You are here

3-компонент «Жобаны басқару, мониторингілеу және бағалау»

3-компонент «Жобаны басқару, мониторингілеу және бағалау» Жобаны басқару, мониторингілеу және бағалау іс-шаралары бойынша қолдау көрсетуге, операциялық шығыстарды қаржыландыруға, Ақпараттық-түсіндіру науқандарына бағытталған.   

3.1. шағын компонент «Операциялық шығыстар, тауарлар, қызметтер»

Осы компонент Жобаны басқару, сондай-ақ операциялық шығыстарды қаржыландыру бойынша қолдау көрсететін болады.    

3.2. шағын компонент «Жобаны мониторингілеу және бағалау, Ақпараттық-түсіндіру науқаны»

Осы компонент шеңберінде жүзеге асырылатын негізгі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

1.     Мониторингілеу және бағалау

2.     Ақпараттық-түсіндіру науқаны

3.     Кері байланыс және проблемаларды шешу тетігі

4.     Жетістіктер үшін Марапаттау рәсімдері

5.     Нәтижелерді қадағалау жөніндегі зерттеулер және жұмыс берушінің қанағаттанушылығын зерттеу

Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер оқытуды қажет ететін кәсіпорын қызметкерлерінің өнімділігіне оқыту ықпалының мәніне тексерілетін уақытта жұмыссыздар мен өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған адамдарды жұмысқа орналастыру нәтижелері оқытудан өткеннен кейін 6 айдан 12 айға дейін бағаланатын болады. Нәтижелерді қадағалау жөніндегі зерттеулер барысында жиналған деректер жұмыспен қамту және еңбек өнімділігі нәтижелеріне оқытудың қысқа мерзімді ықпалын анықтауға мүмкіндік береді және ЕНАЖ нығайтуға ықпал ететін болады, 2-компонент шеңберінде оқыту қызметтерін жеткізушілердің алдын ала біліктілік тізбесін қалыптастыру үшін кері байланысқа жәрдемдесетін болады.         

 Жобаны мониторингілеу Жоба мақсаттарының индикаторларына сәйкес жүзеге асырылады:

Жоба Мақсатының Индикаторлары

1.      

Тіркелген кәсіптік стандарттардың негізінде жетілдірілген ТжКБ және жоғары білім беру бағдарламаларының үлесі

2.      

Оқыту аяқталғаннан кейін 6 ай өткенде жұмысқа орналастырылған жұмыссыз бенефициарлардың үлесі, бақылау тобына қатысты (%-бен)

3.      

Оқыту аяқталғаннан кейін 6 ай өткенде жұмысқа орналастырылған жұмыссыз бенефициар әйелдердің үлесі, бақылау тобына қатысты (%-бен)

4.      

Оқыту аяқталғаннан кейін бір жыл өткенде кірістері (нақты көріністе) ұлғайған өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған бенефициарлардың үлесі,

бақылау тобына қатысты (%-бен)

5.      

Оқыту аяқталғаннан кейін бір жыл өткенде кірістері (нақты көріністе) ұлғайған өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған бенефициар әйелдердің үлесі, бақылау тобына қатысты (%-бен)

6.      

Жоба шеңберінде қаржыландырылған оқыту нәтижелерімен қанағаттандырылған кәсіпорындардың үлесі (%-бен)

 

28 маусым, 2016 - 22:35 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші