check

You are here

Бізде бір мұғалім 1 ставка завуч 9 сағат мұғалім болып жұмыс жасайды. Ақпан-мамыр ай аралығында қосымша 6 сағат жұмыс жасады.

Бізде бір мұғалім 1 ставка завуч 9 сағат мұғалім болып жұмыс жасайды. Ақпан-мамыр аралығында мұғалім декретке кетуіне байланысты оның 6 сағат жүктемесі уақытша берілді. Енді соған 6 сағатына өрлеу 30 % деңгейлігі төленема? Өрлеуі 30% өзінің 9 сағатына төленіп отыр.

Жауап: 

Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығымен реттеледі (бұдан әрі-Қағидалар), оған сәйкес ауырып қалған немесе басқа себептермен екі айдан аспайтындай уақыт ішінде жұмыста уақытша болмаған мұғалімдердің (оқытушылардың) міндеттерін орындау тәртібімен орындалған жұмыс сағаттары үшін ұйымдарда педагогикалық қызметкерлерге сағаттық төлем жүргізіледі.

Сонымен бірге, Қағидаларға сәйкес егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау қатарынан екі айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге еңбекақы оның орнын алмастырған күннен бастап жалпы тәртіп бойынша нақты педагогикалық жүктеменің барлық сағаттары үшін төленеді, яғни педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысы тарифтік ставканы (лауазымдық жалақыны) олардың апталық нақты жүктемесіне көбейту және шыққан нәтижені белгіленген нормативтік апталық оқу жүктемесіне бөлу жолымен белгіленеді.

Аталған бұйрықтың әзірлеушісі және білім саласында уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін есекере отырып, нақты ақпарат алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

 

 

Сұрақтың нөмірі: 351862
28 қыркүйек, 2018 - 12:19 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші