You are here

Жаңа стандарттар – айқын ойын ережелері

Экономикада ең үлкен сұранысқа ие 16 бағыт бойынша Қазақстанда жаңа 480 кәсіптік стандарт дайындала бастады.

Дайындалып жатқан кәсіптік стандарттар әлеуметтік сала, қаржылық сектор, медицина және туризм, сауда және азық-түлік саласын, мұнай-газ және өңдеу өнеркәсібін, машина құрылысы және логистиканы, энергетика және агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс және ТҮК, шағын бизнес және басқа да басымдыққа ие салаларды қамтитын болады.

Кәсіптік стандарттарды дайындау және өзекті ету бағытындағы жұмыс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылай қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жалпы алғанда, жоба аясында 550 кәсіптік стандартты дайындап бекіту жоспарланған, қазірдің өзінде 70 стандарт дайындалып, ішінара бекітіліп үлгерілді.

Кәсіптік стандарттар – Ұлттық біліктіліктер жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл жүйе салалық біліктіліктер шеңберін және кәсіптік стандарттарды дайындауға арналған жалпы кәсіптік құзыреттіліктер деңгейінің бірыңғай шкаласын құрайды.  Салалық біліктіліктер шеңберіне және кәсіптік стандарттарға қоса, білім беру бағдарламалары, біліктіліктерді бағалау және тағайындауға арналған тәуелсіз жүйе Ұлттық біліктіліктер жүйесінің ажырамас бөліктері болып табылады.

Кәсіптік стандарттардың мазмұны жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескереді. Жұмыс берушілердің қауымдастықтары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер платасы және жұмысшылардың салалық бірлестіктері ортақтаса отырып, салалық біліктіліктер шеңбері негізінде кәсіптік стандарттарды дайындайды. Нақты кәсіптік қызмет саласындағы бағдарлар анықталып, мамандардың біліктілігі мен құзыреттілігіне, еңбек жағдайларына, оның мазмұны мен сапасына қойылатын талаптар белгіленеді.

Жаңа кәсіптік стандарттарды ендіру білім беру жүйесін жаңғыртуға жағдай жасап, білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын дайындаудың іргетасы ретінде қызмет етпек. Оқу мекемелері теориялық жағынан дайындаумен қатар, кәсіби құзыреттіліктерді де қалыптастыруы тиіс.

Кәсіптік стандарттар еңбек нарығындағы тепе-теңдікті қалыптастыруға көмектесіп, жұмыс берушілер мен жұмысшыларға бірыңғай талаптарды қоя отырып, айқын «ойын ережелерімен» қамтамасыз етеді. Тараптардың барлығы нақты кәсіби қызметпен айналысу үшін не қажет екендігін жете түсінетін болады. Жұмысшы жұмыс берушінің дұрыс емес талаптарынан қорғалса, жұмыс беруші жұмысшы алдындағы міндеттерін түсіне отырып, кадрлық саясатты сауатты түрде жоспарлап, жүргізе алатын болады.

Жоба аясында дайындалып жатқан жаңа кәсіптік стандарттар еңбек нарығының барлық қатысушыларына сенімді бағдарды ұсынбақ.

 

Бөлімдер:
13 ақпан, 2019 - 15:44 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші