You are here

Гүлшара Әбдіқалықова ірі кәсіпорындарды аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуге шақырды

Гүлшара Әбдіқалықова ірі кәсіпорындарды аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуге шақырды

Сәрсенбі, 3 сәуір күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалық етуімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, "Аrabtec Сonsolidated Сontractors", «ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені» Сауда үйі» ЖШС, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ, «Астықжан сауда орталығы» ЖШС, «Fortebank» АҚ, «Медикер» ЖШС, BI-Group компанияларының басшылары қатысты.

Бизнес-құрылым өкілдері аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.

Вице-Премьер бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі компания қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті, оның шеңберінде ұйым қызметкерлерінің, сол сияқты жалпы халықтың маңызды әлеуметтік мәселелері шешіледі.

Осыған байланысты Гүлшара Әбдіқалықова кәсіпкерлерді демеушілік, қайырымдылық, әлеуметтік объектілер құрылысын қамти отырып, әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсетуді жалғастыруға шақырды. Бұл ретте, өз жұмысшыларын қолдауға ерекше назар аудару қажет.

Сондай-ақ, кеңес барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, қауіпсіздік және еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлердің құқықтарын арттыру және жалақы бойынша берешектерді өтеу мәселелері қаралды.

4 сәуір, 2019 - 17:02 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші