You are here

Еңбек ақы туралы

Салеметсіздер ме! Түркістан облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың арнайы кітапханасының бас бухгалтері ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 7 қосымшасында көрсетілген: к ітапхана, клуб мекемелері мен мұражайлар қызметкерлері мүгедектермен соқыр және саңыраулық азаматтармен жұмыс істегені үшін қосымша 30 пайыз БЛЖ-дан төленетін қаржы қандай қызметкерлерге төленеді? Мысалы, біздің мекемеде сегіз көзі көрмейтін 1-топ көз мүгедектері жұмыс істейді (оқырмандардан басқа). Басшы директорда 1-топ көз мүгедегі. Мекемеде жұмыс істейтін бухгалтерлер, экономистер, жүргізушілерге тікелей мүгедектермен жұмыс істейтін қатынастарыңыз жоқ деп, 30 пайыз БЛЖ-дан төленетін қаржыны алып тастаймыз дейді. Сонда бухгалтер, экономистер мекеменің қызметкерлеріне жатпайды ма, оларда мүгедектермен тікелей қатынаста жұмыс істеп отыр ғой. Осы дұрыс па? Жауап берсеңіздер екен.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 7-қосымшаға сәйкес кітапханалар, клуб мекемелері және музейлер қызметкерлеріне:
- дене бітімінің дамуында кемістігі бар азаматтармен жұмыс істегені үшін;
- зағип және саңырау азаматтармен жұмыс істегені үшін базалық лауазымдық айлықақыдан 30 % мөлшерінде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда Сізбен аталған қызметкерлер (бухгалтер, экономист, жүргізуші) зағип және саңырау азаматтарға тікелей қызмет көрсетпейтіндіктен, аталған қосымша ақы оларға жүргізілмейді деп есептейміз.
Аталған сұрақ бойынша толық ақпарат алу үшін мәдениет саласында уәкілетті орган - ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 350983
1 тамыз, 2018 - 16:28 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші