check

You are here

Еңбекақы төлеу

Сәлеметсіздер ме? Мен ауылдық жерде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарамын. 1-ші мамандығым арнаулы орта бастауыш сынып мұғалімі , 2-ші мамандығым ЖОО-да "Жалпы педагогика және психология "  мамандығы . Еңбекақы арнаулы орта білім бе немесе жоғарғы білім бойынша төленуі қажет ? Жауап берсеңіздер рахмет!!!

Жауап: 

 

Құрметті Самал Нуртаевна!

    ҚР Еңбек кодексінің Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.

   Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.

   Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген.

   Аталған Қаулыға сәйкес, ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық ақының  (тарифтік мөлшерлемеден), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір лауазымдық ақы (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады.

   Ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық ақылары (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай лауазымдық ақы (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді белгіленген  базалық лауазымдық жалақы мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

   Сонымен қатар, аталған Қаулыға сәйкес  педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін лауазымдық ақы (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады; жан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

Сұрақтың нөмірі: 347405
14 желтоқсан, 2017 - 13:47 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші