check

You are here

Жалақы

Сәлеметсіз бе?

Менің сізге қояр сұрағым төмендегідей:

1-сұрағым. Мен кәсіптік колледжде оқытушымын. 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап жұмысқа декреттік демалыстан қосылдым. Сол сәтте маған математика пәні бойынша жылдық 794 сағат жүктемеден қалған, 435 сағат жүктеме берілді, яғни осы 435 сағатты мен ақпан айынан бастап өтуге тиістімін. Колледждерде жалақы егер оқытушы оқу жылының басынан бастап қосылған жағдайда жылдық жүктемені 10 айға бөлу жолымен есептеледі, ал егер оқу жылының ішінде қосылған жағдайда қалған сағаттық жүктеме қалған айларға бөлінуге тиісті. (Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы N 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5148 болып енгізілді. 18-19 тармақтарда көрсетілген)

Яғни осы көрсетілген ереже бойынша мендегі қалған айларда өтілетін 435 сағаттық жүктеме қалған 5 айға (ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым) бөлінуге тиесілі. Бірақ колледждің бас есепшісі осы сағатты 10 айға бөліп төлеп отыр. бірақ мен қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар айларында декреттік демалыста болдым. 

Неше мәрте барып есептессем де, солай жалақы төледі. Маған осының нақты шешімі керек.

Жауап: 

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында жалақы есептеудің тәртібі «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілген, оған сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында жалақы есептеу кезінде орташа айлық жалақы қолданылады.
Осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес оқу жылы ішінде жұмысқа кірген оқытушыларға тарифтік орташа айлық жалақы осы оқытушының сағаттық ставкасын оқу жылының аяғына дейінгі қалған толық оқу айларының оқу жүктемесіне көбейтіп, шыққан нәтижені сол айлардың санына бөлу жолымен белгіленеді.
Бұл ретте, аталған сұрағыңыз бойынша нақты түсіндірме алу үшін аталған бұйрықтың әзірлеушісі және білім саласындағы уәкілетті орган – ҚР Білім және ғылым министрлігіне хабарласуыңызды ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 351507
3 қыркүйек, 2018 - 17:25 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші