check

You are here

Никос Манолопулос: «Қазақстандағы қысқамерзімді оқыту сапасы – жоғары деңгейде»

Дизайн, бухгалтерлік есеп, шет тілдері курстары – жаңа білім алудың және жұмысқа орналасу мүмкіндігімізді арттырудың қарапайым және салыстырмалы түрде қымбат емес амалы, сол себепті олар халық арасында сұранысқа ие. Сонымен қатар қысқамерзімді курстар түріндегі білім беру қызметі Қазақстанда лицензиялауға жатпайды, сондықтан бұл нарықтың ауқымын бағалап, көрсетілетін қызметтердің қаншалықты тиімді екендігін анықтау айтарлықтай қиын. Дегенмен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырып отырған «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы сарапшыларының алдында осындай міндет тұр. Бір жыл ішінде халықаралық мамандар командасы қысқамерзімді оқыту қызметтерінің жеткізушілерін анықтап, оларға баға беру арқылы Қазақстандағы осы нарықты жүйелендіру үшін негіз жасады. Бұл жұмыс қалай және не үшін жасалғанын Штутгарт Университетінің (Германия) ақпараттық технологиялар ғылымдарының докторы, «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының халықаралық сарапшысы Никос Манолопулос айтып береді.

 

Манолопулос мырза, бағалау қандай мақсатпен жүргізілді? Оның нәтижесі қандай?

Қысқамерзімді оқыту қызметтерін жеткізушілерді біліктілікалды бағалаудың мақсаты – ресми түрде тіркелген ұйымдар ретінде қызмет етіп, белгілі бір стандарттарға жауап беретін, яғни, жоғары сапалы қызметтерді ұсына алатын жеткізушілердің ұлттық тізілімін жасау. Осы тізілімді пайдалана отырып, мемлекет республикалық оқыту бағдарламаларын іске асыру үшін осындай жеткізушілерді іріктей алады. Тізілімдегі жеткізушілер санын арттыру үшін қырсқамерзімді қызметтерді жеткізушілерді қолдауға бағытталған арнайы қаржыландыру бағдарламалары жасақталуы мүмкін. Бағалау нәтижелері бойынша жеткізушілердің өздері қызметтерінің сапасын жақсарта алады – мысалы, сұраныс пен бәскеге қабілеттілікті арттыру үшін олар ұйымдастырушылық құрылымын немесе техникалық жабдықталуын жетілдіруі мүмкін. Сайып келгенде, қысқамерзімді оқыту сапасын арттыру жұмыс берушілердің өздеріне де белгілі бір пайда әкеледі, себебі білім беру сапасы артса, білікті жұмысшылардың саны артады.

 

Жүргізілген бағалаудың ауқымы қандай – қанша ұйымды және қай аудандарда қамти алдыңыздар? Бұл көрсетікш Қазақстандағы осындай ұйымдардың жалпы санының қандай үлесін құрайды?

Біз барлығы 623 ұйымға ұсыныс жасадық, олардың 557 бағалаудан өтуге келісім берді. Бағалау бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілді. Бұрын мұндай жұмыс жүргізілмегендіктен, жеткізушілердің қандай үлесі қамтылғанын айту мүмкін емес. Алайда, біздің атқарған жұмысымыздың арқасында енді ҚР-дағы қысқамерзімді (1-ден 6 айға дейін) оқытуды жүргізетін немесе жүргізуге ниетті ұйымдардың шамалас саны туралы түсінігіміз бар. Мұндай тізілімді қалыптастыру – басты болмаса да, біздің мақсаттарымыздың бірі.

 

Бағалау рәсімін өткізу білім беру ұйымдарының өздеріне және олардың клиенттеріне не берді?

Бағалау – оқыту ұйымдары ұсынатын қызметтер сапасын арттырудың тиімді құралдарының бірі. Қолжеткізілген нәтижелерден бөлек, бағалаудан өту ұйымдарға қызметтерін жақсартып, жетілдіру үшін өздерінің ұйымдық құрылымына, техникалық және кадрлық қамсыздандыруына, оқыту курстары мен тренингтердің кәсіби бағыттарына басқаша қарауға жол ашады. Осындай ұйымдардың клиенттеріне келсек, олар, ең алдымен, білім беру қызметтерінің сапасы артқанынан ұтады, себебі ең үздік даярлық оларға жұмысқа орналасуда табысқа жету мүмкіндігін арттырады.

 

Бағалау қандай өлшемдер, көрсеткіштер бойынша жүргізілді?

Бағалау барысында біз 13 өлшемді пайдаландық. Біз жеткізушілер ұсынатын курстар мен олар бойынша оқыту бағдарламаларын, қандай да бір оқыту курстарын таңдау әдістемесін, олардың ұзақтығы мен оқыту кестесінің икемділігін, бағалау жүйесін, оқытушылар біліктілігінің деңгейін, олардың сертификаттарының бар-жоғын зерделедік. Біз оқыту ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланыстың қаншалықты орнатылғанын, оқытудан өткендердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қандай екенін, сондай-ақ, курстарды бітірмей жатып, тастайтындардың үлесін анықтадық. Жеткізушілердің баға жөніндегі саясатына, оның нарықтық жағдайларға сәйкестігіне назар аударылды. Ұйымның жабдықталуы да – кітапхананың, зертхананың, арнайы жабдықтардың бар-жоғы айтарлықтай маңызға ие өлшем. Одан бөлек, қолданылатын оқу әдістемелері мен ұйымның қаржылық басқарылуына баға берілді.

 

Сіз бағалаудың нәтижелеріне қатысты не айтасыз – Қазақстандағы қысқамерзімді оқыту сапасы қандай деңгейде дер едіңіз?

Қазіргі таңда қолжеткізілген нәтижелерге сай, жеткізушілердің 76,5%-ы бағалаудан табысты өтіп, «мақұлданды» деген мәртебеге ие болды. Тағы 18,9%-ы «алдын-ала мақұлданды» деген баға алды, яғни, олар шамалы күш салып, аздаған жетілдіру арқылы қысқамерзімді оқыту қызметтерінің мақұлданған жеткізушілері санатына өте алады. Бағалаудан өткен ұйымдардың 4,7% ғана мақұлданған жоқ. Мұндай көрсеткіштер Қазақстандағы қысқамерзімді оқыту сапасы айтарлықтай жоғары деңгейде екендігін байқатады.

 

Бағалау нәтижелері қолжетімді ме – олармен қай жерде танысуға болады? Мұндай жұмыстың қазақстандықтар үшін тәжірибелік құндылығы қандай?

 

Алдымызға қойған мақсатқа сай, біз бағалаудан өткен жеткізушілерге оның нәтижелері туралы жекелей хабарлайтын боламыз. «Алдын-ала мақұлданды» және «мақұлданбады» деген деген мәртебеге ие болған ұйымдарға келесі бағалау кезінде «мақұлданды» деген мәртебені иемдену үшін іске асыруы тиіс шараларға қатысты мақсатты ұсыныстар жолданады. ҚР халқы үшін бұл жұмыстың нәтижесі қысқамерзімді курстар нарығын жүйелеудің осы бірінші талпынысы үзіліссіз үдеріске айналғанда, яғни бағалау жүйелі түрде өткізіліп тұратын болғанда елеулі болып, тәжірибелік маңызға ие болады. Бұл ересек халыққа арналған қысқамерзімді білім беру нарығын жаңа, біршама жоғары сапа деңгейіне көтеріп, халық дағдыларының деңгейін арттыра және бәсекеге қабілеттілікті жетілдіре отырып, оны мемлекеттің жұмыссыздықпен күресінің тиімді құралына айналдырады.

 

Жоба аясындағы бағалау жалғасуда. Біз ұзақтығы 1-ден 6 айға дейін құрайтын тренингтерді және/немесе курстарды ұсынатын немесе ұсынуды жоспарлап жатқан қазақстандық қысқамерзімді оқыту қызметтерін жеткізушілерді бағалауға қашықтан, онлайн-сұхбат беру арқылы қатысуға шақырамыз. Бағалаудан өту үшін оқыту қызметтерін жеткізушілерден ақы алынбайды. Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін http://stsp.kz/ веб-сайтына кіріңіз немесе +7 (7172) 972036 (ішкі 207,208,209,210,211) телефондары бойынша хабарласыңыз.

22 ақпан, 2019 - 10:33 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші