check

You are here

Дәрігерлер ауруы асқынып кеткенше жүре берген келіншектің жатырынан 6 келі миома алды - www.nur.kz, 2016 жылғы 20 қазан

Ақтөбелік дәрігерлер мылқау келіншектің жатырынан 6 келі миома алды. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының алыс ауылында тұратын келіншек қазір жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Іші іскенше жүре берген келіншектің жатырындағы миоманы астаналық дәрігерлер анықтаған. Дәрігерлер қатерлі ісікті әйелдің жатырымен бірге алып тастаған. Сөйлей алмайтын келіншектің үш баласы бар.

«Шалқар ауданының алыс ауылында тұратын 47 жастағы келіншектің жатырынан алып миома анықталды. Ісіктің салмағы 6 келіден асады. Әйел оянды, ота сәтті өтті. Бір аптадан кейін үйіне шығарылады. Астанадан келіп жатқан арнайы топ ішіндегі дәрігерлер алыс ауылдардағы тұрғындарды тексеріп жатыр. Әйел адамдардың арасында асқынған аурумен жүргендердің көп екені анықталған. Алматыдағы республикалық акушерлік және гинекологиялық орталығының дәрігері Роза Раеваның жетекшілігімен бірнеше ота жасалынды», - дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Самат Данияров.

Әйелдің жатырындағы алып миоманы ауылға келген «Денсаулық пойызының» мамандары көрген. Науқасты бірден порталға кіргізіп, облыстық ауруханада ота жасады.

Мамандар алыс ауылдарда дәрігерге көрінбей, аурулары асқынып кеткен келіншектердің көп екенін айтады. «Денсаулық пойызы» көмегімен тағы бір 45 жастағы келіншектен де жатыр ісігі алынған. Ол әйелдің миомасы да үлкен көлемде ісіп кеткен. 

Бөлімдер:
9 қараша, 2016 - 10:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші