check

You are here

80 мыңнан астам қазақстандық отбасылар жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек алды

АӘК

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құжаттар қабылдау жүргізілуде. Өтініштер Жұмыспен қамту орталықтарында және ауылдық әкімдіктерде қабылданады.

Ағымдағы жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша «Е-Халық» жүйесі арқылы барлығы 148 649 өтінім (799 032 адам) қабылданды, оның ішінде 100 566 өтініш бойынша оң шешімдер қабылданды, 41 647-і қаралуда. Ең көп өтініш берушілер Түркістан  – 30 382 отбасы (180 179 адам), Алматы облыстарында – 17 698 (93 399 адам) және Шымкент қаласында-17 275 отбасы (88 478 адам) тіркелді.

Бұдан басқа, 48 380 (269 330 адам) АӘК алушыларға бұрын тағайындалған сомаларға автоматты режимде қайта есептеу жүргізілді.

Бүгінгі күні жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 84 287 отбасына жалпы сомасы 9,4 млрд.теңгеге төленді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салады.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда а.ж. 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% - нан 70% - ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, енді әр балаға 20 789 тг. төленеді.

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 млрд. теңгеден астам қаражат көзделген.

2 мамыр, 2019 - 11:55 өзгертілді
Әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі үздік қызметкерге дауыс бер
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші