Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беріші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 35 - бабы 3 - тармағына сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің еңбек кітапшасына (ол бар болған кезде) ұйымдағы еңбек қызметі туралы тиісті жазбалар енгізуге міндетті.
«Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау ережелерін және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 149-ө бұйрығының 16 - тармағына сәйкес жұмысқа қабылдау, еңбек шартын бұзу, басқа жұмысқа ауысу, сондай-ақ, марапаттаулар мен көтермелеулер туралы барлық жазбалар жұмыс беруші уәкілеттік берген тұлға жұмыс берушінің тиісті актісінің жариялануынан кейін енгізеді және жазба оның мәтініне сәйкес келуі тиіс.
Барлық жазбалар жұмыс берушінің актісіне сәйкес еңбек шартын жасасқан немесе оны бұзғаннан кейін жазылады (Ереженің 7- тармағы) .
Тиісті акті (жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы бұйрық) негізінде жұмыс беруші себебін көрсете отырып, еңбек кітапшасына жазба жасауға міндетті.
Қызметкермен еңбек шартын бұзған кезде, барлық жазбалар жұмыс берушінің қолымен және мөртаңбасымен расталады.
Куатбекова Ж.А., 743504