check

You are here

Кейінгі 6 жылда Қазақстанның 167 денсаулық сақтау ұйымында медициналық техника жаңартылды - strategy2050.kz, 2016 жылғы 31 қазан

2010 жылдың қарашасынан 2016 жылғы қазанға дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «КазМедТех» АҚ көмегімен 167 денсаулық сақтау ұйымында медициналық техника жаңартылды. Осы кезеңде лизингке 500 астам бірлік медициналық техника сатып алынды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«КазМедТех» АҚ тек осы жылы лизингке медициналық техника алуға 225 өтінімді мақұлдады. 2016 жылдың басынан бастап республиканың денсаулық сақтау ұйымдарында 61 бірлік медициналық техника орнатылды, жылдың сонына дейін тағы 27 орнатылатын болады. 137 бірлік медициналық техника келесі жылы емханалар мен ауруханаларға жеткізіледі.

Қазақстанның өңірлері арасында медициналық техниканы лизингке алу жүйесін Павлодар облысының медициналық ұйымдары белсенді пайдалануда. Кейінгі 6 жылда өңірдің 12 ұйымы 70 бірлік медициналық техниканы сатып алуға қаржылық лизинг контрактысына қол қойды.

«КазМедТех» АҚ 2010 жылы мемлекеттік және жеменшік медициналық ұйымдарын лизинг арқылы заманауи медициналық техникамен жабдықтау мақсатында құрылғанын естеріңізге саламыз.

Медициналық техниканы лизинг жүйесімен сатып алу - алынған жабдықтарды тиімді пайдалануға және әрбір аурухананың бейініне байланысты қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.  

Бөлімдер:
9 қараша, 2016 - 10:18 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші