You are here

Еңбек ақы жайлы

Сәлеметсіздер ме! мен Тәжі Ерлан Әшімханұлы Түркістан обл, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында,  Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығында" КММ-де "Кадр жөніндегі инспектор" болып 02.08.2018 жылынан бері жұмыс істеймін. Жұмыс стажым 2 жыл, Жоғары білім бітіргенмін.  Бухгалтеріміз мені   "С2-Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар" қатарына сай емессің деп  "С3  Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар;" осы С3 бойынша есептеп еңбек ақымды беріп атыр, қолыма 40 000 теңге аламын. Сіздерден сұрайын дегенім менің нақты еңбек ақымды қандай санатта, енбек ақым неше теңге аралығында болу керек екенін жауап бере аласыздар ма? Рақмет

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 3-тармағына сәйкес ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысы (ЛА) (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді базалық лауазымдық айлықақы (БЛА) мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.
Лауазымдық айлықақыларды есептеуге арналған коэффициенттер Қаулыға 2-қосымшамен бекітілген.
БЛА мөлшері бүгінгі күні 17697 теңгені құрайды.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі кадрлар жөніндегі инспектор С2, біліктілігі орташа деңгейлі – С3 буындарына жатқызылған.
Осыған орай, егер Сіздің біліміңіз жоғары деңгейде болса, еңбегіңізге ақы төлеу С2 буыны бойынша, біліміңіз орташа деңгейде болса – С3 буыны бойынша анықталады.

Мысалы, біліктілігі орташа деңгейлі 1-2 жыл еңбек өтілі бар кадр жөніндегі инспектордың лауазымдық айлықақысы 49374,63 (2,79 (тиісті коэф.) * 17 697 (БЛА)) теңгені құрайды.

Сұрақтың нөмірі: 357876
29 желтоқсан, 2018 - 12:49 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші