You are here

Еңбек ақы туралы

Саламатсыздар ма!  Мен  Арал ауданы,Жақсықылыш кентінде  мектепте  бағдарламашы болып  жұмыс жасаймын! Бізге сельский төленема ?  Мектеп  мұғалімдеріне  төленеді бірақ . Осы  туралы жауап беруіңізді  сұраймын!

Жауап: 

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
Сондай-ақ, бұл норма «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында көзделген, яғни ауылдық елдi мекендерге денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандардың (яғни, мұғалімдердің, дәрігерлердің және т.б.) тартылуын ынталандыру мақсатында және ауылдық аумақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған орай, Сіз көрсеткен бағдарламашы лауазымы барлық қызмет салалары үшін ортақ болып табылатындықтан және жоғарыда аталған салалар мамандарына жатпайтындықтан аталған төлем оларға қолданылмайды.

Сұрақтың нөмірі: 350231
27 маусым, 2018 - 18:43 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші