check

Сейдалы Олжас Бақытұлы

Сейдалы Олжас Бақытұлы
Номинация: 
Өндірістің үздік жас маманы
Аймақ: 
Ақтөбе облысы
Байланыс мәліметтері: 
8-7132-54-58-17
Қысқаша сипаттама: 

Сейдалы Олжас Бақытұлы, қазақ, білімі жоғары, (Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университеті) 2014 жылғы 8 шілдеден бастап, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясында «Техникалық қызмет көрсету орталығының электромонтері» болып қызмет жасап келеді.

  Сонымен қатар «Жастелеком» ЖБ–нің көшбасшысы. Қызметкерлер арасында өтетін түрлі байқауларда марапатталған.

  Осы уақытқа дейін аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулардың жеңімпазы және жүлдегері.

  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Жас Ақтөбе» облыстық жастар сыйлығының «Инновация және индустрия саласындағы үздік жас қызметкер» номинациясының иегері.

«Кел жастар оқылық» республикалық компаниясы аясында ұйымдастырылған «Жас жүректер жырлайды» атты поэзия күніне арналған облыстық жас ақындар мүшәйрасында  І орынды иеленді.

 ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Әлеуметтік–экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын кеңінен жариялауға арналған үздік шығармалар байқауының І орын иегері.

 2013 жылы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2050 Стратегиясы» атты Ақтөбе І облыстық жас ғалымдардың ғылыми–тәжірибелік конференциясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Астана қаласында ұйымдастырылған «Жастар және ЕХРО – 2017» атты
І республикалық оқушылар мен студенттердің ғылыми жобалар сайысында өзінің «Ақтөбе облысындағы Ырғыз өңірінің экотуризмі» атты жобасын ұсынып ІІІ орынға ие болды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына орай және «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық науқаны аясында оқу орындары аясында ұйымдастырылған «Жас ақын – 2012» атты облыстық мүшәйраның ІІ орын жүлдегері. Өлеңдері облыстық жас ақындар жинақ кітапшасына шығарылды.

Қазіргі таңда «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметкері ретінде еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан жас маман.

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 19:10 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші