келдім. Қазір Шалқар қаласында (аудан орталығы) тұрамын. Институт бітіргеннен соң 1995 жылдан бастап Шалқар қаласына жұмыс жасап келемін. 2004 жылдың сәуір айынан бастап Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы №21 Шалқар филиалында жетекші маман болып жұмыс жасаймын. Бұл мекеменің басты кеңсесі Астана қаласы, пр. Победы, 60 үйде орналасқан.2004 жылдың сәуір айынан бастап аталған мекемеден жалақыға қосылатын экологиялық төлемдер төленбей келеді. Айтысып жүріп 2007 жылдан бастап төлеткен болдық. Онда да экологиялық төлемдерден салық ұсталып келді. Оған да көндік. Енді міне 2008 жылдың қаңтар айынан бастап экологиялық төлемдерді төлеуді тоқтатып тастады. Астанаға бухгалтерияға телефон соқсам, 'Саған экологиялық төлем тиесілі емес' – дейді. Олар 1992 жылғы 30 маусымдағы №1468-ХІІ Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңының ІІ бөліміндегі 6 бапқа сілтеме жасайды. 'Ал сен 1972 жылы туғансың', - дейді. Ал аталған ҚР Заңының 6 бабында: '1970 жылдан бастап осы кезге дейін кемінде 10 жыл тұрып жатқан немесе тұрған азаматтар (он жасқа дейінгі балаларды қоса)', - деп көрсетілген. Сонда қалай болғаны 1972 жыл осы аралыққа кірмей қала ма? Осы сұрақ бойынша тиесілі жауабын беруіңізді сұраймын. Осы мәселенің оң шешілуіне ықпал етуіңізді сұраймын.
Жауап: 

Құрметті Аманжол Жұмабайұлы! «Арал өңіріндегі қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген қосымша еңбекақы Заңда көрсетілген аймақтарда тұратын, жұмыс істейтін және зардап шеккен азаматтар статусы бар азаматтарға төленеді.

Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар статусы аталған Заңның 2-бөлімімен айқындалған.

Заңның 9-бабына сәйкес экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тәртіппен тұрғылықты жері және экологиялық қасірет аймағындағы бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.

Осы көрсетілген екі мәселе бойынша құжаттарыңыз болса келесі төлемдер төленуі тиіс.

Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұратын халыққа мынадай аудандар бойынша экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрғаны үшін коэффициенттер түріндегі еңбекақы төлеу белгіленді:

экологиялық апат – 1,5

экологиялық дағдарыс – 1,3

экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ – 1,2.

Көрсетілген коэффициенттер қызметкердің лауазымдық қызмет ақысына (тарифтік ставкасына) қоса есептеледі.

Заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап экологиялық қасірет аудандарында тұратын халық ай сайын қосымша еңбекақы алады.

Заңның 22-бабына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде осы Заңда көзделген ережелерді жүзеге асыру республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ ұйымдар мен кәсіпорындардың қаражаттары, ерікті жарналар, қайырымдылық көмек есебінен қаржыландырылады.

Осылайша экологиялық апат салдарынан зардап шеккен қызметкерлерге қосымша еңбекақы төлеу үшін қаражат ұйымның еңбекақы қорын қалыптастыруда көзделеді.

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 10-бабының 1-тармағына сәйкес еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі.

Сондықтан жоғарыда аталған қосымша еңбекақы төлеу еңбек шартында көрсетілуі тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Салық кодексінің 144-бабының 11) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалар табыстарының экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетін төлемдеріне жеке табыс салығы салынуға тиіс емес.

Қаржы департаментінің директоры М. Аманбаев

Сұрақтың нөмірі: 208054
10 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші