You are here

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Д. Арғындықовтың «Бизнес. Еңбек. Социум» ақпараттық-анықтамалық журналына мақаласы

Қуатты экономика мен қоғамның әл-ауқаты Қазақстандағы бизнес өсімінің ажырамас факторлары болып табылады.  Яғни, кәсіпкерлік субъектілері бизнесті қоғамның қажеттіліктерімен ұштастыра жүргізу мүмкіндіктерін іздестіруі керек. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі  бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі идеясының ілгерілеуіне және  кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілік  мәдениетінің қалыптасуына  қолайлы жағдай туғызуға баса назар аударып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті     Н.Ә. Назарбаев 2008 жылғы 24 қаңтарда Жезқазған қаласында өткен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  мәселелері жөніндегі  республикалық форумда  сөйлеген сөзінде:  «мемлекеттің және бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру  тұрақты дамудың  базалық шарттарының бірі болып табылады», -деп атап көрсетті және  бизнесті әлеуметтік-еңбек салаларындағы  мәселелерді шешуге барынша  жауапкершілікпен қарауға әрі ұжымдық-шарт тетіктерін жетілдіруге шақырды. Бұл жалақыға, қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға,  мамандарды кәсіби даярлауға және  біліктілігін арттыруға да қатысты.  Бизнес  әлеуметтік нысандары құрылысына белсенді қатысуы керек. 

 Форумда, сондай-ақ,  Мемлекет Басшысы жыл сайынғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсын белгілеген болатын, бұл шара  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі  принциптерін дамытуға, оның қоғамдағы  көкейкесті әлеуметтік проблемаларды шешуге  қатысу белсенділігін арттыруға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қоғамдық санада  оң қабылдануын қалыптастыруға  бағытталды.

 Биылғы жылы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Энергетика министрлігімен, Кәсіподақтар федерациясымен және  жергілікті атқарушыф органдармен  бірлесе отырып, бұл шараны жетінші рет өткізіп отыр.

  Осы уақыт ішінде «Парыз» конкурсы мемлекет пен бизнестің арасындағы  берік серіктестік қатынастарды  нығайтуға және дамытуға ықпал ететін, яғни  билік пен кәсіпкерлердің өзара бірлескен көп қырлы іс-қимылының индикаторына айналды.

 

 

Соңғы жылдары  кәсіпорын басшыларының басым көпшілігінің әлеуметтік мәселелерді баса   назар аударып жүргенін атап өткім келеді.    Ең бастысы, қызметкерлерге көмектесу әншейін қайрымдылық қана емес, стратегиялық есеп деген ұғым қалыптасты. Қамқорлық аясындағы қызметкер кәсіпорынның жалпы  даму нәтижесіне мүдделі   бизнестегі серіктес болып табылады.  

Материалдық игіліктердің әділ бөлінуі жұмыс беруші мен оның қызметкерлері арасындағы қатынастарды үйлестірудің маңызды бағытына айналады.    

Соңғы жылдары бизнес қаумдастығының басым көпшілігі  осы принципті ұстануда, өйткені,  лайықты еңбек жағдайы мен қоғамдық келісімді және  әлеуметтік шиеленістердің азаюын  қамтамасыз ету, кәсіпорынның  тұрақты гүлденуіне кепілдік береді.  

Өткізіліп отырған конкурсқа қатысушылар санының  өсуі де осыны дәлелдеп отыр. Конкурс өткізіле бастағаннан бері  2,5 шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындары қатысқан.  

Биылғы жылы республикамыздың барлық өңірлерінен 584 кәсіпорын конкурсқа қатысуға өтінім берген.  Садыстырып көрсек 2013 жылы - 534; 2012 жылы – 525; 2011 жылы – 509; 2010 жылы – 434; 2009 жылы – 321; 2008 жылы – 296 өтінім түскен еді.

«Парыз»  конкурсына қатысуға берілген өтінім саны бойынша  Қостанай облысы көш бастап тұрр, мұнда  69 кәсіпорын конкурсқа қатысу ниетін білдірген, Шығыс Қазақстан облысынын 56 қатысушы және Павлодар облысынан 50 үміткер бар.

Субъектілердің басым саны   «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша байқалады. Осы номинация бойынша 261 кәсіпорын өтінім берген. Бұл номинация бойынша  өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және тұтастай қоғамның  әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асырушы үміткерлердің қызмет нәтижелері қаралады. 

 «Еңбекті қорғау саласыедағы үздік кәсіпорын»  жаңа номинациясына  98 кәсіпорын қатысуда. Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің  денсаулығынын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасап отырған үміткерлердің жұмысы қаралады. 

 «Үздік ұжымдық шарт»  номинациясына 114 кәсіпорын өтінім берген. Бұл номинацияда қызметкерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген  еңбек және әлеуметтік құқықтарын біршама жақсартатын және нығайтатін ұжымдық шарттар қаралады. 

 «Экологияға қосқан үлесі үшін»  номинациясы бойынша 111 өтінім келіп түскен. Бұл  номинацияда қоршаған орта ахуалын жақсартуға бағытталған  табиғат қорғау (экологиялық) бағдарламаларды іске асыруда әжептәуір ерекшеленген үміткерлердің қызметі қаралады. 

Конкурстың «Парыз» Гран-при» ең жоғары марапаты өз жұмысында және корпоративтік  әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік принциптерін іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.    

Бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясы осындай үздік деп танылды және  «Парыз»  конкурсының Гран-при жүлдесіне ие болды (2008 жылы), кәсіпорын Қазақстанда алғашқылардың бірі болып бизнестің  әлеуметтік жауапкершілігі құндылықтары мен прицнциптерін белсенді жүзеге асыра бастаған. Корпорация өзінің күш-қуатын еңбек қауіпсіздігіне, жалақының тұрақтылығына, қосымша медициналық және әлеуметтік сақтандыруға, өзінің қызметкрелері мен зейнеткерлерін әлеуметтік қорғауға бағыттады. Жергілікті мектеп түлектеріне еліміздің ең мәртебелі жоғары оқу орындарында оқуға гранттар береді. «Қазақмыс» кәсіпорындары қызмет ететін    өңірлердің бәрінде  балабақшалар жұмыс істейді, олардың барлығы корпорация балансына алынған. «Қазақмыс»  баскетбол, волейбол және хоккей командаларына, бокс және күрес секцияларына, «Таеквондо» спорт мектебі мен Футбол академиясына демеушілік көрсетеді.

«Торғай Петролеум» АҚ (2009), «газды кешенді қайта өңдеу қондырғылары» жобасы шеңберінде қазақстандық мазмұны  100% 350-ден астам жұмыс орындарын құрған. 2009 жылы компания қазақстандық мамандарды оқытуға және  кәсіби даярлауға,  техникалық және  бейінді оқытуға 126 млн. теңгеден аса  қаражат жұмсаған.

Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 2004 – 2009 жылдары Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы  «Демеу» корпоративтік қорының шотына демеушілік көмек ретінде 1,2 млрд. теңге аударған.   Халықтың  кедей және осал буындарын, мәдниет және спорт өкілдерін қолдау мақсатында сомасы 600 млн. теңгеден астам түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырған.     

«СНПС–Актобемунайгаз» АҚ (2010) қызметкрелерінің барлық санаттарына берілетін жеңілдіктердің көлемі мен бағыттын көбейтіп келеді. мәселен,  2010 жылы демалыққа қосылатын сауықтыру материалдық көмегі 158,8 млн.теңгені құраса, жылдық әлеуметтік пакеттің жалпы мөлшері бір адамға шаққанда - 185,2 мың теңге болды. Демеушілік және қайрымдылық мақсаттарындағы шығыстардың жалпы сомасы 815 млн.теңгені құраған.

«Теңізшевройл» ЖШС (2011),  2010 жылы «Игілік»,бағдарламасына  2,9 млрд. теңге бөлген, оның негізгі бөлігі Құлсары қаласындағы  «Сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау» жобасы бойынша жұмысты жалғастыруға, 116 млн. теңге  денсаулық сақтау, білім беру және оқыту сапасын жақсартуға бағытталған, нөлдік мөлшерлеме бойынша ипотекалық кредит беріп, қызметкерлердің жоғары білі алуына және /немесе жоғары білімнен кейін білімін жалғастыруына қаржылай көмек көрсеткен

«Қаз ТрансОйл» АҚ (2012) жалпы сомасы 4,1  млрд. теңгеге  әлеуметтік нысандар құрылысын қаржыландырған, оның ішінде: Үшарал қаласындағы тұрғын үй;  Павлодар қаласындағы бес көп функционалды спорт алаңының құрылысы; Орал қаласында  6 бес қабатты тұрғынүй құрылысы;  Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Семей және Өскемен Усть-Каменогорск қаласындағы көп 6 функционалды спорт алаңының құрылысы;  Қарағанды облысы Атасу кентіндегі 170 орынға арналған  балабақша құрылысы,  Үшаралал қаласындағы 2 функционалды спорт алаңының құрылысы;    Павлодар қаласындағы функционалды спорт алаңының құрылысы салынды.   Компания жалпы сомасы  2,6 млард. Теңгеге демеушілік (қайырымдылық) көмегін көрсеткен.  

«Өскемен  титан-магний комбинаты» АҚ (2013) 2013 жылы Өскеменнің және басқа да облыстардың  тұрғындары үшін  Новая Согра, кентінде бір ауысымда 240 орынға арналған емхананы қамтитын құны 1,1 млрд. теңге тұратын медицинылық орталық салу жобасын іске асырды.    Компанияның әлеуметтік шығыстары 359 млн.теңгені құраған. Қызметкерлерді оқытуға шамамен 40 млн.теңге жұмсалған.

Әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға шағын кәсіпкерлік субъектілері де  шама-шарқына қарай өз үлестерін қосып келеді. 

Ауылдың инфрақұрылым нысандарын салу мен қолдаудан бастап әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы  нысандарға дейінгі, бірқатар жобалар ауылды жерлерде іске асырылуда. Шағын бизнес өкілдері – жеке кәсіпкерлер демеушілік және қайырымдылық шараларымен айналысса, ірі компаниялар өңірлердің әлеуметтік саласын дамытудың кешенді бағдарламаларын іске асыруда.     

Биыл «Парыз» конкурсын өткізу бағдарламасына бірқатар өзгеріс бар, атап айтқанда, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» жаңа номинациясы енгізілді. Номинация жеке кәсіпкерлік субъектілетін еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін қауіпсіз жағдайларды жасауға ынталандыру үшін енгізілді.   

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссиялардың базасында  үміткерлерді іріктеу  процесін анағұрлым ашық болуы үшін түзетулер енгізіліп, үміткерлердің өтінімдерін қабылдау рәсімі оңтайландырылды.  

«Парыз» конкурсының маңызы жыл санап өсе береді, өйткені оның бизнес қауымдастығын дамыту мен олардың әлеуметтік әріптестіктегі рөлін арттыру әлеуеті зор. 

 

 

 

Жаңа жетістіктерге жетіп, әлеуметтік жауапкершілік шараларын белсенді ілгерілеуіне деген тілектестікпен

Д. Арғындықов

 

 

 

 

 

 

 

12 желтоқсан, 2014 - 18:33 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
Ящик идей
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші