You are here

Қазақстанда зейнетақы 2017 жылы 20%-ға ұлғаяды – ҚР Президенті - https://strategy2050.kz, 2016 жылғы 15 желтоқсан

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында зейнетақыны және бала туумен байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін көтеруді тапсырды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ15 Желтоксан , 11:46

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты үкіметке келесі жылы зейнетақы мөлшерін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға арттыруды тапсырамын. Бұл 2 млн 200 мың қазақстандықты қамтиды. Сондай-ақ 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туумен байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20%-ға көтеруді тапсырамын. Бізде қазір бала туу деңгейі өте жоғары – 55% өсу – бұл бізге қажет», - деді ҚР Президенті.

Елдің 25 жыл ішіндегі әлеуметтік шығыстары 26 млн теңгеден 4,8 трлн теңгеге дейін, 180 мың есе өскен – бұл ел бюджетінің 46%-ы.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтуде. Оған ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, ғылым, білім беру, медицина, шығармашылық интеллигенция және спорт өкілдері, діни бірлестіктердің көшбасшылары, еліміздің 6 облысынан өңірлік делегаттар қатысуда. 

Бөлімдер:
30 желтоқсан, 2016 - 11:38 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші