You are here

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырда № 239 қаулысының баспасөз релизі

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 4 мамырда № 239 қаулысы қабылданды.

Қаулы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру үшін әзірленді.

Қаулымен:

  • салық салу объектілері, сондай-ақ салық салуға жатпайтын кірістері бойынша сілтеме нормаларға сәйкес келтіру;
  • міндетті зейнетақы жарналары кешіктіріліп төленген әр күн үшін уәкілетті орган белгілейтін қайта қаржыландыру мөлшерлемелерін (мөлшерлеме 2,5-тен 1,25-ке дейін төмендейді) өзгерту;

- міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда берешекті қайтарып алу тәртібіне өзгерістер енгізу (2019 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі) көзделген.

Қабылданған қаулы құқықтық және әлеуметтік-экономикалық теріс салдарға әкелмейді.

 

ТіркемеМөлшер
Microsoft Office document icon press-reliz_gos.doc31.5 KB
Бөлімдер:
14 мамыр, 2018 - 14:56 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші