You are here

eңбек ақы төлеу

2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек түрі еңгізілді.Осыған байланысты 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап ассистенттер жұмысқа қабылданды. Ассистенттің еңбек ақысы Д блогы бойынша анықталды.Д блогы бойынша еңбек ақыға: 

  1. ЛА-50%  төленеме?
  2. Сауықтыруға арналған жәрдемақылар және зейнеткерлікке шығатын адамға сауықтыруға арналған жәрдемақылар төлене ме?                                                                                                                                         Осы екі сұраққа толық көлемде түсініктеме жазып берсеңіздер  
Жауап: 

Бірінші сұрақ бойынша
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүргізіледі.
Қаулыға 6-Қосымшаға сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшыларына, мамандарына және басқа қызметшілеріне жұмыстың күрделілігі мен қауырттылығы үшін лауазымдық айлықақыдан 50 % мөлшерде қосымша ақы қарастырылған.
Осыған орай, аталған қосымша ақы халықты жұмыспен қамту орталықтарының барлық мамандарына (оның ішінде, ассистенттерге) және басқа қызметшілеріне жүргізіледі.

Екінші сұрақ бойынша
ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
Кодексктің 1-бабына сәйкес азаматтық қызметші – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Осыған орай, Сізбен аталған қызметкер мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның штаттық қызметкері болса, тиісінше қызметкер зейнеткерлік демалысқа шықпастан бұрын жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуі тиіс.

Сұрақтың нөмірі: 351077
6 тамыз, 2018 - 10:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші