You are here

Маусымдағы еңбекақы

Сəлеметсіз бе, мен балабақшада 10 жыл тəрбиеші болып жұмыс істеймін. 2- санатым бар. Менің сіздерге қоятын екі сұрағым бар:1-сұрағым:Менің бірінші бітірген мамандығым  жоғарғы оқу орнын  "құқық жəне экономика" мұғалімі  ал екінші мамандығым  арнайы орта " мектепке дейінгі ұйым тəрбиешісі"деген дипломым бар  өзім балабақшада екінші мамандығым бойынша жұмыс атқарып жүрмін, еңбекақыны маған екінші дипломмен(арнайы орта) төлеп жүр алайда менің бірінші жоғарғы  дипломым да  осы педагог саласында болғандықтан жоғарғы дипломмен саналу керек деп есептеймін себебі  арнайы орта тəрбиешілік мамандығына оқуға тапсырғанда мен сырттай  1 жыл оқыдым,  өйткені алдыңғы дипломым осы мамандыққа сəйкес келгендіктен, сəйкес келмегендер  3,5 жыл оқыды, сондықтан еңбекақыны маған бірінші дипломмен төлеу керек шығар деп ойлаймын. 2  - сұрағым: маусым айында еңбекақыны өсіргенде  10 жыл еңбек өтілім,2 категориям бар менің жалақым қаңтардағыдай тағы өспей қала ма? Қаңтарда біздікі өскен жоқ.  Мен қазір қолыма таза-55117 теңге  алып жүрмін, ал екі жыл еңбек өтілімен ешқандай санаты жоқ тəрбиешілер еңбекақысы  51000 ға көтерілді , көмекшілердікі  менімен бірдей 55000 ға көтерілді сонда менің не санатым неше жылғы еңбекөтілім түкке тұрмай қалды ғой, маусымда тағы 3-5 жыл еңбек өтілі барлардыкы көтеріледі деп жазыпты сонда ортасында біз тағы қалып қоямыз ба? Өтінемін осы екі сұрағыма жауап берсеңіздер екен. Рахмет.

Жауап: 

Бірінші сұрақ бойынша
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес тәрбиешілердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
- біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;
- біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық білім.
Осыған орай, Сіздің жағдайыңызда, еңбегіңізге ақы төлеу біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде жүргізілуі керек деп есептейміз.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған бұйрықтың әзірлеушісі және білім саласында уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі екенін ескере отырып, сұрағыңызға нақты жауап алу үшін аталған мемлекеттік органға жүгінуіңізді ұсынамыз.

Екінші сұрақ бойынша
Елбасының 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес бюджеттік саладағы бөлек қызметкерлердің жалақысы олардың лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған еңбек өтілі бойынша коэффициенттерді көбейту жолымен 30%-ға дейін сараланып артатын болады.
Жалақының 30%-ға дейін артуын келесі қызметкерлер алатын болады: 1 разрядтан 8 разряд аралығындағы барлық жұмысшылар, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдардың қызметкерлері, оның ішінде тәрбиешілерді де қамтитын болады, сондай-ақ басқару персоналының кейбір қызметкерлері.

Сұрақтың нөмірі: 360246
29 сәуір, 2019 - 20:22 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші