You are here

Орталық аппаратының бос орындары туралы мәлімет

Құжаттар бос лауазымдар бойынша конкурс туралы хабарландыру «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде жарияланнан бастап 10 жұмыс күн аралығында қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-32-27, 74-33-65 факс, 74-33-45, e-mail: a.kairbekkyzy@enbek.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

1. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті міндетті әлеуметтік сақтандыру басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты (негізгі қызметкердің жұмыста уақытша болмаған мерзімге).

Функционалдық міндеттері: міндетті әлеуметтік сақтандыру, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесінің мәселелері бойынша заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық  актілерді әзірлеу, басқа мемлекеттік органдар берген әлеуметтік сақтандыру жүйесінің мәселелері бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің, мемлекетаралық келісімдердің жобалары бойынша қорытындылар даярлау, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы, «Өмірді сақтандыру компаниясы» Мемлекеттік аннуитетті компаниясы» акционерлік қоғамның ай сайынғы және жылдық есептеріне талдау жүргізу, ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмыс жүргізу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар даярлау, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе экономика немесе қаржы немесе есепке алу және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары білім; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон  саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық  актілерді  білуі; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істей білу.

 

2. Қаржы департаменті мемлекеттік сатып алу және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қаржылық қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысына, С-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік сатып алуды дұрыс және уақытылы өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру, ведомстволық құрылымдық бөлімшелеріне мемлекеттік сатып алу мәселесі жөнінде әдістемелік және консультативтік көмек көрсету, электрондық конкурс немесе веб-портал арқылы құнды ұсыныстар сұрауы тәсілімен сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша техникалық ерекшеліктер әзірлеу, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, мемлекеттік сатып алу бағдарламалары және ағымдағы шығындар бойынша берешекті есепке алу және талдау, электрондық конкурс немесе құнды ұсыныстар  тәсілінің қорытындысы бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуға шарттар жасау және тіркеу жүргізу, мемлекеттік сатып алуды жүргізу  мәселелері бойынша  хат алмасу және өнім берушінің келісілген міндеттемелерді орындауын бақылау, мемлекеттік сатып алу мәселелері жөнінде құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл, басқармаға келіп түскен заң жобаларына, нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар дайындау, басқарма құзыреті шеңберінде еңбек және әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнамалар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын,  ұсыныстарын, өтініштері мен арыздарын қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары білім; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон  саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық  актілерді  білуі; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істей білу.

 

3. Халықты жұмыспен қамту департаменті халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасының сарапшысына, С-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердің және басқа актілердің жобасын әзірлеуге қатысу, халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарды қарауға қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін басқарма құзыреті шегінде хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, жеке және заңды тұлғалардың  кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, жастар іс-тәжірибесін  ұйымдастыру, халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндегі хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау,   халықты жұмыспен қамту саясаты мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе экономика, немесе техникалық ғылымдар мен технология немесе әлеуметтану немесе психология мамандықтары бойынша жоғары білім; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон  саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық  актілерді  білуі; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істей білу.

 

4. Халықты жұмыспен қамту департаменті халықты жұмыспен қамту мониторингі және талдау басқармасының сарапшысына, С-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: еңбек нарығы,  шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау  мәселелері жөніндегі ұсыныстарды қарауға және заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердің және басқа да актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша басқарма құзыреті шегінде хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау,   жеке және заңды тұлғалардың  еңбек нарығы және шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау мәселелері жөніндегі  хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау,  уәкілетті органдарға шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау  мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсету,  еңбек нарығы мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе экономика, немесе қаржы немесе есепке алу және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе математика немесе информатика мамандықтары бойынша жоғары білім; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон  саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық  актілерді  білуі; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істей білу.

 

5. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының сарапшысына, С-5 санаты (негізгі қызметкердің жұмыста уақытша болмаған мерзімге).

Функционалдық міндеттері: зейнетақымен және базалық әлеуметтік  қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілердің, басқа органдар берген  зейнетақы және базалық әлеуметтік қамсыздандыру  мәселелері бөлігіндегі мемлекет аралық келісімдердің жобалары бойынша қорытындылар даярлау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар даярлау, жеке және заңды тұлғалардың хаттарының, өтініштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе экономика немесе қаржы немесе есепке алу және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары білім; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон  саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық  актілерді  білуі; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істей білу.

 

6. Құқықтық қамтамасыз ету департаменті нормативтік құқықтық актілер мониторингі және сараптама басқармасының сарапшысына, С-5 санаты.

Функционалдық міндеттері: Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеу оларды одан әрі сүйемелдеу, министрлік әзірлеген, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан келісуге келіп түскен нормативтік актілердің жобасын келісу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшыларының тапсырмалары бойынша хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындауды қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық мамандығы бойынша жоғары білім (құқықтану, халықаралық құқық); еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көші-қон  саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық  актілерді  білуі; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электронды құжат айналымы жүйесімен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істей білу.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

      1)  1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

      2) 3х4 үлгідегі суретпен 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

      3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

      4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 086 нысан

      6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

      7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (түпнұсқасы  немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

 

1-қосымша             

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

Өтініш

 

      Мені бос тұрған мынадай _______________________________________

_____________________________________________________________________

______________________________________ қызмет орнына тағайындалуым

үшiн байқауға жiберуiңiздi сұраймын.

      Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу

және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi

талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

 

      _________                                                  ____________________________________

       (қолы)                                                                             (Аты-жөні)

 

                                                                                                 «____»_______________ 20__ ж.

 

2-қосымша   

 

Фотосурет орны

(4х6)

 

САУАЛНАМА

(Өз қолымен толтырылады)

1. Тегi _____________________________________________________________

Аты _________________________________________________________________

Әкесiнiң аты ________________________________________________________

2. Азаматтығы _______________________________________________________

Егер өзгертiлсе, уақытын көрсетiңiз _________________________________

3. Бұрын сотталған ба едiңiз, қашан және не үшiн ____________________

4. Шет елде оқыған немесе жұмыс iстеген кезiңiз _____________________

Болған елiңiз _______________________________________________________

Болған уақытыңыз ____________________________________________________

Жұмыс iстеген немесе оқыған жерiңiз _________________________________

5. Соттың шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетiңiз төмен немесе шектелген

деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________

6. Белгiлi бiр мерзiмге мемлекеттiк қызметті атқару құқынан

айырылдыңыз ба, қашан және не үшiн __________________________________

7. Сіз мынадай:

1) Сіз үміттенген лауазымға тікелей бағынысты;

2) Сіз үміттенген лауазым тікелей бағынысты лауазымдарды атқаратын

мемлекеттік қызметшінің жақын туысы (ата-анасы, ұлы, қызы, бала

асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы

бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немересі, жұбайы

немесе зайыбы) болып табыласыз ба _______________________________.

8. Тілдерді білуі: __________________________________________________

9. Мекен-жайы және байланыс телефоны ________________________________

 

                                                       ______________

                                                         (жеке қолы)

 

                                          «___» _______________ 20 ж.

                                                (толтыру күні)

26 мамыр, 2014 - 20:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші