Бисенов Бекнұр Амантайұлы

Бисенов Бекнур Амантаевич
Номинация: 
Өндірістің үздік жас маманы
Аймақ: 
Маңғыстау облысы
Байланыс мәліметтері: 
8-7292-42-01-78
Қысқаша сипаттама: 

Бисенов Бекнұр Амантайұлы 9 ақпан 1992 жылы дүниеге келген.

2014 жылы Актөбе гуманитарлық-техникалық колледжін «мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығын бітірді.

Бисенов Бекнұр 2016 жылдан бері «Өзенмұнайгаз» АҚ-да еңбек етеді. Еңбек жолын мұнай газ өндіру операторы ретінде бастады.

2017 жылғы маусым айында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның № 1 Мұнай газ өндіру басқармасына 4 дәрежелі орау станогінің станочнигі мамандығына ауысу арқылы қабылданды.

Компанияның жас мамандар кеңесінің белсенді мүшесі. Бисенов Бекнұр рационализаторлық жобаның қатысушысы. Компанияның «Жайдарман» лигасының
2017 жылғы чемпионы. Өмірдегі басты мақсаттардың бірі қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созу, олардың өзге жандардан еш айырмашылығы жоқ екенін дәлелдеу.

Сол бағытта 2012 жылдан бері «Алға» мүгедектер спорт клубына жетекшілік етіп келеді. Бүгінге дейін Қазақстан Республикасында тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заманауи спорт залын ашты. Еліміздің тарихында алғаш рет ұлттық құрама сатысында отырып ойнау волейболынан параазиаттық ойындарының қола жүлдегері.

Бисенов Бекнұр ұжым арасында тату, ешқандай өндіріске кері әсерін тигізетін немқұрайлы қылықтарын көрсеткен жоқ. Ардақты әке, өнегелі отбасының тірегі.

 

«Мен робот емеспін» блогын басқанда, робот емес адам дауыс беретінін тексереді. Егер әр турлі суреттермен терезе пайда болса, сол шыққан терезе белгілеріне еріңіз.
20 қазан, 2018 - 09:09 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші