check

You are here

ПРОЕКТ ЗАКОНА РК "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обязательного социального медицинского страхования"

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

 

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

 міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж.,                       № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14,                   274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6,              50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат;                № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2,                   3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат;                2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат;       2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1,                  4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар;                  2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19,                   88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат;                № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3,                  32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8,              64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22,                      124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; 2015 жылғы 21 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, шарттық міндеттемелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1)      51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) екінші кезекте - Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актісіне сәйкес талаптар сомаларының бір бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы төлеу және өтемақыларды, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектерді төлеу жөніндегі, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысулар жүргізіледі;»;

2)      52-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен міндетті жарналарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi сот белгілеген оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.».

 

2. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8,                52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2,                       19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат; 2009 ж., № 15-16,                74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат;                № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6,     50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14,               93-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат;                    № 13, 64-құжат; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 6,                       9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж. №8, 43, 44-құжаттар):

159-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына (олар бойынша өсімпұлдарға), зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне  тыйым салуға жол берілмейді.».

 

3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж.,  № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11,     102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20,          151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3,         21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13,    91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж.,    № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11,        56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16,        83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63,           69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 35-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

«1-2) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының трансферттері»;

мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары мен оралмандар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының трансферттері болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

2) 53-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер;»;

3) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Инкассалық өкім соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына, бұйрықтарына сәйкес берілген, сондай-ақ пайда болған салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар немесе әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда пайда болған берешекті өтеуге байланысты атқару парағын немесе бұйрықты республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеменің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісінің мәжбүрлі түрде орындауына негіз болып табылатын құжатты білдіреді. Инкассолық өкім республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде тиісті қаржы жылына мемлекеттік тапсырманы орындау үшін немесе жарғылық капиталдарын ұлғайтуға (қалыптастыруға) қаражат көзделген мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісі төлемінің негізділігін растайтын құжат болып табылады.»

4) 100-баптың 2-тармағында:

2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банк қызметін көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерін қоспағанда, осы өкімдер ұсынылған шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтары бойынша инкассолық өкімдер орындалғанға дейін;»;

«4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салықтық және әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару, банк қызметін көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;».

 

4.  «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II,                112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16,                  74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14,               117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21,                     161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар;                          № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат;                  № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12,                   82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21,                  122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат;                  2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы  8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;        2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы  2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1)      мазмұнында  438, 446, 591, 592, 594 және 598-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

«438-бап.  Жекелеген салық түрлерiн, мiндеттi зейнетақы жарналарын,

                    мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк

                    аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға

                    аударымдар мен жарналарды төлеу ерекшелiктерi»;

 «446-бап.  Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң

                    жекелеген түрлерiн, әлеуметтiк аударымдарды,  міндетті

                    әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен

                    жарналарды төлеу және мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару

                    мерзiмдерi»;

 «591-бап.  Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң,

                    мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы

                    жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың, міндетті

                      әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен

                      жарналардың есепке жазылған сомаларын есепке алу»;

 «592-бап.  Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықтарды және

                    бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, мiндеттi

                     зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы

                     жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды,  міндетті әлеуметтік

                     медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды 

                     есепке алу»;

 «594-бап.  Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер,

                    мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы

                    жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік

                    медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар 

                    бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу»;

 «598-бап.  Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi

                     кәсiптiк зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар,

                     міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

                     мен жарналар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы

                     мәлiметтердi беру тәртiбi»;

2)      13-баптың 1-тармағының 7) және 8-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«7) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;»

«8-1) сауал бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешектің, жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер алуға;»;

3)      18-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      «2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары), Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды (бұдан әрі -  әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар) есептеудің, ұстап қалудың және аударудың, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – әлеуметтік аударымдар) есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;»;

4)      19-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) салық төлеушіден (салық агентінен, оператордан) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстаудың және аударудың) уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын растайтын құжаттарды, салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсіндірмелерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент - салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілігін беруін талап етуге;»;

5)      20-баптың 1-тармағының  3), 4), 11), 12-1), 15), 16) және 20)  тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) салық төлеушінің (оператордың) - салық міндеттемесін, салық агентінің (оператордың) салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті осы Кодексте белгіленген тәртіппен орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асыруға;

4) салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, есептелген, есепке жазылған және төленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есептелген, ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, есептелген және төленген әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есепке алуды жүргізуге;»;

«11) осы Кодексте көзделген мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы жөнінде салық төлеушіге (салық агентіне, операторға) хабарлама және (немесе) осы Кодексте белгіленген жағдайларда оның көшірмесін беруге;»

«12-1) осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беруге;»;

«15) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішін алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оның жеке шотынан салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысу жай-күйі туралы үзінді көшірме беруге;

16) көрсетілген ақпарат үшін салық органына өтініш жасалған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу жөніндегі төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, бюджетке төленуге жататын өсімпұлдар мен айыппұлдарды, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару тәртібі туралы ақпарат беруге;»;

«20) салық төлеушінің талап етуі бойынша - салық міндеттемесінің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі, салық агентінің талап етуі бойынша салықты есептеу және аудару бойынша міндеттің орындалуы жөніндегі есеп-қисапты салыстыруды жүргізуге, жеке шотқа осы Кодексте көзделген тәртіппен түзетулер енгізуге;»;

6)      31-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтуші салық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.»;

7) 37-бапта:

        3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»

11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап және таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  төлеу бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару бойынша міндеттер туындаған жағдайда, таратылатын заңды тұлға осындай салық міндеттемесін, міндетті осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық органының хабарламасы негізінде орындауға міндетті.

12. Құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн таратылатын заңды тұлға орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:

1) тарату балансын;

2) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етедi.

Таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды бiр мезгiлде мынадай талаптар:

1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешегінің болмауы;

2) салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомаларының болмауы;

3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомаларының болмауы;

4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсуiнiң болмауы;

5) кеден органдары алатын кедендiк баждарды, салықтарды, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүргiзуге арналған орындалмаған салықтық өтiнiштiң болмауы сақталған жағдайда, құжаттамалық тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.

Салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi, салықтардың, төлемдердiң және өсiмпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған және (немесе) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273 және 274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетiлген құжаттарды:

1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, төлемдердiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;

4) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы осы Кодекстiң 273 және               274-баптарына сәйкес қайтарылуға жататын есептелген салық сомасынан асып түсудi қайтарған күннен;

5) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтарған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;

8) 37-1-бапта:

 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Таратылатын заңды тұлға салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн мерзімнен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі салық органына табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»

6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша есеп айырысудың жай-күйі.»

11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Таратылатын заңды тұлға салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешегі болмаған жағдайда, камералдық бақылау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етеді.»

12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек болған жағдайда таратылатын заңды тұлға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою шартымен салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы баптың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс етеді.

13. Осы баптың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар табыс етiлгеннен және осы баптың 11 және 12-тармақтарында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде, таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтер жiбередi.»;

9) 37-2-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте, егер салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаса, таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер мұндай міндеттемелерді аудиторлық ұйым салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осындай салық төлеушіге тапсырған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауға тиіс.»;

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Таратудың салық есептілігі таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды аударады.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын жағдайда, төлеу (аудару) салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;

6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық төлеуші салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.»;

8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

 «8. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында белгіленген ережелер орындалған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек болмаған жағдайларда, сондай-ақ салық органы жүргізген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған кезде таратылатын заңды тұлға орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

1) тарату балансын;

2) банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын табыс етеді.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарды таратылатын заңды тұлға салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде табыс етеді.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек болған жағдайларда, таратылатын заңды тұлға осы тармақта көрсетілген құжаттарды камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жойған жағдайда салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде табыс етеді.

9. Осы баптың 8-тармағында белгiленген ережелер орындалғаннан кейiн салық органы заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептiк тiркеудi, қайта тiркеудi, есептiк тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органға осы Кодекстiң 598-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде таратылатын заңды тұлға бойынша салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтерді жiбередi.

10. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешек болмаған немесе өтелген, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылған жағдайда камералдық бақылау жүзеге асырылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.»;

13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген, салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешекті төлеу (аудару) мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.»;

10) 38-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Таратудың салық есептілігі заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі дербес төлеуші болып танылған салықтың, төлемақының түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған салық кезеңінің басынан бастап қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;

 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі осы баптың 2-тармағында көзделген таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, төлемақыларды, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Егер заңды тұлғаның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшесі салықты, төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды дербес төлеуші болып танылмаса, таратудың салық есептілігі табыс етілмейді.

5. Қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешегі осы құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлғаның ақшасы есебінен өтеледі.

6. Салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар    бойынша берешек толық көлемде өтелгеннен кейін қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшені құрған заңды тұлға осы құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық органына банктің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметі тоқтатылатын құрылымдық бөлімшенің бар банктік шоттарының жабылғаны туралы анықтамасын табыс етеді.»;

11) 39-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Таратудың салық есептілігі қосылу, бірігу жолымен қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар    бойынша осындай есептілікті тапсыру міндетті туындаған салық кезеңі басталған сәттен бастап оны салық органына табыс ету күніне дейінгі кезең үшін жасалады»;

12) 40-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға таратудың салық

есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.

Таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.»;

5-тармақта:

төртінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «1) салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешегінің болмауы;»;

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешегі, салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың артық төленген сомалары, салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары болған кезде осы тармақта көрсетілген құжаттарды:

1) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешегі өтелген күннен;

2) салықтардың, төлемдердiң, өсiмпұлдардың артық төленген сомалары қайтарылған күннен;

3) салықтардың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмпұлдар мен айыппұлдардың қате төленген сомалары қайтарылған күннен;

4) кеден органдары алатын кедендiк баждардың, салықтардың, кедендiк алымдар мен өсiмпұлдардың артық (қате) төленген сомалары қайтарылған күннен кейiн келетiн күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде табыс етедi.»;

13) 41-бапта:

 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

«2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады.»

3, 8 және 10-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3.   Қызметін тоқтататын дара кәсіпкер таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;

«8. Қызметін тоқтатқан дара кәсіпкердің салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген жағдайда орындалды деп есептеледі.»;

«10-1. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;

14) 42-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;

7 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:      

 «7. Қызметін тоқтатқан жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық міндеттемесі құжаттық тексеру аяқталғаннан кейін және салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешегі болмаған немесе олар, оның ішінде құжаттық тексеру нәтижелері бойынша қалыптасқан берешегі осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде өтелген кезде орындалды деп есептеледі.»;

«10. Осы Кодекстің 608-бабында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешектің болуы жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;

15) 43-бапта:

 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Таратудың салық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды жүргізеді.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;

7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қорытындыда камералдық бақылаудың нәтижелері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша есеп айырысудың жай-күйі көрсетіледі.»;

12-тармақ  мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Салық төлеушi салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешекті төлеуді (аударуды) камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды жасалған немесе хабарлама орындалған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.»;

13-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) бұзушылықтар болған және салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешегі болмаған кезде – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осындай бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған;

3) салық берешегі болған кезде және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар толық көлемінде жойылған жағдайда – салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешегі өтелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.»

13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы баптың 12-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген салық берешегiнің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешектің болуы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.»;

16) 43-1-бапта:

  2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандар болып табылатын дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.»;

3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Таратудың салық есептілігі қызметті тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.»;

4-тармақта:

бірінші, екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару салық органына таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер таратудың салық есептілігінің алдында табыс етілген салық есептілігінде көрсетілген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін басталатын болса, онда оларды төлеу (аудару) таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.»;

төртінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тартады және уәкілетті органның интернет-ресурсында ақпаратты орналастырады.»;

6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде – салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Салық органы осы бапқа сәйкес дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылғаннан кейін талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, дара кәсіпкер ретінде тіркелу кезеңінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша салық міндеттемелерін есептеуді жеке тұлға оларды төлеу жөнінде міндеттемелер туындаған кезде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.»;

17) 63-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық есептілігі – салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық қызметі органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.»;

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар   бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есептеулерін, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 – 67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.

3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бастапқы есептілік – салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  есептеу мен төлеу бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар    есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңі ішінде салық салу объектілері шығып қалған жағдайда - салық кезеңінің қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;

Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;

3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;

5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.»;

18) 67-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің, сондай-ақ дара кәсіпкердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың өз пайдасына төлеуіне жататын (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімдерін қолданатындарды қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды    төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация:

1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары;

2) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың  сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.»;

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация салық агенттері үшін мынадай:

1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар   есептелетін табыстары;

2) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың  есептелген сомасынан асып түскен сомалары;

3) салық агенті шегерімге жатқызған, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың есепке жазылған, бірақ төленбеген, жеке табыс салығы есептелетін табыстарының сомасы;

4) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың  сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

19) 69-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық есептілігін жою әдісімен кері қайтарып алу кезінде тіркеу есебінің орны бойынша салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында кері қайтарып алынатын салық есептілігі бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есептелген (азайтылған) сомаларына түзету жасауды жүзеге асырады.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде - тексерілетін салық кезеңінің;»;

20) 70-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралы заңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі міндетті түрде көрсетіледі.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс еткен кезде салық төлеуші (салық агенті) немесе осы Кодекстің 586, 587-баптарына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған салықтың, басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың сомалары салық төлеушiнi (салық агентiн) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартпай бюджетке енгізілуге жатады.»;

5-тармақтың  1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тексеру жүргізуге арналған нұсқамада көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша кешенді және тақырыптық тексерулерді жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтата тұруды ескере отырып) - тексерілетін салық кезеңінің;

 2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің;»;

21) 72-бапта:

3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша – декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу мерзімін өзгертпейді.»;

22) 73-бапта:

1-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша салық есептілігін табыс етеді. Егер кезекті салық есептілігін табыс ету мерзімі салықтық өтініш табыс етілгеннен кейін басталатын болса, онда осындай кезекті салық есептілігін табыс ету салықтық өтініш табыс етілетін күнге дейін жүргізіледі;»

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық төлеушіде (салық агентінде) өтініш берілген күні салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешегі болған;»;

23) 74-бапта:

3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

«3-1 Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм өтініш берілген күні салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешегі болған немесе салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық есептілігін табыс етпеген жағдайда қабылданады.»;

24) 77-баптың 4-1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жеке тұлғалардың төлем көзiнен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөнiндегi салық мiндеттемелерiн, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар есепке алу жөнiндегi мiндеттемелердi есепке алу бойынша;»;

25) 100-бап мынадай мазмұндағы 14-2-тармақпен толықтырылсын:

«14-2.  Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленген аударымдар бойынша салық төлеушінің шығыстары шегерімге жатады.»;

26) 155-баптың 3-тармағының  17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:  

«17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды уақтылы ұстамағаны (есебіне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебіне жазылған өсiмпұл сомалары;»;

27) 166-баптың 1-тармағында:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы баптың  6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар, ауру жағдайында сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомалары (мерзімдік сақтандыру жарналары – егер шарттар сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда);»;

 мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар сомасы;»;

30) 432-баптың 1-тармағының бірінші және үшінші бөліктері   мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Патент құнына жеке табыс салығының (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа), әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың төленуге жататын сомалары қосылады.»;

«Патент құнына қосылатын міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  есептеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»,   «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.»;

31)  438-бап  мынадай редакцияда жазылсын:

«438-бап. Жекелеген салық түрлерiн, мiндеттi зейнетақы 

                  жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы  жарналарын,  

                  әлеуметтiк аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық

                  сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу

                  ерекшелiктерi

Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтiк аударымдар сомаларын төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аудару есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу есепті салық кезеңiнен кейiнгi   айдың 25-інен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.»;

32)   446-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«446-бап.  Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң

                   жекелеген түрлерiн, әлеуметтiк аударымдарды,  міндетті

                   әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен

                   жарналарды төлеу және мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару

               мерзiмдерi»;

1-тармақтың бірінші абзацы  мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бірыңғай жер салығын, әлеуметтік салықты, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мынадай тәртіппен:»;

33) 447-баптың  бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есептелген сомалары көрсетіледі.»;

34) 556-баптың 3-тармағының  1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды   есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;»;

35) 557-баптың 3-тармағының  12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) Қазақстан Республикасының заңнамасында салық құпиясын құрайтын салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер беру көзделген мемлекеттік органдарға және (немесе) тұлғаларға береді;»

36) 581-бапта:

1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдік пен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.»

3) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: 

«3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.»

7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:  

«7) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың сомаларын:

төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;

төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;

банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;»;

«9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;»;

37) 588-бапта:

 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «1. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;

2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«кейіннен дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;»;

3-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есептелген, кемітілген сомасы болып табылады.»;

 4-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша салық органы есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есептелген сомасы болып табылады.»;

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың түрлері бойынша жүргізіледі.

6. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) дербес шоты бiрыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргiзiледi.»;

38)  589-бапта:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында және салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.

Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін дербес шоттың сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес шотта көрсетілген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар   сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды алып тастағанда) мен есептелгендері, қоса есептелгендері (кемітілгендерін алып тастағанда) арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.

3. Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.»

39) 590-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарындағы салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу салық есептілігі, тауарлар декларациясы деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.»

40) 591-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«591-бап.  Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң,

                   мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы

                   жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың, міндетті әлеуметтік

                   медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың

                   есепке жазылған сомаларын есепке алу»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:

 1) салықтық тексеру нәтижелері туралы;

 2) тарату салықтық есептілік ұсынылған күннен бастап салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша міндеттемелердің есепке жазылған сомалары туралы:

3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижесі бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы (бұдан әрі осы баптың мақсатына орай осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есептелген сома – есептелген сома) хабарламалардың негізінде жүргізіледі.»;

41) 592-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«592-бап.  Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықтарды және

                   бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, мiндеттi

                   зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы

                   жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды,  міндетті әлеуметтік

                   медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды

                   есепке алу»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылған және қайтарылған сомаларын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:

1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені бойынша;

2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

4) қате төленген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешектерді өндіріп алу сомалары бойынша төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.»;

42) 593-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есептеледі.»

43) 594-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«594-бап.  Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер,

                    мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы

                    жарналары және әлеуметтiк аударымдар, міндетті әлеуметтік

                    медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар

                    бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып тексеру актісі беріледі.»

44) 595-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты құжаттары дербес шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.»;

45) 598-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«598-бап.  Салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi

                    кәсiптiк зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар,

                    міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар

                    мен жарналар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi

                    туралы мәлiметтердi беру тәртiбi»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған жері бойынша «электрондық үкіметтің» веб-порталы; салық органдарының ақпараттық жүйелерінің веб-қосымшасы; халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар   бойынша берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер (осы баптың мақсаты үшін – берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) алу үшін сауал беруге құқылы.»;

46) 607-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.»;

2-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есепке жазылған сомалары туралы – тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрмей;

4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салық төлеуші осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауға тиіс.»;

3-тармақтың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы – осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;

 6) салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;»

47) 608-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2)-4), 7)-9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелер салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.»

3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық төлеуші осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген таратудың салықтық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламалармен толық келіскен жағдайда, салық төлеуші хабарламаларда көрсетілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды аудару бойынша міндеттемелерді орындау туралы растайтын құжаттармен қоса осындай келісу туралы өтінішті табыс етеді.»;

48) 611-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;»;

49) 612-баптың 1-тармағының  екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:

банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға кейiннен оларды салық берешегiн, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар  бойынша берешектердi өтеу есебiне аудару үшiн ақша тапсыру;

банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердің қолма-қол ақшасын беруі бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;

50) 627-баптың 5-тармағында:

1) тармақша  мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кешенді тексеру - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiнің орындалуы, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі мен аударылуы және әлеуметтік аударымдардың,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі бойынша салық органы салық төлеушіге қатысты жүргізетін тексеру.»

2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуi, ұсталуы мен аударылуы, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың толық және уақтылы есептелуi мен төленуi;»

51) 632-баптың 3-тармағының 2) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын толық және уақытылы есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды толық және уақтылы есептеу және төлеу;» ;

«7) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаларды есептен шығару бойынша операцияларды жүзеге асырған күні салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомасын уақтылы аудармауы, аудармауы (есепке алмауы) және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың кассаларына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу есебіне қолма-қол ақшаларды қабылдамауы;»;

52) 637-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Егер тарату салықтық есептілігі алынған күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды  есептеу және төлеу міндеттемелері туындаған жағдайда, мұндай міндеттемелер салықтық тексеру актісіне қосымшада өсімпұл есептелмей және айыппұл санкциялары қолданылмай көрсетіледі.»;

53) 638-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салықтық тексеру аяқталған соң салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды және өсімпұлдарды есептеу және төлеу, залалдарды азайту, бейрезиденттердің табысынан төлем көзінен ұсталған қосылған құн салығының және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кеткен сомаларын қайтарудың расталмауы бойынша міндеттемелер сомаларын есептеуге әкеп соқтыратын бұзушылықтар анықталған жағдайда салық органы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарады, ол осы Кодекстің 607-бабына сәйкес белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жіберіледі.»

3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің және өсiмпұлдардың есептелген сомасы;»

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Осы Кодекстің 637-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің сомасы осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге жіберілген тарату салық есептілігін беру күнінен бастап тарату салықтық тексеруді аяқтау күніне дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың есепке жазылған сомалары туралы хабарламада көрсетіледі.»;

54) 657-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғыларды дамытуға жәрдемдесу (материалдық көмектен басқа) арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.»

55) 664-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды;».

 

5. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар;                 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15,                       97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7,  36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72,                           75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10,                      52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат;                        № 7, 33-құжат; № 10, 48-құжат):

1) 1-бапта:

16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16-1) бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканың сатып алынуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

мынадай мазмұндағы  42-1),   57-3) және 57-4) тармақшалармен толықтырылсын:

«42-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  – мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға   жарналарын, жұмыс берушілердің аударымдарын және жеке тұлғалардың жарналарын шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;»;

«57-3) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін, кенеттен   болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі медициналық көмек;

57-4) жоспарлы медициналық көмек – шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті қажет етпейтін профилакатикалық іс-шаралар, аурулар мен жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;»;

 70) және 74)  тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«70) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ емделмейтін аурулардың ауыр белгілерін жеңілдетуге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;»;

«74) медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;»;

мынадай мазмұндағы 74-1)   тармақшамен толықтырылсын:

«74-1) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін мамандандырылған медициналық көмек қызметтері;»;

2) 2-баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшалары   мынадай редакцияда жазылсын:

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының күшi:

1) міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және  міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

3) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде және  міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінде дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнiндегi жөніндегі көрсетілетін қызметтерді  сатып алу;

4) міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінде тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алу;

5)   дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттiк тiркеу және олардың қауiпсiздiгi мен сапасын бағалау кезiнде сараптаманы жүзеге асыру үшiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу бөлiгiнде қолданылмайды.»;

3) 7-баптың 1-тармағында:

22), 75) және 81)  тармақшалар алып тасталсын;

123) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 124), 125) және 126) тармақшалармен толықтырылсын:

«124) жоғары технологиялы медициналық қызметтерді ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;

125) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтер мөлшерін, сондай-ақ оларды қалыптастыру әдістемесін бекіту және әзірлеу;

126) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін қалыптастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;»;

4) 9-баптың 2-тармағының  4-1) тармақшасы алып тасталсын;

5) 10-баптың  6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтерді және  тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;»;

6) мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын:

«11-2-бап.  Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия

1.        Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия клиникалық хаттамаларды, медициналық білім, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.

2.        Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылатын болады.

3.        Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру тәртібін, ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.»;

7) 23-баптың 1-тармағы  мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;»;

8) 24-баптың  2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері үшін - бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен  шарт негізінде жүзеге асырылады.»;

9) мынадай мазмұндағы 33-1-баппен толықтырылсын:

«33-1-бап. Медициналық көмектің көлемі

Медициналық көмек мынадай көлемде ұсынылады:

1) базалық – осы Кодекстің 34-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі;

2) медициналық көмектің мыналарды:

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде  медициналық көмекті;

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі;»;

10) 34-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі   бюджет қаражаты   есебінен ұсынылады.

2.  Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:

1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;

2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек құқығына ие емес тұлғаларға, сонымен қатар әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде қамтитын амбулаториялық-поликлиникалық көмек:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;

3)  стационарлық медициналық көмек:

уәкілетті орган айқындайтын аурухана жатқызу жағдайларында, жоспарланатын сапа шеңберінде  алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медицина ұйымының жолдамасы бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың болуына қарамастан стационарлық-медициналық көмек;

4) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде  медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медицина ұйымының жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

5) профилактикалық егулер кіреді.»;

11) 35-баптың 2-тармағында:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;»;

12) 38-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызмет;»;

13) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«42-бап. Жоғары технологиялы медициналық қызметтер

1. Жоғары   технологиялы медициналық    қызметтерді көрсететiн медициналық ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

14) 44-баптың 7) және  8) тармақшалары алып тасталсын;

15) 45-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі азаматтарға медициналық ұйымды таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрғылықты және (немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.»;

16) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Консультациялық-диагностикалық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық қызметтер қолданылатын  медициналық көмек.»;

17) 47-баптың 1-тармағы  мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, мамандандырылған,    оның ішінде жоғары технологиялы медициналық қызметтер қолданылатын медициналық көмек ұсыну нысаны.»;

18) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Стационарды алмастыратын көмек - медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті және  мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.»;

19) 58-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүргізеді.»;

20) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«76-бап. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген

               көлемiн  және тегiн медициналық көмектiң қосымша

               көлемiн  көрсетуге арналған дәрiлiк заттар мен

               медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу

1. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн және тегiн медициналық көмектiң қосымша   көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттар халықаралық патенттелмеген атауымен сатып алынады. Көп компоненттi дәрiлiк зат сатып алынған жағдайда оның құрамы көрсетiледi.

2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатын және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын  оңтайлы және тиiмдi жұмсау мақсаттарында дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкiлеттi орган белгiлегеннен аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.»;

21) 88-баптың 1-тармағының 2), 3) және  4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын

«2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;

3) «Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шарттармен медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті   таңдауға;

4) өздерінің жеке қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша медициналық қызметтерге;»;

22)  90-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар төлеуге;»

4-тармақ 16) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

«17) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар  және (немесе) жарналар төлеуге міндетті.»;

23 мынадай мазмұндағы 185-1 бабымен толықтырылсын:

«185-1. Өтпелі ережелер

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Кодекстің 34-бабының 2 тармағының 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«1) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде қамтитын амбулаториялық-поликлиникалық көмек:». 

 

 

6. 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143 құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1,  2-құжат; № 2, 6-құжат;  №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат;   2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы  8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 5 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мазмұны мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:

«92-1-бап.  Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу»;

2) 44-баптың 1-тармағы  10) тармақшадағы «сомасының пайызымен көрсетiледi.» деген сөздер «сомасының;» деген сөзбен ауыстырылып,  мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төлендеген (аударылмаған) сомасының  пайызымен көрсетiледi.»;

3) мынадай мазмұндағы 92-1-баппен толықтырылсын:

«92-1-бап.  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзу

1. Міндетті әлеуметтік аударымдар мен жарналарды төлеушінің Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді:

1) мемлекеттік кіріс органына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға   аударымдар мен жарналарды төлеушілердің тізімдерін ұсынбау;

2) жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлемеуі, (аудармауы), уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы) түрінде жасалған орындамауы не тиісінше орындамауы – ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -

жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болып табылмайтын өз бетінше жұмыспен қамтылған тұлғаларға, шағын кәсіпкерлері субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударлмаған) аударымдар мен жарналар сомасының жиырма,   орта кәсіпкерлік суъектілеріне -  отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу пайыз мөлшерінде айыппұл салуға  әкеп соғады.

3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:

1)  Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік кірс органдарының өкімі бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеушінің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпау;

2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың және өсімпұлдардың сомаларын алуға мемлекеттік кіріс органдарының инокассолық өкімдерін  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындамау түріндегі жасалған орындамауы -

 Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді  орындамау кезеңінде төлеушілердің банктік шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының беспайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе.

Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаттары үшін тұлға, егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар мен жарналардың сомасы заңға сәйкес белгіленетін, әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні  қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.»;

4)  220-баптың ескертпесі  мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпе.

Осы баптың талаптары осы Кодекстің 91-бабының сегізінші бөлігінде,               92-бабының төртінші бөлігінде, 92-1-баптың үшінші бөлігінде, 285-бабында жауаптылығы көзделген әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.»;

5) 285-баптың 3-тармағының  2)  және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін төлем құжаттарын дұрыс көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірімен қабылдау;»;

«5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды аудармау (есебіне жатқызбау), уақтылы аудармау (есебіне жатқызбау) не банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық орындауын жүзеге асыратын басқа да ұйымға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінан төлем құжатындағы деректемелерді толтыру кезінде қате жіберу;»;

6) 720-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 286, 287, 288, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557 және 558-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;

7) 807-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстiң 74, 75, 76, 78, 81, 82, 82-1, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 92-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130 және 132-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;».

 

7. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы                                19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж.,                 № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж.,                № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24,                116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; №21, 118--құжат):

7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«7-бап. Денсаулық сақтау

«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ерікті медициналық сақтандыру полисі болған кезде көрсетіледі.».

 

8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат;   № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14,                       205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5,                      31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж.,                № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат;                 № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7,                 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6,              50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24,                     196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13,                 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат;              № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж. №8, 45-құжат;  

1) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қордың меншікті активтерінен басқа, зейнетақы активтерiн, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін  қоспағанда, жеке және заңды тұлғаның банктегі ақшасы мен басқа да мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.»;

2)  74-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тарату конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу мен сақтау үшiн кастодиан-банкке сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау мен есепке алу үшін сеніп тапсырылған зейнетақы активтерi, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының,   ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлік инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.»;

3) 74-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 

«4) төртінші кезекте депозиттер, оның ішінде таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етуге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері,  зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;».

 

9. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4,                66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж.,               № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10,                      77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат, № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңы):

14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешекті өндіріп алуға мемлекеттік кіріс органдарының инкассолық өкімдері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар төлеушілердің тізімдері қоса беріле отырып, банктерге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына беріледі.».

 

10. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат;                  № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12,              86-құжат, № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5,                  23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8,   64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11,                    61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):

5-баптың 2-тармағының он сегізінші абзацындағы «операторлар жатады.» деген сөздер «операторлар;» деген сөзбен ауыстырылып,  мынадай мазмұндағы он тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жатады.»;

 

11. «Сақтандыру қызметi туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар;  № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат;                  2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13,                   91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II,                    94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат):

1-бап  мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Осы Заң міндетті әлеуметтік сақтандыруға байланысты қатынастарды реттемейді.».

 

12. «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11,                      102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1-баптың  2-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-2) медициналық туризм – тұратын жерiнiң шегiнен тыс жерде мамандандырылған   медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алумен демалысты бiрiктiру көзделетiн туризм түрi;».

 

13. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2,                       13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңы):

3-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатпайтын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруын қоспағанда, ақша төлемі мен   аударымдарын  жүзеге асыру, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды аудару, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн орындау;».

 

14. «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж.,   № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат;                  № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар;                  2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12,      83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15,    76-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6, 9-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат;                 № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1-баптың 18) тармақшасы  мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;».

 

15. «Бәсекелестiк туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13,                   91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11,      56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14,                  84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):

32-баптың 6-тармағы  мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының,  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне қолданылмайды.».

       

        16. «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» 2009 жылғы                     28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж.,               № 10-11, 56-құжат):

        1) 3-баптың 1-тармағы  мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

        «4-1) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;»;

        2) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

        «14-1) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналар енгізу, аудару.».

 

        17. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат;               № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат;                2012 ж., № 6, 43-құжат;  № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5,  24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат;                 № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат):

        98-баптың 14) тармақшасындағы «жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.» деген сөздер «жинақтарынан;» деген сөзбен ауыстырылып,  мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

        «15) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен өндіріп алуға болмайды.».

 

        18. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9,                      14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11,                80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20,                      121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат;                  № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат;               2014 ж.,  № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61,  67-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат;                 № 21,  122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат):

        3-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

        «2-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауға;»;

көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағының 53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «53) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың  толық және уақтылы аударылуына;».

 

19. «Халықтың көшi-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5,41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15,                      97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 6 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизмге және терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 35-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.»;

2) 39-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына;»;

3) 41-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуына міндетті.»;

4) 43-1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, стационарлық көмекті жабатын медициналық сақтандыруының болуы  тиіс.».

 

20. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):

1) 1-бапта:

10) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«еңбек шарттары бойынша еңбекақы төлеу және өтемақыларды,                    сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;»;

12) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«12) дәрменсiздiк – кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот белгiлеген қабiлетсiздiгi;»;

«18) кредитор – еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша,  авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзiнiң өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;»;

2) 5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу, алименттердi өндiрiп алу, еңбекақы төлеу, еңбек шарттары бойынша өтемақылар, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар жөнiндегi, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар жөнiндегi кредиторлар алдындағы мiндеттемелерi оларды орындау мерзiмi басталған кезден бастап үш ай iшiнде орындалмаған және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен кем емес соманы құрайды;»;

3) 29-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Өмiрге немесе денсаулыққа зиян келтiргенi үшiн борышкер жауаптылықта болатын азаматтардың талаптарын қоспағанда, борышкерге қатысты жеделдетiлген оңалту рәсiмi бiртектi кредиторлар тобы (топтары) алдындағы мiндеттемелер бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналар және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналар,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша қолданылады.»;

4) 77-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) төлеу мерзiмi оңалту рәсiмi қолданылғаннан кейiн басталған, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жүрген адамдармен өтемақыларды және еңбекақы төлеу бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар дытөлеу бойынша, авторлық шарттар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар жүргiзiледi;»;

5) 100-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2. Бiрiншi кезекте өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша; алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы мен өтемақыларды төлеу бойынша; авторлық шарттар жөнiндегi сыйақыларды төлеу бойынша талаптар қанағаттандырылады.

Бiрiншi кезектегi талаптарды өтеу осы тармақта жазылған тәртiппен жүзеге асырылады.

Кредиторлардың өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянның орнын толтыру бойынша талаптарын өтеу үшiн мүлiк жеткiлiксiз болған кезде мүлiк олардың тiзiлiмге енгiзiлген талаптарының сомаларына пропорционалды түрде олардың арасында бөлiнедi. Осы бөлiк ережелерi кредиторлардың алименттердi өндiрiп алу бойынша; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешектердi төлей отырып, еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы мен өтемақыларды төлеу бойынша; авторлық шарттар жөнiндегi сыйақыларды төлеу бойынша талаптарын өтеу кезiнде қолданылады.»;

6) 101-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар және мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша,  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша кредитордан басқа кредитор оны банкроттықты басқарушы ұсынған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен аспайтын мерзiмде мүлiктi талапты өтеу есебiне заттай қабылдау туралы өзiнiң жазбаша келiсiмiн (келiспейтiнiн) бiлдiруге тиiс. Кредитордың жазбаша келiсiмiн белгiленген мерзiмде ұсынбауы мүлiктi заттай қабылдаудан бас тартуы болып танылады.».

 

 

21. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 10, 49-құжат):

1) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«30-бап. «Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген

                 көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты

«Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген  көлемi» ең төмен әлеуметтік стандарты мынадай  нормалары мен нормативтерді қамтиды:

1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация;

2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек құқығына ие емес тұлғаларға, сонымен қатар әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде қамтитын амбулаториялық-поликлиникалық көмек:

алғашқы медициналық-санитариялық көмек;

алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;

3)  стационарлық медициналық көмек:

уәкілетті орган айқындайтын аурухана жатқызу жағдайларында, жоспарланатын сапа шеңберінде  алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медицина ұйымының жолдамасы бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың болуына қарамастан стационарлық-медициналық көмек;

4) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде  медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медицина ұйымының жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

5) профилактикалық егулер кіреді.»;

2) 38-1-бабымен келесі редакцияда толықтырылсын:

«38-1-бап. Өтпелі ережелер

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Кодекстің 30-бабының 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«2) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде қамтитын амбулаториялық-поликлиникалық көмек:». 

 

2-бап.  Осы Заң,  2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 9), 10) тармақшаларын, 21-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізіледі.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының

      Президенті

 

 

Бөлімдер:
2 қазан, 2015 - 11:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші