You are here

Астанада «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы өтті

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»

Биыл аталған байқаудың ұйымдастырушылары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы болды.

Іс-шара барысында байқауға қатысқан барлық жобалардың көрмесі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмектесу, әлеуметтік салада еріктілерді дамыту секілді басқа да бағыттарға арналды.  

Конкурс елдегі проблемалық жағдайларға тап болған жандарды  қолдауды қажет ететін қөзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ел бойынша 318 жоба авторы қатысып, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық болды.

«Үздік әлеуметтік жобалар көрмесінің өткізілуі жыл сайынғы дәстүрге айналды, биыл ол республикалық деңгейге жетті және жобалардың саны айтарлықтай өсті. Тұрмыс жағдайында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өздерінің үлестерін қосатын көптеген адамдар бар. Жаңа жоспар шеңберінде біз қызметтерді көрсетудің халықаралық сапа стандарттарына көшуге тырысамыз, әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілетін болады. Алайда жалпы қоғам, қоғамдық ұйымдар және әрбір қазақстандық мұндай белсенді болмаса, біз табысқа жете алмаймыз.» - деді Мәдина Әбілқасымова.

Конкурс қорытындысы бойынша бір жеңімпаз анықталды, екінші орынды екі жоба авторы алса, үшінші орын үш адамға берілді.    Одан бөлек, комиссияның шешімімен 5 арнайы сыйлық пен онлайн-дауыс беру кезінде ең көп «лайк» жинаған 3 жоба авторына да жүлде тағайындалды.

Атап айтқанда, «Зейнеткерлерге тегін түскі ас» жобасымен қатысқан Рәсима Темірбаева – 1-орын, «Арбадағы кедергісіз өмір» жобасымен қатысқан Нұрболат Қарабасов пен «Ел назы» арт-терапиямен дамыту орталығы жобасымен қатысқан белгілі әнші Кенжебек Жанәбілов – 2-орын және «Үміт сәулесі», «Мейкатон «TOM: Kazakhstan» жобаларымен қатысқан Маржан Мәдиева мен Сәния Арапова 3-орын алды.
 

28 қыркүйек, 2018 - 19:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші