You are here

Сәлеметсіз бе! Кітапханада кадр маманы болып жұмыс жасаймын. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде еңбек ақы мекеме басшысына да, қызметкерге де төлене ме?

Жауап: 

Құрметті Айдана Жанболатқызы!
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 95-бабына сәйкес жұмыс беруші өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін.
Кері шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі жұмыс жылының жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына қосылады.
Жұмыскерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына, жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, жұмыс беруші жұмыскерді өндірістік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан шақыртқан жайғдайда, жұмыскерге шақыртылған уақыттан бастап еңбек ақы төленеді.

Сұрақтың нөмірі: 350981
9 тамыз, 2018 - 20:00 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші