You are here

Бердібек Сапарбаев Елбасының жаңа әлеуметтік шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

селектолық кеңес

Дүйсенбі, 25 наурыз, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларының іске асырылуы бойынша кездесу өтті.

Селекторлық режимінде кеңеске Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың, аудан әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап ХҚКО, жұмыспен қамту орталықтары, ауылдық округтер әкімдіктерінің базасында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін азаматтардың өтініштерін қабылдауға өңірлердің дайындығы мәселелері қаралды.

«Басты мәселе - жергілікті жерлерде азаматтардың жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алуға құжаттарын қабылдауға дайындығын қамтамасыз ету. Егер қажет болса қосымша мамандарды қарастырыңыз. Сондай-ақ, халық арасында сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету маңызды. Азаматтарға мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары қарастырылғанын қарапайым түсінікті тілде түсіндіру керек», - деп атап өтті министр.

Айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген айдан бастап, яғни жаңа форматтағы АӘК алу үшін дәл 1 сәуірде құжаттарды тапсыру міндетті емес. Мұны бір ай уақыт аралығында жасауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда ү.ж. 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету өлшемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% - дан 70% - ға дейін өсіп, 20 789 теңгені құрады. АӘК алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңге құраған болса, келесі айдан бастап, әр балаға 20 789 теңге төленеді.

АӘК алушыларды қамтуды кеңейту мақсатында отбасының жиынтық табысы есебінен "Алтын алқа" және "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға, баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы, сондай-ақ, стипендиялар алынып тасталады. АӘК тағайындау рәсімі сұрау салынған құжаттарды оңтайландыру арқылы жеңілдетіледі: тек жеке куәлік қажет болады.

Сондай-ақ, көп балалы ауылдықтар мен жастарға 505 мың теңге көлемінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 10 мың мемлекеттік грант берілетін болады. 5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы аналарға өз ісін ашуға 6,5 млн.теңгеге дейін шағын несиелеумен қамту жоспарлануда.

Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін ауқымды шаралар кешені қарастырылған, оның ішінде ЖТҚ үшін жер учаскелерін бөлу, көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйге бастапқы жарнаны субсидиялау, көп балалы отбасылар қатарынан аз қамтылған отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қызметтер мен қолдау шараларының бірыңғай пакеті әзірленді.

26 наурыз, 2019 - 10:59 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші