You are here

Баймулдиндер әулеті

Баймулдиндер әулеті
Номинация: 
Үздік еңбек әулеті
Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Отбасы мүшелерінің және туған-туысқандарының жалпы саны: 
11
Еңбек әулеті өкілдерінің жалпы еңбек өтілі: 
261
Байланыс мәліметтері: 
8-7132-56-85-30
Қысқаша сипаттама: 

Баймулдиндердің әулеті зауыттағы ең ірі және зауыт негізін қалаушылардың бірі. Әулет басшысы Баймулдин Беркін Карпықұлы, 1933 жылы туған, 23 жасында зауыттың
№3 балқыту цехына балқытушы ретінде жұмыс жасауға келді. Зауытта 30 жыл жұмыс жасап лайықты демалысына шыққан. Зауыттағы жұмыс барысында әулет басшысы өндіріске қосқан үлесі үшін мақтау қағаздарымен, дипломдармен, алғыс хаттармен көп рет марапатталды.

Зауытта балқытушы болып 40 жыл жұмыс жасаған Баймулдин Тілеу Карпыкұлы әулеттің үлкен мақтанышы. 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталған, Макар Мазай атындағы кеңес кәсіподағының жалғыз иегері, металлургия саласындағы жұмысшы кәсіподақ ОК мүшесі ретінде сайланды, құрметті металлург, бірнеше рет мақтау қағаздарымен, дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Ұлдары да өз әкелерінің жолдарын қуған: Баймулдин Марат Беркінұлы және Баймулдин Мурат Тілеуұлы.

Жолдастары да өз күйеулерінің артынан қалмаған: Баймулдина Азима Амандәулетқызы Карпықұлы Беркіннің жолдасы және Баймулдина-Дәулетбаева Бейбіт Мақсұтқызы Карпықұлы Тілеудің жолдасы.

Қазір зауытта Баймулдин әулетінің үшінші ұрпағы, олардың немерелері және шөберелері жұмыс жасауда – олар «Казхром» ТҰК» АҚ компаниясының дәстүрлерін сақтап және арттыра түскен жаңа ұрпақ металлургтері, жоғары білімді, кәсіби, адал жұмысшылар.

Әулет мүшелеріне әлденеше рет өндіріске қосқан үлестері үшін алғыстар жарияланды. Баймулдиндердің еңбек әулеті зауыттың қоғамдық өміріне белсенді араласады, әулет мүшелері жастардың кәсіптік бағдарлауына жәрдемдеседі, өз мамандығын, еңбекке, Еңбек адамына деген құрмет сезімін насихаттайды.

Баймулдиндердің әулеті зауыт еңбек ұжымының арасында жоғары дәреже, сенім мен зор құрметке ие.

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 16:11 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші