check

You are here

Сенаторлар әлеуметтік жобалардың республикалық көрмесінде болды - inform.kz, 2016 жылғы 28 қазан

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Ақан Бижанов пен Әли Бектаев Шымкентте өтіп жатқан «2016 жылы Қазақстанда жүзеге асырылған үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесіне қатысты.

Көрменің мақсаты мүмкіндігі шектеулі және өмірі қиын жағдайда жүрген адамдардың өмірдегі ахуалын жақсартуды көздейтін әлеуметтік жобаларды таныстыру болып табылады.

Көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде сенатор А.Бижанов Парламент өткен сессияда Еңбек кодексі мен «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын қабылдағанын, оған сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы жұмыс орындары ашылып жатқаны, бұл ретте мемлекет жұмыс берушілердің шығыстары субсидияланатынын атап өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында атаулы әлеуметтік көмекті күшейту көзделіп отыр.

А. Бижанов сондай-ақ конкурстық таңдаудан өткен жобалар бүкіл халықтан, оның ішінде жергілікті билік органдарынан, әлеуетті демеушілерден, ерікті көмекшілер мен қолдан келген көмегін аямайтын қарапайым ізгі адамдардан қолдау табуы тиіс екенін айтты.

Шара барысында мұқтаж жандарға шын жүректен көмек беретін белсенді азаматтық көзқарастағы жұртшылық өкілдері аталып өтілді. 

Бөлімдер:
9 қараша, 2016 - 10:16 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші