You are here

2018 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек саласын мониторингілеу жөніндегі ақпарат

Халықтың табыс деңгейін арттыру

Конституциялық кепілдіктерді іске асыруда табыс саясатының және халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастырудың мәні ерекше.

Еңбекақы төлеу. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖМ) 15,6%-ға өсіп, 28 284 теңгені құрады.

Еңбекке ақы төлеу саласындағы ахуалды талдау республикада бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 2017 жылғы 4-тоқсанда 163 725 теңгені құрап, 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,9%-ға өскенін көрсетеді. 2017 жылғы 4-тоқсандағы нақты жалақының индексі 2016 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 98,6%-ды құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналдық ақшалай табысы 2018 жылғы қаңтар айында 84 381 теңге деңгейінде қалыптасты және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,6%-ға (76 973)  артты.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру

Қазіргі уақытта елімізде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі қолданылады, ол нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келеді және базалық, міндетті ынтымақты және ерікті деңгейлерде мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті бөлуді көздейді.

«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113-VI  ҚР Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8%-ға арттырылды.

Арттыру нәтижесінде 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 15 274 теңгені, базалық зейнетақы төлемін ескергенде зейнетақы төлемінің орташа мөлшері – 70 911 теңгені құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша 2018 жылғы 1 наурыздағы зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 7 882,1 млрд. теңгені құрады. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 10,1 млн. шотты құрады.

Міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша төленген мемлекеттік кепілдік көлемі инфляция деңгейін ескергенде 2018 жылғы наурыз айында 1,4 млрд. теңгені  құрады, бұл ретте алушылардың саны 12 123 адамды құрады.

2014 жылдың басынан бері жүргізіліп келе жатқан зейнетақы жүйесін жаңғырту нәтижесінде:

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс кезеңінде жұмыс істейтін әйелдерге, олардың зейнетақы жинақтарын көбейтуге және зейнетақымен қамсыздандырудың қажетті деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау. 2018 жылғы ақпан айында республикалық бюджеттен бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін әлеуметтік төлемдерді 81,7 мың алушының жеке зейнетақы шотына МӘСҚ-тан 375,8 млн. теңге аударылды, бұл ретте 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл кезең үшін субсидиялаудың жалпы көлемі 17,1 млрд. теңгені құрады.

- еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыста істейтін жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми деректері бойынша 2018 жылғы 1 наурызда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны – 435 587, аударылған жарналардың жалпы сомасы 149,8 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік қамсыздандырудың басқа салаларында мынадай ахуал қалыптасты.

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушылардың саны 15,6 мың адам болды.

№ 1 және № 2 тізімдер бойынша Мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың арттырылуын ескере отырып, 2018 жылдың басынан бері жәрдемақылардың мөлшері 22 656 теңгені және 20 154 теңгені құрайды.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс мөлшерін қайта қарау нәтижесінде оның мөлшері 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға дейін көбейді, тиісінше мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша, сондай-ақ жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды.

Мәселен, 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша аталған жәрдемақыларды 675 609  адам алады. Оның ішінде: мүгедектігі бойынша – 505 865 адам, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты – 168 681 адам, жасына байланысты – 1 063 адам. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері жасына байланысты – 14 708 теңгені, мүгедектігі бойынша – 40 680 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты – 33 564 теңгені құрады.

  Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жетілдірілуде. Қолданысқа енгізілген күннен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты 934 млрд. теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленді. 2018 жылғы ақпанда бенефициарларға 15,0 млрд. теңге төленді, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда әлеуметтік төлемдер көлемінен 27,3%-ға артық.

  2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша МӘСҚ-тан төленетін еңбек қабілетінен айырылу бойынша  әлеуметтік  төлемдердің орташа мөлшері

14 238 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 16 872 теңгені құрады.

Әлеуметтік қорғалуды күшейту мақсатында атаулы әлеуметтік көмек көрсету және қолдау жөніндегі қосымша шаралар қабылданды.

а) ана мен баланы әлеуметтік қолдау бөлігінде, 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша:

- бала тууға байланысты жәрдемақыны 3,4 млрд. теңге сомасында 33,7 мың адам алды (бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 17,4%-ға аз);

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақымен 4,8 млрд. теңге сомасында орташа есеппен 134,0 мың адам қамтылды (бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 9,6%-ға артты);

- мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға берілетін жәрдемақыны жалпы 4,7 млрд. теңге сомасында орташа есеппен 79,0 мың адам алды;

б) халықтың осал санаттарын әлеуметтік қолдау бойынша

- атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күнкөрісі төмен отбасын қолдау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі, мәселен 2018 жылғы 1 наурызға 173,8 мың адам (34,8) отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылады, оның ішінде - 37,1 мың адам (9,3 мың отбасы) шартсыз ақшалай көмекті алушылар; 136,8 мың адам (25,5 отбасы) шартты ақшалай көмекті алушылар, бұл ретте тағайындалған сома – 1 569,9 млн.теңгені құрады. Көрсетілген кезеңге АӘК – тің орташа мөлшері – 4 515,1 теңгені құрады.

- 2018 жылғы 1 қаңтарға тұрғын үй көмегі  76,6 мың отбасыға, 2 374,9 млн. теңге сомасында көрсетілді (2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда  2,2%-ға азайды). Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2 582 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,5%-ға көп.

 Қабылданған шаралар нәтижесінде, күрделі әлеуметті-экономикалық жағдайға қарамастан, 2017 жылғы 4-тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 проценттік пайызға өсіп, 2,4%-ды құрады.

- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша, әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту реформасы жүргізілуде, мемлекеттік, жеке және үкіметтік емес секторларда стационарлық, жартылай стационарлық және үйдегі күтім, уақытша болу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын іске асыруға 2017 жылы 978,8 млн.теңге мөлшерінде нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінді.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесімен:

- 114 стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеде 23,4 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек балалар;

- 99 жартылай стационарлық үлгідегі мекемеде (күндіз болу бөлімшелері, реабилитациялық орталықтар)  14,2 мың адам;

- қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бойынша 506 бөлімшеде 55,7 мың адам;

- 26 Белгiлi тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталығындағы, оның ішінде түнде болу және әлеуметтік патруль бөлімдерінде 13,2 мың адам қамтылды.

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 6 дағдарыс орталығы мен приютта 1 млн. адам қамтылды.

2018 жылғы 1 қаңтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыс 16 өңірде 7 мыңнан астам адамды қамтитын 120 үкіметтік емес ұйымда жүзеге асырылды.

- мүгедектерді әлеуметтік қорғауда және оларды қоғамның өміріне етене қатысуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудағы (анықтама үшін: қазіргі кезде республикада 662,5 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның ішінде 411 мыңы еңбекке қабілетті, 83,5мыңы 18 жасқа дейінгі балалар) жұмыс Қазақстан  Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар (бұдан әрі – Іс-шара) жоспарына сәйкес жүргізілуде.

2016 жылдан бастап Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) басталды.

2017 жылы Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен жүріп-тұрудың арнайы құралдарының тізбесі кеңейтілді, бұл көру қабілеті бұзылған жандар үшін жаңа тифлотехникалық құралдар; міндетті гигиеналық құралдар; физикалық бұзылу салдарынан өз бетінше қызметі қиындатылған мүгедектер үшін қосымша техникалық құралдар, есту қабілеті бойынша мүгедектер үшін қимыл тілі мамандарының қызметі 30-дан 60 сағатқа дейін ұлғайтылды; бірінші рет 18 жастан асқан кохлеарлы импланты бар мүгедектерге сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызмет көрсетіледі.

Республикалық бюджеттің қолдауымен жергілікті атқарушы органдар 2017 жылы мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 488 бірлік жол белгісі мен көрсеткіштері және 45 бірлік жүргіншілер өткеліне дыбыстық құрылғылар орнатуды жоспарлаған.

Мүгедектердің негізгі тіршілік салаларында пайдаланылатын нысандар мен қызметтерге қол жетімділік бағасы жүргізіледі. 2018 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша 31,2 мың нысан паспортталған, оның 19,5 мыңы бейімдеуге жатады, 16,6 мың нысан бейімделді.

Еңбек қатынастары

Еңбек саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік диалогты дамыту, туындаған еңбек шиеленісінің алдын алу және шешу бойынша шаралар қабылдануда.

Еңбек қатынастарын жетілдіру мақсатында Әлеуметтік шиеленісушіліктің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспар (бұдан әрі – Жоспар) (2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1295 ҚБПҮ ҚР ҮҚ) іске асырылуда. Жоспар шеңберінде еңбек ұжымындағы еңбек шиелінісі деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің критерийлері мен жүйесі ай-сайын әзірленеді. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша наразылық акцияларының саны 1-ді құрады (Астана қ.);

Кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмысшыларды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздеріне оқыту жұмысы жалғасуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстардың, Астана және Алматы калаларының жергілікті еңбек инспекциясы органдары еңбек заңнамасы жөнінде 2 044 семинар өткізді.

Өндіріс жағдайларын (тәуекелді бағалау жүйесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды, кәсіпорындарды аттестациялауды енгізу) жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Анықтама үшін: 2018 жылғы 1 қаңтарда  еңбек жағдайлары бойынша аттестацияланған объектілер саны 1 539-ды құрады (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 1 852 объекті), еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша енгізілген халықаралық және ұлттық стандарттар саны 2018 жылғы 1 қаңтарында – 1 752 құрады (2016 жылы – 1 476).

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша өндірісте 209 адам жарақат алды (өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 220 адам), бұл ретте қаза тапқандардың саны 32 адамды құрады (2017 жылдың ұқсас кезеңінде – 30 адам).

Жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын тұрақты түрде жақсартып отыруға мүдделілігін арттыру мақсатында 2014 жылдан бастап өндірістік объектілерді аттестациялау нәтижелерімен расталған зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларын жойған жағдайда жұмыс берушілерді міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатуды көздейтін  зейнетақымен қамсыздандыру туралы норма қолданылады.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2018 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша мерзімінен кешіктірілген (3 айдан артық) жалақы бойынша берешек  28 кәсіпорынның  2 272 жұмыскері алдында 365 млн. тенгені құрады (2017 жылғы 7 наурызға  25 кәсіпорынның 2 366 жұмыскер алдында 369,5 млн. теңгені құраған).

Жалақы бойынша берешек көбіне Оңтүстік Қазақстан (146,8 млн. теңге) және Жамбыл (82,2 млн. теңге) облыстарында орын алды.

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 364 тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасы бойынша 2 104 бұзушылық анықтады. Анықталған бұзушылық нәтижесі бойынша ұйымдардың заңды және лаузымдық тұлғаларына мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 64,3 млн. теңгеге 365 айыппұл салды (2017 жылғы 1 наурызда – 65,6 млн. теңге).

Өндіріс жүрісінің тұрақтылығы үшін, еңбек құқығын қамтамасыз ету және жұмысшыларды жұмысқа орналастыру мақсатында облыс әкімдіктері, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында 2015 жылдан бастап меморандумдар жасалады. 2018 жылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша жасалған меморандумдар саны – 115 мыңды құрады, оның ішінде ірі кәсіпорындармен – 1,6 мың (қамту 82,1 %) және орта және кіші кәсіпорындармен – 113,5 мың (қамту – 67,5 %).

Әлеуметтік әріптестік жүйесі дамытуда, барлық деңгейде үшжақты комиссия жұмыс істейді. 2018 жылғы 31 қаңтарда Үкімет, жұмыс берушілердің республикалық бірлестігі және республикалық кәсіподақтар арасында Мемлекет басшысы Үшінші жаңғыруда қойған міндеттерді іске асыруға бағыттылған 2018-2020 жылдарға арналған  Бас келісім жасалды.

Бас келісімде экономиканы технологиялық жаңғырту, халықты формальды және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, адами капиталдың сапасын, еңбек жағдайлары мен оны қорғауды, сондай – ақ өндірістік әрі экологиялық қауіпсіздікті жақсарту қамтылған.     Кәсіпорындар мен ұйымдарды ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамту және оған мониторинг өткізу бойынша жұмыс жалғасуда. 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 77,6 мың кәсіпорын, немесе қолданыстағы кәсіпорындардың 33,6%-ы қамтылды. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорындардың 88,2%-ы ұжымдық-келісім шарт жасаған.

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) күшіне енді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысы).

Ағымдағы 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылар қатарына Бағдарламаға қатысуды қалайтындар қатарынан 72,4 мыңнан астам адам енгізілді, оның ішінде жұмыссыздар – 50,2 мың адам (69,4%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1,7 мың адам (2,5%). Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жас азаматтардың үлесі – 34,4%-ды, әйелдердің үлесі 49,5%-ды құрайды.

Бірінші бағыт бойынша оқыту бойынша шаралар шеңберінде екі тетік қолданылады:

бірінші тетік – тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан жастарды мектеп бітіргеннен кейін оқу орындарына түспесе 2,5 жылға дейін колледждер базасында тегін кәсіптік-техникалық оқыту.

Екінші тетік – кәсіпорындарды тарта отырып колледждердің және «Атамекен» ҰКП оқу орталықтарының базасында 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімде дуальды оқытудың қысқа мерзімді курстары (153 оқу орталығы).

Оқуды еңбек нарығында қажетті дағдылар мен білімдерді алуды қажет ететін барлық жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өте алады.

Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдық аудандарда және ауылдарда оқу дағдыларына оқыту бойынша пилоттық режимде мобильдік оқу орталықтары іске қосылды.

Қазіргі таңда 87 техникалық және кәсіптік оқыту ұйымында, 5 пилоттық өңірдегі (Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Қостанай, Маңғыстау) 7 мобильдік оқу орталығында және «Атамекен» ҰКП тізіліміне кірген жұмыс берушілер жанындағы 32 оқу орталығында 6 айға дейінгі қысқа мерзімді оқу жүзеге асырылады.

2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап ТжКОҰ кадрларды даярлауға 21 мыңнан астам адам жіберілді.

Екінші бағыт бойынша ағымдағы жылға 1 наурызға кәсіптік қысқа мерзімді оқытуға 3,9 мың адам жіберілді. Микрокредит беру тетіктерін ауылдық және қалалық елді мекендерде де кеңейтілді.

Осы бағыттың негізгі міндеті жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін кепіл мүлкі жоқ азаматтарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтардың микрокредиттерге қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Микрокредиттер жылдық 6%-бен, 7 жылға дейінгі мерзімге 8000 АЕК- ке дейін, бұл ретте кепілдің жеткіліксіз көлемінде жеке ісін бастағандар үшін 85%-ға дейін және қолданыстағы кәсіпкерлер үшін 50%-ға дейін кредиттерді кепілдендіру тетігі қолданылады.

Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту «Атамекен» ҰКП арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша өткізіледі.

Бағдарламаға сәйкес қалаларда микрокредит беруді екінші деңгейдегі банктер арқылы, микроқажылық ұйымдар (бұдан әрі – МҚҰ) іске асырады.  «Даму» КДҚ» АҚ оператор болып табылады.

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, кредиттік серіктестіктер және МҚҰ арқылы іске асырылады. «Аграрлық кредиттік корпорация» оператор болып табылады.

Микрокедитті 83 мыңнан астам адам алды.

Бұдан басқа, 2018 жылдан бастап жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 100 АЕК- ке дейін мемлекеттік гранттар беру көзделген. Мемлекеттік гранттар қажетті инвертарьді, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады.

Мемлекеттік гранттар өтеусіз және қайтарусыз негізде старт- бизнесті іске асырушы немесе жоспарлап отырған Бағдарлама қатысушыларына ұсынылады.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде мынадай міндеттер іске асырылады:

1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу: әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда жәрдемдесу, оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру: еңбек ресурстарының ұтқырлығының міндеті шеңберінде Үкімет айқындайтын өңірлерге өз еркімен қоныс аударған адамдарға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету көзделген. Бұл өңірлік диспропорцияларға байланысты, олар алдағы уақытта күшейетін болады.

Анықтама үшін: Үкімет ішкі қоныс аударушыларды қабылдайтын төрт өңірді (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары) және бес шығу өңірлерін (ОҚО, Жамбыл, Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) айқындады.

3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. Жұмыс іздеу, азаматтардың белгіленген санаттарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау үшін Еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе Еңбек биржасы құрылды.

Аталған жұмыс қолданыстағы enbek.kz платформасының базасында іске асырылады.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде еңбек күші жетіспейтін облыстарға барлығы 90 отбасы (350 адам) қоныстандырылды. Қоныстандырылғандардың ішінен 164 адам еңбек етуге қабілетті, олардың  70 – і жұмысқа орналастырылды.

Бұдан бөлек, қоныс аударушыларға қосымша мемлекеттік қолдау түрлері енгізілді:

450 АЕК-ке дейін қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беру;

      Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушіге кемінде бес Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыру кезінде кемінде үш жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК мөлшерінде субсидиялар беріледі.

         Ағымдағы жылы 1 наурызға дейін  бос жұмыс орындарына 25 814 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 728 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардың 64 %-ы (жоспар – 16 773 адам). Әлеуметтік жұмыс орындарына ең көп жіберілген азаматтар саны – Оңтүстік Қазақстан облысында - 3 890 адам және Алматы облысында - 988 адам белгіленді.

Жастар практикасына 7 234 адам жіберілді немесе жоспардың 36,3 %-ы (2018 жылға жоспар – 20 300 адам).Жастар практикасына ең көп жіберілген азаматтар саны – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 806 адам, Жамбыл облысында 818 адам белгіленді. 22,1 мың адамға қоғамдық жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді (жоспар – 73 580).

Жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізуде.

2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 29,6 мың, оның ішінде ауылдық жерде – 9,1 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Салалар бөлінісінде жұмыс орындарының анағұрлым көп бөлігі құрылыста – 4,4 мың, саудада – 4,3 мың, ауыл шаруашылығында –  1,5 мың, өнеркәсіп саласында – 1,0 мың жұмыс орны құрылды.

Құрылған жұмыс орындарының жалпы санынан 88,2%-ы – тұрақты жұмыс орындары (26 130 адам), қалғаны – уақытша және маусымдық.

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жас аралығындағы азаматтар) 2017 жылғы 4-тоқсанда 4,1%-ды құрады, (2016 жылғы 4-тоқсанда – 4,2%).

Көші-қон процестерін реттеу (Министрліктің құзыреті бойынша)

Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында республикаға шетелдік мамандарды тарту үшін жыл сайын квота белгілейді.

2018 жылға арналған квота республиканың экономикалық қызмет түрі бойынша жұмыс күніне 0,46%-ы мөлшерінде белгіленді.

Шетел жұмыс күшін тарту мәселесінде басымдық жоғары білікті мамандарға беріледі. 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың еңбек қызметтерін жүзеге асыру үшін 22 388 рұқсат берілді, оның ішінде мамандар – 84,8% (1-3 санат), білікті жұмыскер – 9,7% (4 санат), 1,3%-ы маусымдық шетел жұмыскерлері, сондай-ақ аударылатын корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 4,5%.

Еңбекші мигранттар шыққан негізгі елдер Қытай (9 012), Түркия (2 294), Ұлыбритания (1 261), Үндістан (1 138) және Украина (975) болып табылады.

            2018 жылға арналған рұқсаттарды беру және ұзарту бойынша ставкалар 137 АЕК (329 485 теңге) мөлшерінде 250 АЕК (601 250 теңге) мөлшерінде белгіленеді.

          2018 жылға арналған рұқсаттарды беру және ұзарту бойынша ставкалар 137 АЕК (329 485 теңге) мөлшерінде 250 АЕК (601 250 теңге) мөлшерінде белгіленеді.

Оралмандардың көші-қоны. 1991 жылдан бастап 2017 жыл аралығында 294 350 отбасы немесе 1 025 078 этникалық қазақ, оның ішінде 2017 жылы 9 989 отбасы немесе 18 605 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, оралман мәртебесін алды.

Оралмандардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан – 45,6%, Қытайдан – 43,6%, Түркменстаннан – 3,2%, Моңғолиядан – 2,4% және Ресейден – 1,8% және 3,4%-ы - басқа елдерден келген оралмандар.

Оралмандардың ең көбі Алматы – 38,4%, Оңтүстік Қазақстан – 18,2%, Маңғыстау – 10,8%, Шығыс Қазақстан – 5,4%, Жамбыл - 5,2% облыстарына және Астана қаласына – 6,5%-ы қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдар саны 66,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан төмен адамдар – 27,6%-ды және зейнеткерлер – 6%-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті оралмандар санының 13,3%-ы жоғары білімді, 22,7%-ы арнайы орта білімді, 55,5%-ның жалпы орта білімі бар, 8,5%-ның білімі жоқ.

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon prilozhenie_kaz.doc135 KB
4 мамыр, 2018 - 14:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші