You are here

2005-2015 жылғы Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы

2005-2015 жылғы Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау барысы туралы

Р/с
Р/с
ЖҰЖ- да.
Іс-шараның атауы
Аяқталу нысаны
Жауапты орындаушылар
Орындалу мерзімі
 
 
Қалданылған шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер

2008 жылғы ЖҰЖ (ҚР Президентінің 2008 жылғы 14.02-дағы № 535 Жарлығы)

1.

66.

Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң жаңа моделiн және фармацияға мемлекеттiк стандарттарды енгiзу

Президент
Әкiмшiлiгiне
ақпарат

ДСӘДМ, ИДМ, Астана және Алматы қа- лаларының, облыстардың әкiмдерi

жыл сайын, 2009-2010 жж. қаңтар

Дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң жаңа моделiн енгiзу бөлігінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 61-26.65 қарары бойынша аталған тапсырма бақылаудан алынды. 

Фармацияға мемлекеттiк стандарттарды енгiзу бөлігінде тапсырма ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы тапсырма орындау мақсатында дәрілік заттардың айналымы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылданды. 2018 жылдан бастап (GMP, GCP, GDP, GPP, GVP) тиісті фармацевтикалық тәжірибе стандарттарын міндетті түрде енгізу шаралары қарастырылды.

Ұлттық фармацевтикалық инспектораты құрылды.

Республикада қазіргі таңда:

GMP стандарттары 11 дәрілік заттарды өндірушілерінде (21 өндірістік алаңдары);

GDP – 2257 дәріханалық қоймалардың ішінен 44 дистрибьюторларында;

GPP – 23 дәріханада;

ISO – 14 медициналық бұйымдарды өндірушілерінде бар.

2011 жылғы ЖҰЖ (ҚР Президентінің 2011 жылғы 18.02-дағы № 1158 Жарлығы)

2.

9.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ДСӘДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 - 2015 жылдар
желтоқсан

Ұзақ мерзімдік бақылауға ауыстырылды, орындалмау кауіпі бар

 «100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасы бойынша 99 денсаулық сақтау объектісінен жалпы 287,2 млрд. теңге сомасына 99 объектінің құрылысы аяқталды. Жоба толығымен іске асырылды.

          Анықтама: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 1845-10 қарарымен аталған тапсырманың іске асырылу мерзімі 2011 жылға дейін ұзартылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 157-6 ПАБ қарарымен № 310 тапсырманың іске асырылу мерзімі 2016 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Соңғы есеп ҚР  Үкіметіне 2016 жылғы 20 қаңтардағы  № 07-1-14/67,4//20-45/001-368,01-31п.1.9 және ҚР Президентінің Әкімшілігіне 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 07-1-14/01-474 хатпен жолданды.

          «350 ДА, ФАП және емханалар салу» жобасы бойынша 350 денсаулық сақтау объектісінен 342 объектісінің құрылысы аяқталды (оның ішінде 2016 жылы – 32, 2015 ж. – 56, 2014 ж.-134, 2013 ж.-96, 2012 ж.-23, 2011 ж.-1) (немесе жалпы жоспардың 97,7 %) және 8 объектінің құрылысы жалғасуда.

Сонымен қатар, Ақмола, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2015 жылы 6 объектінің пайдалануға беру мерзімдерін бұзды, оның ішінде:

- 3 емхана, бұл ретте жергілікті бюджеттен қаржыландырудың жоқтығына байланысты Ақкөл ауданы Ақкөл қаласындағы және Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана және өндірістік жұмыс кестесінен қалуына байланысты Атырау облысының Атырау қаласы Геолог ауылындағы ауысымына 100 келушіге арналған 1 емхана;

- 3 ДА, бұл ретте сот талқылауына байланысты Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональное ауылындағы және ШҚО Семей қаласының Знаменка ауылындағы 2 ДА және сақтау қоймасындағы барлық медициналық техникаларды жарамсыздыққа әкеп соқтырған өрт салдарынан болған форс-мажорлық жағдайлар нәтижесінде өндірістік кестеден қалуына байланысты Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылындағы 1 ДА;

Оның ішінде ағымдағы уақытқа Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл қаласындағы ауысымына 250 келушіге арналған емхана және Атырау облысы Атырау қаласы Геолог ауылындағы  ауысымына 100 келушіге арналған емхана пайдалануға тапсырылды.

Бұдан арғы әрекет жоспары:

Құрылысқа тапсырыс берушімен (Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің құрылыс басқармалары) 2016 жылдың аяғына дейін
18 денсаулық сақтау объектісінің құрылысын аяқтау (Ақмола облысында – 4, ШҚО – 1, Жамбыл облысында – 1, Қарағанды облысында – 11, Қызылорда облысында - 1) бойынша жұмыстарды жандандыру жоспарда қарастырылған.

Сонымен қатар, сот талқылауына байланысты ағымдағы жылы Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональное ауылындағы (бастапқы тапсыру мерзімі - 2014 жыл) және ШҚО Семей қаласы Знаменка ауылындағы (бастапқы тапсыру мерзімі – 2015 жыл) 2 ДА құрылысын аяқтамау қаупі бар.

Анықтама: Интернациональное ауылындағы ДА құрылысы Ақмола облысының әкімдігінің «Гриф-НВ» ЖШС мердігерлік ұйымымен сот талқылауына байланысты белгіленген уақытта аяқталмады (жоспар бойынша тапсыру мерзімі – 2014 жыл). Әкімдік ақпаратына сәйкес,  қазіргі уақытта қалған жұмыс түрлерін аяқтау үшін жаңа мердігерлік ұйымды таңдау бойынша іс-шаралар жүргізілді және 2016 жылдың 19 тамызында «Еңбек» ЖШС шартқа қол қойылды.

Осыған ұқсас, ШҚО Семей қаласы Знаменка ауылындағы ДА  құрылысы бойынша «Ферротекс» ЖШС мердігерлік ұйымымен сот талқылауына байланысты объектіні уақытынан кеш пайдалануға енгізу қаупі бар. Әкімдік ақпаратына сәйкес, конкурс жариялау және мердігерлік ұйымды анықтау үшін қалған құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

         Жобаның аяқталу мерзімі 2016 жыл болып анықталған (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А.Е. Мусиннің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 157-6 ПАБ қарарымен № 1158 тапсырманың іске асырылу мерзімі 2016 жылдың соңына дейін ұзартылды).

         Анықтама:Соңғы есеп ҚР  Үкіметіне 2016 жылғы 20 қаңтардағы  № 07-1-14/67,4//20-45/001-368,01-31п.1.9 және ҚР Президентінің Әкімшілігіне 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 07-1-14/01-474 хатпен жолданды.

2015 жылғы ЖҰЖ (ҚР Президентінің 2015 жылғы 25.12.-дағы № 143 Жарлығы)

3.

34

Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әлеуметтік қамсыздандыру және адам капиталын  дамыту бөлігінде жаңарту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ, БҒМ, ҰЭМ, Қаржымині

2016 жылғы мамыр

Орындалды.

Тиісті қаулы 2016 жылғы 31 мамырда №321 ҚР Премьер-Министрімен бекітілді.

Тұжырымдаманың мақсаты адами капиталдың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау және барлық қазақстандықтар үшін өмір сапасының жоғары стандартына қол жеткізу болып табылады.

Тұжырымдамаға келесі бағыттар бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:

денсаулық сақтау және білім беру салаларында жаңа Мемлекеттік бағдарламалардың және ұлт Жоспарының іс-шараларын іске асырылуы;

тұрғын үй қоры және инженерлік-коммуникациялық желі бойынша 2015-2019 жылдары пайдалануға беруге жоспарланған жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысы көрсетілген;

әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігінде зейнетақымен қамтамасыз ету, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің, жұмыспен қамтудың саясатын іске асыратын жаңа тәсілдемелер қарастырылған.

ҚР ПӘ Басшысы Н. Нығматулинның 2016 жылғы 9 маусымдағы № 3416-2 ПАБ қарары бойынша аталған тармақ бақылаудан алынды. 

4.

35

 

Мыналарды:

 еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып,   негізгі бағыттарды;

 2009 – 2010 жылдардағы Жол картасына ұқсас әлеуметтік, инженерлік-көліктік объектілерді және ТКШ объектілерін жөндеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған қосымша шығыстарды нақтылау бөлігінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасын жаңарту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ДСӘДМ, Қаржымині, АШМ, ҰЭМ, ИДМ, ЭМ, БҒМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері,
«Атамекен» ҰКП (келісім бойынша)

2016 жылғы наурыз

Орындалды.

Тиісті қаулы 2015 жылғы 22 желтоқсанда  №1029 ҚР Премьер-Министрімен бекітілді.

Өзекті сипат берілген Бағдарламада экономикалық дағдарыс кезеңінде әлемнің озық мемлекеттерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру тәжірибелерін ескере отырып, жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау шараларын күшейту жөніндегі жаңа бастамалар көзделген.

Жұмыс орындарын сақтауды ынталандыру үшін қысқарған жұмыс уақыты үшін білікті қызметкерлердің жоғалтылған табысын субсидиялау, қызметкерлерді кәсіптік оқытуға жұмыс берушілерге гранттар беру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау шартында 18-ден 24 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарды кәсіптік оқыту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылған.

Жаңа бастамалар жұмыс орындарын құру шеңберінде Үкімет айқындайтын өңірлерде ішкі еңбекші мигранттардың, оралмандар мен жастардың  еңбек ұтқырлығын белсендіруді, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі бойынша ұсақ тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін микрокредиттеудің тиімділігін арттыруды көздейді.

Қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтуды кеңейту мақсатында қызмет көрсету саласында қызметкерлерді даярлау бойынша, оның ішінде ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінде қызмет көрсету және 55-64 жастағы жұмысынан айрылған адамдарды қайта даярлау бойынша арнайы нысаналы бағдарламаларды (қысқа мерзімді курстар) ұйымдастыру жөніндегі шаралар жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өзекті сипат берілген Бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға 63 млрд. теңге көзделген, оның ішінде 2009-2010 жылдардағы Жол картасына ұқсас инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жаңа жұмыс орындарын құру үшін 37 млрд. теңге көзделген.

Қабылданған жаңа бастамаларды іске асыру еңбек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермейді, сондай-ақ дағдарыстан кейін тұрақты даму үшін қажетті жағдайлар жасайды.

ҚР ПӘ Басшысы Н. Нығматулинның 2016 жылғы 10 наурыздағы № 3356  ПАБ қарары бойынша аталған тармақ бақылаудан алынды. 

5.

36

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині, БҒМ, ИДМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2016 жылғы наурыз

 Ұзақ мерзімді бақылау, орындалуда

Ұсыныстар ҚР Президент Әкімшілігіне 2016 жылғы 24 наурыздағы № 13-2-18/36297//143,п.36 хатпен жіберілді.

ҚР ПӘ Басшысы Н. Нығматулинның  2016 жылғы            7 сәуірдегі  № 3365-1 ПАБ қарары бойынша аталған тармақ Президент Әкімшілігін  2017 және 2018 жылдардың нәтижесі бойынша хабарландырумен (10 қаңтар) ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылды .

 

6.

37

Отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар үшін өзара міндеттемелер қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік көмекті енгізу тәжірибесін кеңейту

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

ДСӘДМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2016 жылғы

желтоқсан

Орындалуда

2014 жылдан бастап шартты ақшалай көмек көрсету бойынша «Өрлеу» жобасы пилоттық режимде (Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында) іске асырылуда.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап «Өрлеу» жобасына ұқсас әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек төлеу бойынша өңірлік жобалар енгізілген жергілікті бюджет қаражаты есебінен 38 пилоттық аудандар мен қалалар анықталды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы нормаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру және толық дайындау мақсатында 2016 жылдан бастап шартты ақшалай көмек көрсету бойынша әлеуметтік көмек жүйесінің жаңа үлгісін пилоттық режимде республиканың барлық қалалары мен аудандарында сатылап енгізілуде.

Аталған жобаны жүзеге асыруға 2016 жылға республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт бөлінді.

ЖАО деректеріне сәйкес 2016 жылғы 1 қазанда «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек жалпы сомада 899,8 млн.теңге көлемінде 30,1 мың адамға тағайындалды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 6844 адам немесе «Өрлеу» жобасының еңбекке қабілетті қатысушыларының жалпы санынан 90 %-ы тартылды, оның ішінде:

- жұмыспен қамту Жол картасы 2020 қатысушылары -                 1 625 адам  (23,7 %);

- тұрақты жұмысқа орналастырылғандар – 3480 адам (50,9 %);

- қоғамдық жұмысқа және әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер – 1675 адам (24,5 %);

- қайта даярлау курсына жіберілгендер (біліктілігін арттыруға) және басқалар - 64адам (0,9 %).

7.

38

Мыналар:

 әртүрлі жыныстағы-жастағы топтары үшін азық-түлік себетінің құрамын және тамақ өнімдерін тұтынудың ең төмен нормаларын қайта қарау;

 ең төмен күнкөріс деңгейін айқындау әдіснамасын өзгерту жөнінде ұсыныстарды тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржымині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2016 жылғы

желтоқсан

Орындалуда

ҚР Десаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) азық-түлік себетінің құрамын қайта қарау бөлігінде ең төмен күнкөріс деңгейін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

Осылайша, 2015 жылғы екінші жартыжылдықта Министрлік азық-түлік себетінің құрамын және энергетикалық құндылығын қайта қарау жөніндегі зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды бастаған болатын, оның қорытындылары бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

Қазіргі уақытта Қазақ тағамтану академиясы «Әйелдер мен балалардың негізгі айналымының шамасын нақтылауды және тәуліктік энергия шығынын қайта қарастыруды есепке ала отырып, ең төмен күнкөріс деңгейінің азық-түлік бөлігінің жаңа нұсқасын әзірлеу және есептеуді жетілдіру» зерттеуіне ұсынылған аралық есепті пысықтауды жүзеге асыруда.

 

ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші