You are here

Еңбекақы төлеу әдіснамасы

Құрметті Мәдина Ерасылқызы ! мен Тәжі Ерлан Әшімханұлы Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында,  Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығында" КММ-де "Кадр жөніндегі инспектор" болып 02.08.2018 жылынан бері жұмыс істеймін. Жұмыс стажым 3 жыл, Жоғары білім бітіргенмін, мамандығым-стандартизация метрология и сертификация.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығында  8-параграфінде, Кадр жөніндегі инспектор дегеннің Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: 
      жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (экономикалық, заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (экономикалық, заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, болуы керек делінген.   Мекеме бухгалтері  мені   "С2-Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар" қатарына сай емессің деп  "С3  Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар;" яғни С3 бойынша есептеп еңбек ақымды беріп атыр. Сіздерден сұрайын дегенім менің біліктілігім қай санатқа жататтынын біліп берулеріңізді сұраймын  С2 немесе С3  және  енбек ақым неше теңге аралығында болу керек екенін жауап бере аласыздар ма?  Өте шұғыл болғандықтан шұғыл түрде жауап беруіңізді сұранамын. Алдын-ала рахмет.

Жауап: 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде жүзеге асырылады.
Қаулының 4-тармағына сәйкес лауазымдық айлықақыларды анықтау үшін тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес біліктілігі жоғары деңгейлі кадрлар жөніндегі инспектор С2, біліктілігі орташа деңгейлі – С3 буындарына жатқызылған.
Бұл ретте, «Барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 775 бұйрығына сәйкес кадр жөніндегі инспектор біліктілігіне талаптар қойылған: жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) кәсіптік (экономикалық, заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі (экономикалық, заң) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық пен бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда «Стандартизация, метрология және сертификация» мамандығы бойынша жоғары біліміңіз жоғары кәсіптік (экономикалық, заң) білім болып табылмайтындықтан, еңбегіңізге ақы төлеу С3 буыны бойынша анықталады деп есептейміз.
Мысалы, біліктілігі орташа деңгейлі 2-3 жыл еңбек өтілі бар кадр жөніндегі инспектордың лауазымдық айлықақысы 49905,54 (2,82 (тиісті коэф.) * 17 697 (БЛА)) теңгені құрайды.

Сұрақтың нөмірі: 358231
30 қаңтар, 2019 - 17:36 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші