You are here

Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны үшін қанша пайыз ақы төлейді?

Салематсызба, Мен Назгүл Қобландықызы Атырау облысы Құлсары қаласында Қала әкімшілігінде бас маман болып қызмет етемін. Еңбек өтілім 3 жыл. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бала күтіміне кеткен маманның міндеттерін қоса атқарып отырғаным үшін маған есепші 0,3% қосымша ақы төлеп отыр. Сол қаншалықты дұрыс? Рахмет

Жауап: 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңының 38-бабына сәйкес қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ақы белгіленеді.
ҚР Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.
Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша нақты және ресми ақпарат алу үшін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне жүгінуіңізді ұсынамыз.

Сұрақтың нөмірі: 358155
30 қаңтар, 2019 - 17:03 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші