check

You are here

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында EY компаниясы Дүниежүзілік банкпен бірлесе екінші дөңгелек үстел өткізді

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында EY компаниясы Дүниежүзілік банкпен бірлесе екінші дөңгелек үстел өткізді

Астана, Алматы, 2017 жылдың 31 қазаны

31 қазан күні EY компаниясының Астанадағы кеңсесінде қысқа мерзімді кәсіби даярлау, жұмыс кадрларын қайта даярлау және біліктілікті көтеру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасына шолу жасауға арналған екінші дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылық қолдауымен жүзеге асырып отырған «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында өткізілді.

Іс-шараға Дүниежүзілік банк Жобаларын басқару тобының өкілдері, EY компаниясының сарапшылары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның филиалы - «Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығының», Еуразиялық гуманитарлық институт колледжінің және «Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҚ өкілдері қатысты.

2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта жүзеге асырылатын «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының мақсаты - оқудан өтуге мұқтаж жұмыссыздардың, өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз отырған және еңбекпен қамтылған тұлғалардың біліктілігін көтеру. Ел экономикасын әртараптандыру және үйлесімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету біліктілігі жоғары адам қорынсыз мүмкін емес, сондықтан аталмыш жоба Дүниежүзілік банктің Қазақстан Үкіметіне осы бағытта қолдау көрсету аясындағы кешенді ынтымақтастығының бір бөлігі болып табылады. Жоба мақсаттары көбінесе мемлекеттік бағдарламаларда, соның ішінде 2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында белгіленген бағыттармен және міндеттермен сәйкес келеді.

Өткізілген дөңгелек үстел кезінде EY сарапшылары қысқа мерзімді кәсіби оқыту саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасын ТМД, ЭЫДҰ, Солтүстік Америка және Оңтүстік-шығыс Азияның бірқатар елдерінің халықаралық тәжірибесін ескере отырып жетілдіру жөніндегі бастапқы кеңестерді қатысушылар назарына ұсынды.

 Дөңгелек үстелге қатысушылар пікірлерімен және де Қазақстан Республикасы еңбек нарығына қатысты қолданбалы тәжірибелерімен бөлісті.

«Кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерімен байланысты қызмет саласы Қазақстан Республикасында аз реттеліп отырғандықтан, осы саладағы заңнаманы жетілдіру қажет», - деп атап өтті дөңгелек үстел қатысушылары.

Іс-шара  кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы оқыту қызметтерінің сапасын арттырып, осының арқасында елдегі еңбек нарығының үйлесімді түрде дамуын және отандық экономиканың өсімін қамтасыз ету үшін шешімі табылуы тиіс бірсыпыра өзекті мәселелерді ашып көрсетуге арналған алаңға айналды.

Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші