You are here

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде формальді емес және информальді оқытуды тану үшін дағдыларды тестілеу орталықтарын, кәсіптік сертификаттауды және бағалау құралдарын әзірлеуді пилоттық енгізу бойынша жоспарланат

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде формальді емес және информальді оқытуды тану үшін дағдыларды тестілеу орталықтарын, кәсіптік сертификаттауды және бағалау құралдарын әзірлеуді пилоттық енгізу бойынша жоспарланатын жұмыс туралы

 

Технологияның қарқынды дамуы еңбек нарығында бәсекелестіктің нығаюына әкеледі. Білімдер ескіреді және өзектілігін бірнеше жылдар сайын жоғалтып отырады. Осындай серпінді жағдайда бәсекеге қабілеттілікті қолдау үздіксіз кәсіптік дамуды талап етеді.

Мамандар біліктіліктерінің пайда болған талаптарға сәйкес келуі тоқтатылған жағдайда дибаланс пайда болады, оның нәтижесінде, жоғары деңгейлі жұмыссыздық болғанымен жұмыс берушілер кадр жетіспеушілігін сезінеді. Еңбек нарығында талап етілетін қызметкер болып қалу үшін жұмыс істейтін адам өз біліктіліктерін мерзім бойынша арттырып және растап отыру керек. Технологияның дамуы білімнің жылдам ескіруіне әкеліп қана қоймай, сондай-ақ формальді білімнің шегінен шығатын оқытуға арналған жаңа мүмкіндіктерді құрады. Сондықтан барлық дамыған елдерде адам өзі жүзеге асыратын оқыту түсінігі бірінші орынға шығарылады, оқыту процесінде ол белсенді позицияда болады және өзінің кәсіптік және жеке дамуына жауап береді. Бұл жерде формальді емес және информальді оқыту өзекті болады. Формальді емес оқыту бұл әр түрлі курстарда, тренингтерде және жұмыс орнында алуға болатын және ресми құжат (куәлік) арқылы расталатын оқыту. Информальді немесе кенеттен оқыту бұл құрылымдалмаған оқу, ол жұмыспен, отбасындағы өмірмен немесе демалыс өткізумен байланысты үздіксіз және күн сайын жүзеге асырылады. Бұл өз ретінде өзін-өзі оқыту болып табылады, адам оны әдебиеттен, онлайн курстардан, әріптестермен немесе менторлықпен сөз араластыру арқылы ала алады. Оқытудың мұндай түрлері «өмір бойы оқу» тұжырымдамасының ажырамас бөлігі болып табылады, ол мамандардың білімін, машықтарын және дағдыларын үздіксіз жетілдірудің және жалпы адами капиталдың сапасын арттырудың кепілі болып табылады.

Жұмыскерлерді үнемі оқытуға және жетілдіруге ынталандыру үшін, ең алдымен, оқыту қалай және қайда өткізілгеніне тәуелсіз оқыту нәтижелерін ресми түрде тану тетіктері, яғни сертификаттар қажет. Егер маман информальді немесе кенеттен оқыту жолымен алынған дағдыларды және білімдерді жұмыс беруші растап, ол ілгерілеуге немесе еңбекақы деңгейінің артуына әкеп соғатынын білсе, онда ол өзін дамытуға елеулі түрде ынталанады. Осы себептерге байланысты еңбек нарығы мен білімді дамытудың кез келген жүйесінің маңызды құраушысы мамандардың кәсіптік біліктілігін бағалаудың және сертификаттаудың тәуелсіз жүйесі болып табылады.

Білім туралы диплом қажетті құзыреттің болуына дәлел бола алмайды ма деген сұрақ туындайды. Әдетте, дипломды білім беру ұйымдары, яғни оқытқандар береді, бұл объективті емес. Сондай-ақ диплом бір рет беріледі, алайда, кәсіп үнемі дамып отырады. Егер диплом 10 немесе 20 жыл бұрын берілсе, онда оқыту кезінде алынған білімдер мен дағдылар өзектілігін жоғалтады. Сонымен бірге, сертификаттау кезінде мамандардың білімін және дағдыларын, кәсіпте нақты талаптарға бағытталатын кәсіптік қоғамдастық немесе жұмыс берушілердің қауымдастығы бағалайды.

Осылайша, сертификаттау жүйесі білімнің емес, кәсіптік стандарттардың қойған талаптарына сәйкестігін бағалайды және маманға тиісті баға береді. Еңбек нарығында өз біліктілігін «сататын» маман үшін тәуелсіз сертификаттың болуы сапа көрсеткіші болып табылады.

Қазақстанда 2011 жылы «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы іске қосылған, оның шеңберінде біліктілікті бағалау құралдарын жетілдіру, осы құралдарды жұмыс берушілер мен кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкестікке келтіру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. 2012 жылы «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-тың бірқатар мамандықтары бойынша үш: тау-кен металлургия, туристік және мұнай-газ салаларында біліктілікті тәуелсіз растаудың институционалдық үлгісі әзірленді.

Тәуелсіз сертификаттау жүйесін дамыту «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде жалғасуда. Бұл жоба 2016 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге сәйкес іске асырылып келеді. Жоба Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі құраушы элементтерін құру, оның ішінде тәуелсіз сертификаттау жүйесін дамыту арқылы еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Тәуелсіз институционалдық құрылымды және тәжірибені құру дағдыларды тестілеу және кәсіптік сертификаттау орталықтарын пилоттық енгізу арқылы 9 салалық қауымдастықтар базасында жүргізіледі: мұнай-газ, тау-кен өндіру, туристік, машина жасау, құрылыс және темір-жол, жеңіл және азық-түлік, ауыл шаруашылығы. Біліктілікті тәуелсіз растаудың институционалдық үлгісін әзірлеу және іске асыру бойынша «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасының нәтижелері қолданылады.

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде мамандардың-персоналдың біліктілігіне және сертификаттауына қойылатын жалпыұлттық талаптарды құруға екпін қойылады, біліктілікті растау және беру жүйесі құрылатын қызмет аясының және реттелетін кәсіптердің тізбесі айқындалады, дағдыларды тестілеу салалық орталықтарында да, қысқа мерзімді курстардың аяқталуында да сертификатталатын адамдармен кері байланыс тетігі әзірленеді. Жоғарыда көрсетілген барлық процестерге жұмыс берушілер белсенді түрде тартылады.

Сондай-ақ, «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы шеңберінде формальді емес және информальді оқытуды тану құралдарын әзірлеу бойынша жұмыс жүзеге асырылады. Бұл бағыт инновациялық болады, өйткені Қазақстанда формальді емес оқыту үлгісі біліктілікті арттыру, кадрларды қайта даярлау, курстық даярлау бағдарламалары түрінде ұсынылған және формальді емес және информальді оқытуды тануға арналған құралдар әлі жоқ.

Сонымен бірге формальді емес және информальді оқытуды тану жүйесі құжаттаманы және бағалау комиссиясының мүшелері тану, даярлау үшін қажет дәлелдерді жинау бойынша үлкен жұмысты талап етеді. Бұл процес ұзақ уақытты және белгілі жағдайларды құруды алады. Бұл құралдарды жай әзірлеп қана қою жеткіліксіз, елеулі өзгерістер қажет, мысалы, еңбек нарығы және білім мен оқыту жүйесі арасындағы сенімділік осы құралдарды тиімді пайдалану үшін қажетті шарт болып табылады.

Ол үшін үздік халықаралық тәжірибені ескеріп, біліктілікті бағалау құралдарын үйрену және жаңарту, осындай құралдарды әзірлеу әдістемесін жетілдіру бойынша, оның ішінде кәсіптік стандарттарға сәйкес келуге біліктілікке бағалау жүргізу үшін ұсынымдарды әзірлеу қажет. Бағалау рәсімдерін қайта қарау және жергілікті сарапшыларға оқыту жүргізу, жаңа рәсімдер мен құралдарды пайдалану арқылы біліктілікке бағалау және сертификаттау жүргізу. Бағалау және сертификаттау нәтижелерін талдау және біліктілікті сертификаттау жүйесінің саясатына ұсынымдар әзірлеу.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып, тәуелсіз сертификаттау жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетті халқы арасында дағдылар мен білімдерді қалыптастыруға тікелей әсерін тигізеді.

 

12 ақпан, 2018 - 18:08 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші