check

You are here

Логопед маманы бойынша

Сәлеметсіздер ме! Сіздерге бірнеше сұрақ қояйын деп едім. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «мүгедек балаларды оңалту орталығы» жартылай стационарлық коммуналдық мемлекеттік мекемесінде логопед маманының аптасына қанша сағат жұмыс жасау керектігі жөнінде.

1-сұрақ: Мүгедек балаларды оңалту орталығында қызмет атқаратын педагогикалық жоғары мамандығы бар логопед маманының аптасына 5 күндік жұмыс күнінде, 1 күнгі жұмыс сағаты және аптасына норматив бойынша қанша сағатты құрауы қажет және күніне сөйлеу тілінің ауыр ақаулықтары бар (Алалия, ДЦП, Синдром Дауна т.б) қанша мүгедек баламен норматив бойынша аптасына қанша сағат жұмыс жасауы тиіс?

2-сұрақ: Еңбек ақы төлеу мәселесі бойынша осы бөлімшеде жұмыс жасайтын логопед маманы сөйлеу тілінің ауыр ақаулықтары бар (Алалия, ДЦП, Синдром Дауна т.б) мүгедек балалармен жұмыс жасағаны үшін ерекше еңбек жағдайлары және аса ауыр еңбек жағдайлары үшін логопед маманына қосымша ақылар төленеді ме? төленетін жағдайда қанша пайыздық мөлшерде?

3-сұрақ: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүгедек балаларды оңалту орталығында» қызмет жасайтын логопед маманы мен білім беру саласындағы логопед мұғалімдерінің жұмыстары мен оқу жоспарлары және штаттық ставкалары айырмашылықтары бар ма? Бар болса қай белгіленген нормативтік акті бойынша қолданылады?

 

 

 Алдын ала рахмет!!!

Жауап: 

Медициналық-әлеуметтік және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері облыс, қала әкімдерінің басқару құрылымына енетінін ескере отырып, аталған мекемелерді білікті мамандармен қамтамасыз ету, басшыларын тағайындау, олардан азаматтарға сапалы қызмет көрсетуді талап ету, мемлекеттік сатып алу тапсырыстарын өткізу, сонымен бірге штаттық бірлік бөлу жергілікті атқарушы органдар құзырына жататынын хабарлаймыз.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйым персоналының штаттық нормативтері бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері сақтала отырып қалыптастырылады (негіз: «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы).
Сонымен бірге, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың ең аз штаттық нормативтеріне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың штаттық нормативтері бөлігінде логопед маманы қарастырылған.
Осы орайда, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілерге қосымша ақы төлеу мәселесі Қазақстан Республикасының «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысымен реттелген.

Сұрақтың нөмірі: 351339
7 қыркүйек, 2018 - 19:36 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші