check

You are here

Оралмандар жөніндегі ақпарат

 

                            Оралмандар жөніндегі ақпарат                      

            2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1991 жылдан бастап халықтың жалпы санының 5,5% құрайтын 259 159 мың отбасы немесе 952 882 мың этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.   

           Оралмандардың көбі - 61,5% Өзбекстаннан көшіп келді, 14,3% Қытай, 9,3% - Моңғолиядан, 6,8%  - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден және 3,5% - басқа елдерден келгендер.      

          Оралмандардың шыққан елдері олардың қоныстану өңірлерін алдын ала анықтады. Оралмандардың ең көп бөлігі Оңтүстік Қазақстан - 21,2%, Алматы – 16,3%, Маңғыстау – 13,0%, Жамбыл облыстарына– 9,4% және өзге өңірлерге – 40,1% қоныстанды.

        Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар 55,6%, 18 жасқа дейінгі балалар – 39,9 % және зейнеткерлер – 4,5 %-ды құрайды.

         Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 8,7%-ң жоғарғы білімі, 20,5%-ң арнайы орта білімі, 61,0%-ң жалпы орта білімі бар, 9,8%-ң білімі жоқ.   

        Оның ішінде 2014 жылы республикаға 3 792 отбасы және 8 247 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды.   

         Оралмандардың көбісі – 69,5 % Өзбекстаннан көшіп келді, 16,7% - ҚХР-нан, 6,8% - Түркіменстанна, 3,1% - Моңғолиядан, 1,1% - Ресейден және 2,8% -  өзге елдерден келгендер.

         Оралмандардың шыққан елдері олардың қоныстану өңірлерін алдын ала анықтады. Оралмандардың ең көп бөлігі Алматы – 919 отбасы (1621 адам), Маңғыстау – 389 отбасы (1983 адам)., ОҚО – 854 отбасы (1592 адам)., Жамбыл – 472 отбасы (882 адам)., Астана – 378 отбасы (537 адам)., Қостанай – 208 отбасы (487 адам)., ШҚО – 195 отбасы (349 адам)., Алматы – 92 отбасы (142 адам)., Атырау – 75 отбасы (118 адам)., Павлодар – 73 отбасы (174 адам)., Ақмола – 60 отбасы (115 адам)., Ақтөбе – 30 отбасы (146 адам)., СҚО – 16 отбасы (31 адам)., БҚО – 15 отбасы (29 адам)., Қарағанды – 13 отбасы (30 адам) және Қызылорда облыстарына – 3 отбасы (11 адам) қоныстанды.

         Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар 69,3 %, еңбекке қабілетті жастан төмен - 24,9 % және зейнеткерлер – 5,8%-ды құрайды.

         Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 8,4%-ң жоғарғы білімі, 19,3%-ң арнайы орта білімі, 55,8%-ң жалпы орта білімі бар, 16,5%-ң білімі жоқ.   

        

 

 

 

16 наурыз, 2015 - 12:04 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші