check

You are here

Еңбек демалысына ақы төлеу

          Саламатсыздар ма? Мен аудандық білім беруді үйлестіру орталығының әдіскері қызметінде бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келемін. 2017 жылдың шілде айында кезекті еңбек демалысымда болып, тамыз айында жұмысқа шықтым. Содан өз қызметімде жұмыс жасап, 2018 жылдың 1 шілдесі күні кезектегі еңбек демалысыма шықтым. Еңбек демалысыма 42 күн берілді. Ал бір жыл дауамында менің жалақым төмендегіше болды: 2017 жылдыңтамыз айы (начислено - 95000) 80 000 тг алдым, қаркүйек (начислено - 95000) 80 000 тг алдым, қазан (начислено - 95000) 80 000 тг алдым, қараша (начислено - 95000) 80 000 тг алдым, желтоқсан (начислено - 95000) 80 000 тг алдым  және 2018 жылдың - қаңтар (начислено - 95000) 80 000 тг алдым, ақпаны (начислено - 95000) 80 000 тг алдым, наурыз (начислено - 92000 ) 77 000 тг алдым, сәуір (начислено - 92000 ) 77 000 тг алдым, мамыр (начислено - 92000 ) 77 000 тг алдым, маусым (начислено - 92000 ) 77 000 тг көлемінде жалақы алып отырдым.                                            

Сізден сұрарым  жоғарыдағы жалақыммен 42 күндік кезектегі еңбек демалысыма қанша ақы аламын?

Одан бөлек сауықтыруыма қанша аламын?       

 Осыларды қалай есептеуге болады

Жылдағы Еңбек демалысым Начисление мен есептелема, әлде қолыма алған ақшамен есептеле ме?       Осы сұрақтарыма жауап берсеңіздер дегем, алдын ала рахмет!

Жауап: 

Еңбек демалысының ақысына қатысты.

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабына сәйкес жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы орташа жалақысы сақтала отырып беріледі.

Орташа жалақыны есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Осы Қағидаларға сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.

Орташа жалақыны есептеу кезінде осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген төлемдер ескерілмейді.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне (Сіздің жағдайыңызда, еңбек демалысы кезеңіне) сәйкес  келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Есеп айырысу кезеңі дегеніміз төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең.

Осыған орай, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күнтізбелік күндермен беріледі, бірақ төлемге еңбек демалысы күндеріне жұмыс режимі есебімен сәйкес келетін жұмыс күндері (сағаттары) жатады.

Қағидаларды қолдану бойынша Әдістемелік ұсынымдар Министрліктің сайтындағы ресми бөлімде орналасқанын ақпарат ретінде хабарлаймыз, онда орташа жалақыны есептеу тәртібі мысалдармен түсіндірілген.

Сонымен бірге, Кодекстің 113-бабына сәйкес жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

Осыған байланысты, жұмыс берушіден Сізге тиесілі сомаларды, оның ішінде еңбек демалысының ақысы бойынша ақпаратты алуыңызға болады.

Сондай-ақ, көрсетілген мысалдар бойынша есеп жүргізу ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне жатпайтындығын атап өту қажет.

 

Сауықтыру жәрдемақысы бойынша.

Кодекстің 139-бабына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге (мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын) лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып (күнтізбелік жылда бір рет), ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Бұл ретте, тарифтік мөлшерлеме (лауазымдық айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері.

 

Сұрақтың нөмірі: 352368
16 қазан, 2018 - 18:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші