You are here

ЖҚЖК: Биыл Астанада 60 әлеуметтік нысан жөнделеді - https://strategy2050.kz, 2016 жылғы 8 желтоқсан

Биыл Астана қаласында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 60 әлеуметтік нысан жөнделеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА ҚАЛАСЫ08 Желтоксан , 11:36

2016 жылы Астана қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,9 млрд. теңге бөлінді.

Осы қаражат есебінен 60 инфрақұрылымдық нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жөнделетін ғимараттардың 14-і - білім беру, 20 - мәдениет, 11 - денсаулық сақтау, 5 - көлік инфрақұрылымы, 3 - дене шынықтыру, 7 - әлеуметтік қорғау нысандары.

Бүгінгі күні барлық жобалар іске асырылуда, 1099 адам жұмысқа тұрды, олардың 571-і «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

Бөлімдер:
14 желтоқсан, 2016 - 16:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші