check

You are here

Қазақстан санавиациясы 5 жылда 8,6 мыңнан астам ұшырылым жасады - www.zakon.kz, 2016 жылғы 21 қараша

Қазақстан санавиациясы 5 жылда 8,6 мыңнан астам ұшырылым жасады

Санитариялық авиацияның мобильдік бригадалары арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті Қазақстаннның барлық аймағында тәулік бойы көрсетуге дайын.

5 жыл ішінде санитариялық авиация мамандары барлығы 10 938 медициналық қызмет көрсеткен. Нақты сол жерде көрсетілген көмек барлық медициналық қызметтің 28 % -ын құрайды. Сондай ақ, ҚР ДСӘДМ-нің мәліметі бойынша, Астана қаласынан 2 721 ұшырылым, Алматы қаласынан – 582, өңірлерде – 5 301 ұшырылым, өңіраралық – 39 ұшырылым жасалған. Бұл туралы zakon.kzprimeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Санитариялық авиация шақыртуларының ішінде бірінші орынды балалар жасындағы патология алады - 22%; екінші орында - жарақаттанушылық, жазатайым оқиғалар және уланулар - 21 %; үшінші орында – акушерлік тәжірибедегі шұғыл жағдайлар - 18%; төртінші орында – жаңа туған нәрестелердің патологиялары - 16%; бесінші орында - қан айналымы жүйесі аурулары - 13% және өзге де аурулар (неврологиялық, эндокринологиялық, жұқпалы, хирургиялық және т.б.) - 10%.

Бүгінгі таңда Қазақстанда санитариялық авиация мүддесінде 35 авиакөлік қолданылады (21 ұшақ және 14 тікұшақ). Санитарлық авиация қызметін осы қызметке лицензиясы бар 13 авиакомпания, оның ішінде Қазақстан өңірлерінде – 11 авиакомпания, республикалық деңгейде – 2 авиакомпания көрсетеді.

Санитариялық авиацияның мобильдік бригадалары арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті Қазақстаннның барлық аймағында тәулік бойы көрсетуге дайын аса білікті жоғары мамандандырылған дәрігерлермен жасақталған.

Естеріңізге сала кетейік, санитариялық авиация денсаулық сақтау ұйымдарының әлеуметтік бағдарланған, ерекше түрі болып табылады, оның қызметі еліміздің шалғайдағы аудандарында тұратын халыққа уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

2012 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР ДСӘДМ «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК құрылған. 2013 жылғы 26 маусымдағы ҚР ДСӘДМ бұйрығына сәйкес аталған орталыққа шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдарының қызметін үйлестіру бекітілген.

 

Бөлімдер:
14 желтоқсан, 2016 - 15:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші