check

You are here

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы құқығын іске асыру туралы

Сәлеметсіз бе? Менің қояр сұрағым: Негізгі мемлекеттік қызметшігің оқу демалысы кезеңінде оның орнына қабылданған Мемлекеттік қызметші жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кестесіне сәйкес жұмыс жылының, яғни мемлекеттік қызметшінің 13.12.2017 - 2018 жылдар кезеңі бойынша, 01.07.2018 жылы кезекті еңбек демалысын алуға тиіс болатын. Алайда, негізгі мемлекеттік қызметшінің 30.06.2018 жылы жұмысқа қайта келуіне байланысты, 29.06.2018 жылы жұмыстан босатылып, еңбек еткен күндері үшін еңбек ақы төленді. Сұрақ: осы мемлекеттік қызметшінің 01.01.2018 - 2019 ж.ж. кезеңінің 6 айына есептеліп, оған сауықтыру көмегі мен жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі ме?  Осы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі бір жарым жылды құрайды. Өткен жылғы еңбек демалысын толық пайдаланған.

Жауап: 

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқығы бар, ал жұмыс беруші жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге міндетті.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңының 54-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.
Сонымен бірге, Кодекстің 96-бабына сәйкес еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
Осыған орай, қызметкерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі тиіс, алайда сауықтыруға арналған жәрдемақы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына шыққан кезде күнтізбелік жылда бір рет төленеді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша нақты жауап алу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 351245
17 тамыз, 2018 - 09:23 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші