You are here

Cауықтыруға жәрдемақы төлеу туралы

Саламатсыздар ма!

«Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-і туғаннан 18 жасқа дейінгі кезеңде сөйлеу тілінде, көру, есту, оқып-үйрену, қарым-қатынас жасау мен жүріс-тұрысында қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек беруге арналған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып табылады. Мекеменің жұмыс уақыты: 09.00-18.00.

"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 Қаулысына сәйкес ППТК-де олигофренопедагог, мұғалім-логопед (логопед), сурдопедагог, тифлопедагог, педагог-психолог лауазымдары есеппен әр топқа 1 штаттық бірлік қарастырылады. білім алушылар санына байланысты, әлеуметтік педагог, емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық ырғақ бойынша педагог, әдіскер, тәрбиеші, медбике-массажист, тіркеуші қызметін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес педагог қызметкерлері үшiн нормативтiк оқу жүктемесi аптасына – 18 сағатты, тәрбиешiлер үшiн 25 сағатты құрайды. Осыған байланысты 1ш.б.  жүктемемен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлер күніне 3,6 сағат, тәрбиешілер 5 сағат жұмыс жасайды. Кейбір 1ш.б.  жүктемемен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлерге бұйрық негізінде 0,5ш.б. жүктеме қоса берілген, бірақ еңбек шарты жасалмаған.

Мысалы: 1) Негізгі жүктемесі (еңбек шарты бойынша) 1ш.б әлеуметтік педагогқа 0,5ш.б. тәрбиеші қызметі (3,6сағ+2,5сағ, күніне 6,1 сағат жұмыс жасайды);

2) Негізгі жүктемесі (еңбек шарты бойынша) 1ш.б педагог-психологқа 0,5ш.б. педагог-психолог қызметі (3,6сағ+1,8сағ, күніне 5,4 сағат жұмыс жасайды);

3) Негізгі жүктемесі (еңбек шарты бойынша) 1ш.б мұғалім-логопедке 0,5ш.б. мұғалім-логопед қызметі (5,4 сағат жұмыс жасайды) бұйрық негізінде қосып берілген.

Сұрақ:

  1. 1,5ш.б. жүктемемен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлерге күнтізбелік жылда бір рет төленетін сауықтыруға жәрдемақы қалай төлену қажет: негізгі жүктеме бойынша ма (1ш.б.) әлде нақты жүктеме бойынша ма (1,5 ш.б.)?  (Ескерту: Мекеменің ұжымдық шартында бұл туралы нақты көрсетілмеген.)
  2. Егер 0,5ш.б. жүктемеге бөлек еңбек шарты жасалған жағдайда қалай төлену қажет?
Жауап: 

ҚР Еңбек кодексінің 1-тармағына сәйкес жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.
Бұл ретте, қоса атқарылатын жұмыс кезінде бөлек еңбек шарты жасалуы қажет.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, Сіздің жағдайыңызда аталған қызметкерлердің 0,5 ш.б. қосымша жұмыстары қоса атқарылатын жұмыс болып табылады.
Осыған орай, қоса атқарылатын жұмыс кезінде еңбек шарты жалпы негіздеме бойынша жасалатындықтан, сауықтыруға арналған жәрдемақы негізгі жұмыс орны бойынша, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша нақты жүктемесіне қарай төленеді.

Сұрақтың нөмірі: 350188
22 маусым, 2018 - 15:27 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші