check

You are here

Жұмыстан босау

Сұрақ тақырыбы: 

Сәлеметсіздер ме,

Сіздерден төмендегі сұрақ бойынша шұғыл түрде жауап берулеріңізді сұраймын.

Қысқаша жағдайды түсіндіру:

Осы жылдың басында жұмысымды ауыстырып, бастықтан ағылшын тілімнің деңгейін көтеру мақсатында 1 айға шет елге жаз айында жалақысыз демалыс алу туралы ауыз-екі тілде келіскен болатынбыз. Келіскеннен кейін шел елден оқытатын орталық тауып, алдын ала Келісім Шарт бойынша төлемдерді (оқуға, тұратын жерге, т.б.) жасадым, Келісім Шарт бойынша төлем кері қайтарылмайды.

Қазіргі жағдай:

Бастықтың атына 1 ай бұрын жалақысыз еңбек демалысына ағылшын тілін оқуға бару туралы өтініш жазғанда, бастапқы ойынан қайтып, рұқсат етпей отыр.

Сұрақ:

Осы жағдайға байланысты ҚР Еңбек заңы азаматшаны қалай қорғайды?

Оқу 10 маусымда басталады, өтінішті 6 мамырда жазғанмын. 

Қазіргі шешімім, жұмыстан шығу туралы өтініш беру ғана, себебі оқуымның ақшасы қайтарылмайды және ағылшын тілі өте керек.

Бүгін мамырдың 16-сы. Жоғарыдағы аталған жайттарды ескере отырып, бүгінгі күнмен 10 маусымнан бастап жұмыстан босату туралы өтініш білдіре аламын ба?

Көмектеріңізге мұқтажбын, шұғыл жауаптарыңыз үшін алдын ала алғысымды білдіремін,

Құрметпен,

  Ұлдана 

Жауап: 

Құрметті Ұлдана Құралбайқызы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 97-бабы 1 тармағына сәйкес еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жұмыскердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Осылайша, жалақы сақталмайтын демалыс берілуі келісім бойынша айқындалады.
Сонымен қатар, жұмыскер жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен, хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.

Сұрақтың нөмірі: 360741
22 мамыр, 2019 - 13:05 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
үздік әлеуметтік жобалар дауыс беру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші