check

You are here

"Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек" тақырыбына байланысты сұрақ-жауап

 Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не?

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мұқтаждық белгісінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.

*Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

*Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем түрінде аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

(МАӘК туралы Заңның 1-бабының 9 және 10-тармақшалары)

 

Атаулы әлеуметтік көмек алуға кім үміткер бола алады?

Жан басына шаққандағы орташа табысы мұқтаждық белгісі аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар.

Шартсыз ақшалай көмек:

1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; 1 немесе 2-топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты жұмыспен қамтуға  жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға;

2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

(МАӘК туралы Заңның 2-бабының 4-тармағы)

Шартты ақшалай көмек жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өзінің құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

(МАӘК туралы Заңның 2-бабының 5-тармағы)

 

Атаулы әлеуметтік көмектің аз қамтылған отбасыларды қолдаудың қазіргі уақытта қолданыстағы бағдарламаларынан айырмашылығы

Жаңа форматтағы АӘК пайда болғанға дейін әлеуметтік көмектің кез-келген түріне жүгіну процесі қайталанатын үш қадамнан тұратын циклмен шектелетін: өтініш беру – заңдылықты анықтау – ақшалай көмекті тағайындау және төлеу. Жәрдемақы тағайындалғаннан кейін өтініш беруші үш айға жоғалатын – келесі өтінішін бергенге дейін, ал көмекті тағайындаған маман ол туралы «ұмытатын». Әрине, өтініш берушіге жұмысқа орналасу ұсынылатын, бірақ отбасының басқа мүшелері бұл процеске қатыспайтын.

Жаңа форматтағы АӘК-тің қолданыстағы бағдарламалардан негізгі айырмашылығы – бұл отбасының жекеленген қажеттіліктеріне бағытталған кешенді тәсіл.

Әлеуметтік қорғау практикасында алғаш рет жұмысты өтініш беру ғана емес, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығымен жүргізеді. Оған қоса, алғаш рет жүгінген кезінен бастап отбасымен бір адам жұмыс істейді. Бұл ретте әлеуметтік қорғау органы мен көмек алушының өзара әрекеттесуінің жаңа практикасы қалыптасады.

 

Күнкөріс деңгейінің шамасы  дегеніміз не?

* Күнкөріс деңгейі - құрамына адамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түліктің, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығы кіретін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің заттай және бағалық құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Ол мыналардан тұрады:

1) азық-түлік себеті (күнкөріс деңгейінің 55%-ы).

Күнкөріс деңгейінің азық-түлік себетінің құрамына
2175 килокалорийге тең тәуліктік қуатты қамтамасыз ететін азық-түлік тауарларының 43 түрі кіреді.

2) Азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге шығыстардың белгіленген үлесі (ең төмен күнкөріс деңгейінің 45%-ы).

(«Әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері туралы» ҚР Заңының 17-18 баптары)

 

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийі қандай?

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің критерийі күнкөріс деңгейіне немесе мұқтаждық белгісіне белгіленген шектеу болып табылады.

Мұқтаждық белгісі – атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы

(МАӘК туралы Заңның 1-бабының 3-1) тармақшасы)

Қазақстан Республикасы бойынша мұқтаждық белгісінің мөлшерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде, орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында:

1) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын мұқтаждық белгісі;

2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кірістері мұқтаждық белгісі төмен халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды.

(МАӘК туралы Заңның 2-бабының 1-1 және 1-2 тармақтары)

 

Атаулы әлеуметтік көмек қалай есептеледі?

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін әр адамға (отбасына) арасындағы айырмашылық түрінде жан басына шаққандағы орташа табыс пен мұқтаждық белгісі есебінен отбасының әрбір мүшесіне есептеледі.

АӘК тағайындау және көрсету тәртібіне өзгерістер енгізілгеннен кейін көмек мөлшері былайша есептеледі:

- әр баланың, оның ішінде білім алушының күндізгі оқу нысаны бойынша кәмелетке толған соң-аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа дейін) атаулы әлеуметтік көмектің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-дан төмен емес мөлшерін құрайтын болады;

- отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесіне АӘК мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен мұқтаждық белгісі арасындағы айырма түрінде есептелетін болады.

 

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде қандай табыс түрлері есепке алынады?

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде ҚР-да және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі.

Бұл ретте, табыстың кейбір түрлері қайта қаралып, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының жиынтық табысына есептелмейтін болады.

р/с №

Табыстың түрлері

  • 01.04.2019 дейін

01.04.2019 кейін

1

еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын кірістер

  •  

 

 

оның ішінде кейбір әлеуметтік төлемдер

  •  

 

 

жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақылар

ескерілмейді

 

 

бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы

ескерілмейді

 

 

жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемдер

ескерілмейді

 

 

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған мүгедектік бойынша МАЖ

 

  •  

алынып тасталды

 

16 жастан 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға мүгедектік бойынша МАЖ

  •  

алынып тасталды

 

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға АМЖ

  •  

алынып тасталды

 

16-дан 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға АМЖ

  •  

алынып тасталды

 

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы

  •  

алынып тасталды

 

Құрамында 4 және одан да көп балалы отбасыларға АМЖ

  •  

алынып тасталды

2

2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және адамдарға алимент түріндегі кірістер»

  •  

 

3

ЖШҚ-дан (мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыстар)

  •  

 

4

кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстар

  •  

 

5

жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен табыстар

  •  

 

6

бағалы қағаздардан түскен табыстар

  •  

 

7

жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлік түрінде алынған табыстар

  •  

 

8

кредитті (микрокредитті) пайдаланудан түскен табыстар

  •  

 

9

өтеусіз алынған ақша түріндегі табыстар

  •  

 

10

ақша салымдары мен депозиттері бойынша сыйақы (мүдде) түріндегі табыстар

  •  

 

11

ақша аударымдары түріндегі табыстар

  •  

 

12

конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарды қоса алғанда, ұтыстар бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі табыстар

  •  

 

13

кірістердің өзге түрлері:

 

 

 

атаулы әлеуметтік көмек

ескерілмейді

 

 

тұрғын үй көмегі

ескерілмейді

 

 

ТЖ салдарынан денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек

ескерілмейді

 

 

білім беру ұйымдарында көрсетілетін аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек

ескерілмейді

 

 

мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілген ақшалай немесе заттай түрдегі көмек

ескерілмейді

 

 

қайырымдылық көмек

ескерілмейді

 

 

азаматтардың тегін немесе жеңілдікті протездеуге жол жүруінің төлемі

ескерілмейді

 

 

протездеу кезінде азаматтарды ұстау

ескерілмейді

 

 

азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны

ескерілмейді

 

 

ҚР заңнамасына сәйкес дәрілік препараттар, санаторлық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (дайындау және жөндеу), қозғалыс құралдары түрінде көрсетілген көмектің заттай түрлері

ескерілмейді

 

 

(мүгедектер арбалары) және мүгедектерге арналған оңалту, оқу орындарында тегін тамақтану және көмек

ескерілмейді

 

 

қаржыландыру көзіне қарамастан оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендия

01.03. 2019 ж. бастап алынып тасталды

 

 

Әлеуметтік келісімшарт және отбасыға көмектің жеке жоспары дегеніміз не?

Әлеуметтік келісімшарт екі тараптың – әлеуметтік көмек алушы мен әлеуметтік қорғау қызметінің міндеттемелері қамтылған, қаржылай көмек алуға арналған.

Яғни, мемлекет өз тарапынан отбасының өмірлік қиын жағдайдан шығуы үшін кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу шараларын қолданатын болады, оларға қаржылай көмек те қосылады (жаңа форматтағы АӘК), ол үшін алушыдан тиісті әрекеттер талап етіледі (жұмыс іздеу, әлеуметтік-кәсіптік бейімдеу).

Келісімшарт бойынша аз қамтылған азаматтар өзіне жұмысқа орналасу бойынша міндеттемелер қабылдайды (көбінесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында), мемлекет жергілікті деңгейдегі атқарушы орган ретінде (Жұмыспен қамту орталығы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын, ал қажетті жағдайларда – әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсетуге міндеттенеді.

Отбасыға көмек көрсетудің жеке жоспары – Жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесе отырып әзірлеген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар жоспары.

Отбасыға көмек көрсетудің жеке жоспарына отбасының өмірлік қиын жағдайдан шығуы үшін нақты іс-шаралар кешені кіреді.

Отбасыға көмек көрсетудің жеке жоспары әлеуметтік келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

 

Әлеуметтік келісімшарт жасасу

Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті талап болып табылады.

(МАӘК туралы Заңның 2-бабының 6-тармағы)

Әлеуметтік келісімшарт учаскелік комиссияның қорытындысын, сонымен қатар, қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссиялардың ұсынымдарын алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде жасалады.

Заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт жасасу мерзімі алты айдан он екі айға дейін ұзартылатын болады.

Бұл ретте, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігі атаулы    әлеуметтік көмек тағайындау және тағайындау қағидаларынан алынып тасталады.

 

Әлеуметтік келісімшартты бұзу

Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт аз қамтылған адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарт талаптарын және жеке жоспар іс-шараларын толық көлемде орындамаған кезде бұзылады.

Әлеуметтік келісімшартты бұзу отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне төленетін шартты ақшалай көмекті тоқтатуға негіз болады.

Әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны алғаш рет анықталған жағдайларда шартты ақшалай көмек мөлшері кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдарды және отбасы мүшелерінің жеті жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын бір мүшесін қоспағанда, он сегіз жастан үлкен барлық отбасы мүшелеріне бір ай ішінде әлеуметтік келісімшарт қолданысының қалған кезеңіне елу пайызға қысқартылады.

Міндеттемелердің орындалмағаны қайта анықталған кезде, кәмелетке толмаған балаларға, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға және отбасы мүшелерінің жеті жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын бір мүшесіне берілетін төлемнен басқа, шартты ақшалай көмек төлемі тоқтатылады.

(МАӘКТ туралы Заңның 4-бабының 12-тармағы)

 

Атаулы әлеуметтік көмек қандай кезеңге тағайындалады

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңі төлем түріне байланысты.

Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға (3 ай) тағайындалады және ай сайын төленеді.

Жаңа тәртіп бойынша шартсыз ақшалай көмекті тағайындау мерзімі 6 айға дейін ұзартылды.

Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзіміне тағайындалады.

Жаңа тәртіпке сәйкес әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.

Шартты ақшалай көмек өтініш берушінің өтініші бойынша ай сайын немесе үш айға бір рет төленеді.

 

Ассистенттер мен консультанттар деген кімдер?

Жұмыспен қамту орталықтарының штатына ассистенттер мен консультанттарды енгізу атаулы әлеуметтік көмекті реформалаудағы маңызды жаңалық болып табылады.

Ассистенттер мен консультанттар жәрдемақы алатын адамдарға қолдау көрсетеді, жұмыс іздеуде жәрдемдеседі, әлеуметтік бейімдеу бойынша қажетті қызметтер кешенін қамтамасыз етеді және жәрдемақы алатын адамдардың міндеттемелерді орындауын бақылайды.

Кедей отбасындағы жағдайға жеке тәсіл қолдану, әрбір нақты жағдайда бейімдеудің нақты бағыттарын әзірлеу жүйені жаңғыртудың нәтижесі болады.

Ассистент – халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын қызметкері.

(МАӘК туралы Заңның 1-бабының 1)-тармақшасы)

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және аз қамтылған адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері.

(МАӘК туралы Заңның 1-бабының 1-1) тармақшасы)

 

Комиссиялар не үшін қажет?

Учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.

(МАӘК туралы Заңның 1-бабының 7-тармағы)

Отбасының материалдық жағдайын растау үшін учаскелік комиссияға өтініш беріледі.

Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамту және (немесе) әлеуметтік бейімдеу шараларына мұқтаж болған, оларды көрсету туралы шешім қабылдау Орталықтың құзыретіне кірмейтін, сондай-ақ әлеуметтік келісімшартты ұзартуға қажеттілік болған жағдайда аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға жүгінуге болады.

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – аудан, қала, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында құрылған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия;

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) аумағындағы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия.

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары дегеніміз не?

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңында көзделген жағдайлар мен тәртіпте жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге адамдарды «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары.

(Халықты жұмыспен қамту туралы Заңның 1-бабының
16) тармақшасы)

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің «белсенді» шараларына:

1) кәсіптік оқытуға жіберу;

2) азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу;

3) жастар практикасына жіберу;

4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

5) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу;

6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;

7) қоғамдық жұмыстар кіреді.

(Халықты жұмыспен қамту туралы Заңның 17-бабының 1 және
2-тармақтары)

 

 

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына кім тартылмайды?

Шартты ақшалай көмек төлеу үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу мынадай санаттарға:

1) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

2) күндізгі бөлімде оқитын қатысушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттарға және магистранттарға;

3) екі айдан астам уақыт жұмысқа жарамсыздық белгіленуі мүмкін болатын ауруға шалдыққан адамдарға;

4) басқа адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж жеті жасқа дейінгі балаларға, мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, сексен жастан асқан қарттарға күтім жасайтын адамдарға;

5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті емес.

(МАӘКТ туралы Заңның 2-бабының 6-тармағы)

 

Әлеуметтік бейімдеу шаралары дегеніміз не?

Әлеуметтік бейімдеу шараларына келесі іс-шаралар кіреді:

1) тұрғын үй көмегін көрсету;

2) жергілікті өкілді органдардың шешімімен анықталатын тәртіппен және мөлшерде әлеуметтік көмек көрсету;

3) скринингтік қараудан өту;

4) әлеуметтік маңызды ауруы болған кезде емделу;

5) жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында медициналық есепке қою;

6) АӘК алуға құқығы бар отбасылардан, сонымен қатар АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің оқушыларына және тәлімгерлеріне, сондай-ақ жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдай нәтижесінде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардағы балаларға және оқушылар мен тәлімгерлердің өзге де санаттарына қаржылай және материалдық көмек көрсету;

7) білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек ұсыну;

8) мектепке дейінгі тәрбиені және оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында орын алуға және балаларын қосымша білім беру ұйымдарына есепке қоюға жәрдемдесу.

 

Әлеуметтік сүйемелдеу деген не?

Әлеуметтік сүйемелдеу – бұл шешім қабылдау, әлеуметтік келісімшартты орындауға қажетті өзінің әлеуетін жүзеге асыру, отбасының өмір сүру деңгейін жақсарту және өмірлік қиын жағдайдан тұрақты шығу үшін аз қамтылған отбасының белсенділігін қолдауға бағытталған шаралар.

Ол ассистентер мен консультанттардан мұқият тыңдау дағдыларын қолдануды талап етеді: проблеманы шешуге кіріспес бұрын тыңдау және проблеманы жалпы түсінуіне көз жеткізу.

Әлеуметтік сүйемелдеу әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы проблемаларды шешуге ықпалдасуды қамтуы мүмкін.

1. Әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау салаларында, жұмыспен қамту орталықтарында – атаулы әлеуметтік көмек ұсыну барысында толық деңгейде жүзеге асырылады (тағайындау, төлеу, жұмыспен қамту шаралары, әлеуметтік бейімдеу, басқа да әлеуметтік бағдарламаларға тарту).

2. Білім беру саласы – өтініш берушілерді оқытуға және қайта оқытуға тарту, тұрғылықты жері бойынша қосымша қысқа мерзімді курстардың бар екендігі, оларды аяқтаған соң жұмысқа тұрғызу, оның ішінде мектеп түлектеріне және жоғары сынып оқушыларына да ұсынылатындығы туралы ақпараттандыру. Бұл жерде әлеуметтік сүйемелдеудің бөлігі ретінде отбасының кіші мүшелерін балабақшаларға (миниорталықтарға), ал жасөспірімдерді – спорт секциялары мен клубтарға тартуға ықпалдасуды алуға болады.

3. Денсаулық сақтау саласы – бұл ретте ассистенттер мен консультанттардың рөлі көп жағдайда ұсынымдық сипатты иеленеді. Ассистенттер мен консультанттар баратын отбасыларға өзінің және балаларының денсаулығын күтудің маңыздылығын еске түсіріп отыруы қажет. Отбасының ересек мүшелеріне скринингтен өту, жүкті әйелдерге консультацияларға тұрақты бару, тексерілуге бару және т.б. қажеттілігін жеткізу қажет.

4. Әлеуметтік сүйемелдеудегі психологиялық және заң саласындағы көмек құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесуге (жеке куәлік, білім туралы куәлік және т.б.), моральдық және психологиялық қолдау көрсетуге, мұқтаж отбасы мүшелерін психологиялық қолдау топтарына қосуға негізделеді.

 

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қайда жүгіну қажет? Қандай құжаттар қажет?

Бүгінде үміткерлерге атаулы әлеуметтік көмек алу үшін - тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгінуге қажет.

АӘК тағайындау үшін өтініш беру және мынадай құжаттарды қоса беру қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;;

2) АШБ-ның болуы туралы мәліметтер;

3) банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;

4) туу туралы куәлік (қайтыс болған) баланың (балалардың);

5) неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік;

6) оқу орнының анықтамасы.

Жаңа тәртіпке сәйкес үміткерлерге атаулы әлеуметтік көмек алу үшін - тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына ал ауылдық жерде тұрған жағдайда ауылдық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне – белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінуге болады.

Орталық уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде - кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асыратын болады.

Енді атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш берушілердің құжаттарын ұсыну талап етілмейді.

 

Бірыңғай әлеуметтік пакет дегеніміз не? Ол кімге көрсетіледі?

Жақын арада атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен мұқтаж көп балалы отбасылар үшін жергілікті атқарушы органдар есебінен әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтердің бірыңғай пакеті бекітілетін болады:

1. 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

2.      Балалар мен аналар үшін қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру;

3.      Мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету;

4.      Балабақшалардағы орынға басым құқық;

5.      Балалар лагерьлерінде тегін демалыс;

6.      Коммуналдық қызметтер бойынша өтемақы төлемдері, әлеуметтік көмірмен және отынмен қамтамасыз ету;

7.      Газ талдағыштарды, жарық және су есептегіштерін тегін орнату;

8.      Үйде әлеуметтік жұмыс орындарын құру, көп балалы отбасылар үшін гранттар мен микрокредиттер беру;

9.      АӘК барлық еңбекке қабілетті алушылар үшін жұмыспен қамту шараларымен қамту (оқыту, жұмысқа орналастыру, жастар тәжірибесі, гранттар мен микрокредиттер);

10.    Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту;

11.    Біржолғы әлеуметтік көмек ұсыну.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мақсаттары:

- халықты әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға тарту, азаматтардың жоғарғы хабардарлық деңгейін қамтамасыз ету;

- реформаны жүзеге асыру барысында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау;

- жүргізіліп жатқан реформаларға азаматтардың оң көзқарасын қалыптастыру бойынша жергілікті басқармалардың үйлестірілген жұмысын қамтамасыз ету.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының міндеттері:

- әлеуметтік көмек жүйесіндегі өзгерістер барысында әлеуметтік тұрақсыздықтың, шиеленістердің орын алу қаупін төмендету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың халықпен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;

- әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі өзгерістер туралы халықты хабардар болуын қамтамасыз ету;

- халықпен «кері байланыс» жүйесін жүзеге асыру.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кім қатысады?

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге:

 - халықты жұмыспен қамту орталықтары;

- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметітк бағдарламалар басқармалары/бөлімдері;

- Еңбекминінің аумақтық құрылымдық бөлімшелері;

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдері;

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының бөлімдері, «Қазпочта» АҚ;

- Еңбек инспекциясы;

- әкімдіктер;

- басқа мекемелердің/ұйымдардың өкілдері (қажет болса) тартылады.

Көрсетілген мемлекеттік органдардың/ұйымдардың өкілдері ақпараттық қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-шараларды жүргізу үшін тартылады.

 

Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі іс-шаралары

Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі іс-шараларына мыналар жатады:

- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, ауыл, ауылдық округ, аудан әкімдеріне және жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік көмек көрсету;

- атаулы әлеуметтік көмек көрсету процесіне қатысушы мамандар үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу;

- «дөңгелек үстелдер», халыққа есеп беру кездесулерін, «ашық есік» күндерін және білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, жұмыс берушілердің қатысуымен жиналыстар өткізуді ұйымдастыру;

- республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмыс жүргізу;

- әлеуметтік сауалнамалар, «қауырт желіні» ұйымдастыру, қоғамдық пікірге үнемі мониторинг жүргізу;

- мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру;

- ассистенттердің үй-үйді аралауын ұйымдастыру және жүргізу.

 

Медиа-компанияларды жүргізу кезеңдері

Ақпараттық компанияларды жүргізу үш кезеңнен тұрады:

1-кезең

- мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс отырыстарын өткізу;

- республикалық және өңірлік БАҚ басшыларымен және бас редакторларымен кездесулер өткізу;

- қажет құжаттарды әзірлеу: оқиғалар тізбегі, спикерлер, тезистер және топиктер, баспасөз релиздері және т.б.

2-кезең

- мемлекеттік органдардың жұмыс ерекшелігін және өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып ақпараттық сүйемелдеу жоспарын әзірлеу;

- мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен бағыт беретін жиналыстар өткізу;

-  Орталық және өңірлік коммуникациялар қызметтері базасында  БАҚ үшін брифингтер/баспасөз конференцияларын өткізу.

3-кезең

- ақпараттық компанияларды ақпараттық сүйемелдеу жоспарына сәйкес бастау және жүзеге асыру;

- ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу, қажет болған кезде жедел әрекет ету;

- атқарылған жұмыстардың нәтижесін шығару.

 

Үй-үйді аралауды ұйымдастыру және жүргізу

Жұмыспен қамту орталықтарының ассистенттері басқа мемлекеттік органдармен бірге (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен, білім беру бөлімдерімен, ауылдық округтердің әкімдерімен және басқалар) мұқтаж аз қамтылған отбасыларды анықтайды.

Мұқтаж отбасыларды анықтау үшін ассистенттер мынадай критерийлер бойынша талдау жүргізеді:

- тұрмыс жағдайы (өз тұрғын үйінің, жеке қосалқы шаруашылықтың, автокөліктің және т.б. болуы);

- отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны, оның ішінде еңбекке қабілеттілер, балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, студенттер, күтім жасаушы адамдар және т.б.);

- отбасының табысы (отбасы мүшелерінің жалақысы, отбасының жан басына шаққандағы табысы);

- отбасы мүшелерінің әлеуметтік мәртебесі (жұмыс істейтін, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, зейнеткер, студент және т.б.).

Отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін тарту үшін ассистент Жұмыспен қамту орталықтары беретін өзекті бос жұмыс орындарының тізімімен, кәсіптік оқыту бағдарламаларымен, сондай-ақ микрокредит беретін ұйымдардың тізбесімен және оларды алу тәртібімен қамтамасыз етіледі.

Аз қамтылған мұқтаж отбасылар анықталған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды жинауға ықпалдасады.

 

Мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру

Өңірлердегі мобильді топтардың жұмысын қамтамасыз ету:

- мобильді топтарды құру (куратор - әкімдік) және шығу бағдарын әзірлеу;

- халыққа таратылатын материалдарды әзірлеу (буклеттер, үнпарақтар, баннерлер және кітапшалар);

-  мобильді қызметтердің елді мекендерге шығуы туралы халықты хабардар ету;

-  мобильді топтардың қызметін БАҚ-та жариялау.

Мобильді қызметтердің негізгі функциялары:

- халық жиындарында, қоғамдық тыңдауларда және т.б. ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда жәрдемдесу, консультация беру және Жұмыспен қамту орталықтарына жолдама беру;

-  әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды қабылдау.

 

Халықпен ақпараттық жұмыс жүргізудің ерекшеліктері

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген отбасы белгілі шарттарды орындауға және міндеттерді орындау үшін жауапкершілікті алуға тиіс. Бұл ретте, ассистенттер мен консультанттар осындай отбасыларды ақпараттандыру барысында сенімсіздік пен жаңалықтардан бас тартуға тап болады.

Сонымен қатар, жаңалықтарды қабылдауына қарай адамдарды бес топқа бөлуге болады:

1. Инноваторлар халықтың 2,5%-ы, жаңа форматтағы АӘК мүмкіндіктерімен алғашқы танысқан отбасылар жатады. Әдетте, олар өте аз және өте маңызды, сондықтан соларға қарап басқаларды ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

2. Алғашқы жол салушы отбасылар халықтың 13,5%-ы. Олар жаңалықтарға немесе өзгерістерге қажеттілікті байқайды, тек қажетті ақпаратты нысаналы топқа жеткізу қажет. Солардың жетістіктері алдыңғы келген көпшілікке тартымды болады.

3. Алдыңғы келген көпшілік халықтың 34%-ы. Мұндай адамдар барлық кезде «басқаның жетістіктеріне» қарайды. Әдеттегідей, бұл топ өзгерістерге онша дайын болмайды және оларды тартуға көбірек уақыт керек. Бірақ, шешілсе олар кейінгі көпшілікке үлгі болады.

4. Соңғы келген көпшілік халықтың 16%-ы, олар тек алғашқы жол салушылар мен алдыңғы көпшіліктің жетістіктерінен кейін ғана қызығушылық танытады. Соңғы келген көпшілік тек материалдық жетістіктерді – жоғары табыс, жөнделген құрылыстар немесе жұмысқа сатып алған велосипедімен баратын көршісін көргеннен кейін ғана қатысуға өтініш білдіреді.

5. Артта қалушылар – 16%.

Осылайша, жаңалықтарды енгізу процесін біркелкі түсінбеу түсінігі бізге мынаны береді:

Біріншіден, біз көріп тұрғандай жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті ұсыну барысында ауданда, қалада, ауылда ассистенттер мен консультанттар скептицизмге және түсінбестікке тап болуы мүмкін.

Екіншіден, аз қамтылған отбасыларды тарту бойынша жұмыстарды тоқтатуға болмайтыны айқын болып келеді – ол туралы ақпарат алмаса, соңғы келген көпшілік бағдарлама туралы ұмыта бастайды.

Үшіншіден, отбасы қызметтен бас тартқан жағдайда ассистент, консультант, ауыл әкімі және басқалар әрекет етуді тоқтатпауға тиіс. Егер отбасы мүшелері «соңғы ерушілердің» тобына жататын болса – олар бірнеше отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған соң қосылады.

Төртіншіден, қатысу туралы шешімді қабылдау мерзімінің әр түрлі болуын түсіну өтініш берушіні кеш келуден жазғырудан сақтауға мүмкіндік береді, демек жанжалдарға және сенімді жоғалтуға жол бермейді.

Бесіншіден, атаулы әлеуметтік көмекке тарту процесіне мүмкіндігінше барлық жергілікті қоғам мүшелері – новаторлар, яғни бұрын жаңа форматта АӘК алған, сол сияқты қандай да амалдармен әлеуметтік көмекке жаңа тәсілдің қабылдануын тездетуі мүмкін басқа да мүдделі өкілдер қатысқаны дұрыс.

Өзгерістерді бөлу теориясының басты түйіні – онымен жұмыс істеуге және оларды тездетуге болатындығы. Баспасөзде жарияланатын, жиындарда және отбасыларды аралау барысында айтылатын табысты оқиғалар, сол сияқты халық арасындағы әңгімелер (біздің қоғамда жекелеген отбасыларда болған жағдайлар барлығына тез жетеді) тездетуге ықпалын тигізеді.

19 наурыз, 2019 - 09:45 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші