You are here

Турашев А.С.

Сәлеметсізбе!Мен техн.ғыл.кандидаты, доцент 1977 жылы мектепті бітіргелі мемелекеттік мекемелерде, соның ішінде 1977-1986 жж. аралығында Панфиловколхозстрой' құрылыс тресінде, 1991-2007 жж. аралығында Ақтау мемлекттік университетінде (1991-1995 жж. -оқытушы, аға оқытушы; 1995-2006 жж.- оқу бөлімі, оқу орталығы, оқу басқармасының бастығы; 2006-2007 жж. институт директоры және осы 1995-2007 жж. қосымша 0,5 ставкада доцент, профессор ) қызмет еттім. Жұмыста үзіліс тек 1978-80 жж. Кеңес әскері қатарында қызмет еткенде, 1980-1983 жж. Алматы құрылыс техникумында күндізгі және 1986-1991 жылдары Қарағанды политехникалық институтында күндізгі бөлімдерінде оқыған кезде болды. 2008 жылдың 17 қаңтар айынан бастап Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-тінде Оқу-әдістеме жұмысы бөлімінің бастығы (G-7) лауазымында және осы жылдың 5 ақпанынан бастап қосымша 0,5 доцент (G-6) қызметіне қабылдандым. Енді менде төмендегі сұрақтар бар:1. Кадр бөлімі «Оқу-әдістеме жұмысы бөлімінің бастығы» еңбек стажымды (өтілімімді) 10-11 жыл аралығын қойды, осы дұрыс па? 2. Кадр бөлімі «0,5 доцент» стажымды (өтілімімді) 10 жыл аралығын қойды, осы дұрыс па? 3. Техн.ғыл.кандидаты ғылыми атағыма бір айлық мөлшеріндегі тиесілі қосымша төленбейді, осы дұрыс па? 4. Маған қанша күнтізбелі демалыс және әлеуметтік кепілдіктер тиесілі?5. «Білім» туралы заңға және басқа қаулыларға сәйкес педагог қызметкерге жатамын ба?Рахмет!
Жауап: 

Құрметті Тұрашев А.С. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жұмыс стажын белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 105 «Білім және ғылым ұйымдарының мемтекеттік қызметші емес қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс стажын белгілеу Ережесін бекіту туралы» бұйрығымен айқындайды.

Толық ақпарат алу үшін саулыңызды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жіберуіңізге кеңес береміз.

Еңбекақы төлеу әдіснамасы бөлімінің жетекші маманы Бейсембаева Д.А.

Сұрақтың нөмірі: 208250
25 ақпан, 2008 - 00:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші