You are here

Cәлеметсіздер, перфузиологқа қосымша ақы төлеуге байланысты

Cәлеметсіздер, перфузиологқа қосымша ақы төлеуге байланысты сұрақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5 қосымшасына сәйкес, жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемесімен жоғары дәрежеде ұштасатын дәрігерлерге БЛД-дан төленетін 150% қосымша перфузиолог маманына төлене ме? Қаулыда көрсетілген дәрігер мамандарының ішінде перфузиолог аталмаған.

Жауап: 

. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.

Қаулыға 5-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы қарастырылған.

Бұл ретте, қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының нақты тізбесі және олардың психоэмоциялық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттары қаулыға 21-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласында уәкілетті орган ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңыз бойынша нақты жауап алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 353373
13 желтоқсан, 2018 - 13:17 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші