check

You are here

ЕАЭО елдерінің жұмыс істейтін адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт 2017 жылы күшіне енеді - strategy2050.kz, 2016 жылғы 29 қараша

Бішкекте өткен «ЕАЭО бостандығының төрт деңгейі: тауарлар, жұмыс күші, көрсетілетін қызметтер және капитал қозғалысы. Тәжірибе және сабақ алу» конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Паиза Сүйімбаева Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің жұмыс істейтін адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Конференцияға Қырғыз Республикасы үкіметінің, министрліктер мен ведомстволардың, ғылыми топтардың, сондай-ақ Одақ елдерінің бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Паиза Сүйімбаеваның айтуы бойынша, интеграцияны дамытудың негізгі бағыттарының бірі жұмыс күші қозғалысы жолындағы кедергілерді жою. Жұмыс істейтін адамдардың зейнетақыларына қатысты мәселе аса өзекті болып табылады.

ЕЭК хабарлағандай, Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, ЕАЭО елдерінің жұмыс істейтін адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жобасы бойынша жұмыс істеп жатыр. Ол уәкілетті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттейді.

Шарт жобасы бойынша жұмыс аяқталу кезеңінде. Жақын арада ол оған қол қою үшін қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдерді жүргізу үшін Одақ елдеріне жіберілетін болады. 2017 жылы Шарт күшіне енеді деп күтілуде. 

Бөлімдер:
14 желтоқсан, 2016 - 15:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші