You are here

МҮДДЕЛІЛІК БІЛДІРУГЕ САУАЛ №: KZSJ-2.3/CQS -10 келісімшарты

ҚАЗАҚСТАН

«ЕҢБЕК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ» ЖОБАСЫ

Қарыз № 8490-KZ

Тапсырманың атауы: "Қазақстан Республикасында жұмыссыздар мен нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалардың (А сызбасы) және оқуды қажет ететін жұмыс істеп жүрген қызметкерлер (Б сызбасы) дағдысының деңгейін арттыру үшін "Кәсіби ІТ -дағдылар" бағыты бойынша онлайн оқытуды ұйымдастыру бойынша консультациялық қызметтер көрсету", келісімшарт №: KZSJ-2.3/CQS -10

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құқылы консультациялық компанияларды («Консультанттарды») осы қызметтерді көрсету үшін өзінің мүдделілік білдіруіне шақырады. Мүдделілік білдірген консультанттар қызметтерді орындау үшін тиісті біліктілігі және ұқсас тәжірибесі бар екендігі туралы ақпаратты ұсыну керек.

Іріктеу критерийлері:

  • Консультант-фирманың оқыту қызметтерін жеткізу саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.
  • Консультант-фирманың келесі бөлінген бағыттар бойынша бір айдан алты айға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді оқу бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі болуы тиіс:

      - деректерді талдауға кіріспе;

      - машиналық оқыту негіздері;

      - жасанды интеллект негіздері;

      - "блок" технологиясына кіріспе»;

       - виртуалды шындықта әзірлеуші.

  • Консультантта оқудан өткен адамдардың жұмысқа орналасу деңгейі 60%-дан кем болмауы тиіс.
  • Халықаралық сертификаты бар кеңесші фирмада жаттықтырушылардың болуы, сапасы мен саны қосымша артықшылық болып табылады.  
  • Консультант-фирманың қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын іске асыру үшін онлайн платформасы болуы тиіс. Тапсырыс беруші мен кеңесші JSON пішімінде RESTful API веб-сервистері арқылы деректермен алмасады. Кеңесші онлайн платформада Тапсырыс берушінің электрондық еңбек биржасы порталымен өзара әрекеттесу үшін тиісті RESTful API веб-сервистерінің болуын қамтамасыз етуі тиіс (www.enbek.kz).

Конкурсқа қатысушылар міндеттерді орындау үшін жергілікті компаниялармен консорциумға қатыса алады.

Мүдделілік білдіруге сауал ілеспе хатпен орындаушының кері мекенжайымен, байланыс мәліметтерімен рәсімделуге тиіс. Қосымша ретінде консультант заңдық мәртебесінің құжатталған растамасын ұсынуға тиіс (мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, қажет болған кезде жарғының және т.б. құжаттардың көшірмесін қоса беру). Тәжірибені растау үшін шарттарды, жұмысты орындау актілерін, әзірленген бағдарламаларды, сараптау қорытындыларын және қажет болған кезде басқа да құжаттарды қоса беру қажет.

Мүдделілік білдірген консультанттарды, Дүниежүзілік банктің мүдделердiң дауы саясатын реттейтiн «Дүниежүзілік банктің нұсқаулығы: ХҚҚДБ қарыздары және МАР кредиттері бойынша консультанттарды Дүниежүзілік банктің қарыз алушылары арқылы іріктеу және жалдау» (2011 жылғы қаңтар, 2014 жылғы шілдеде қайта қаралған) 1.9 параграфқа көңiл аударамыз. Консультанттар өз біліктіліктерін арттыру үшін бірлескен кәсіпорын ұйым түрінде басқа компаниялармен немесе суб-консультантпен бірлесуі мүмкін

Бірлескен кәсіпорын немесе суб-консультант түрінде бірлескен жағдайда ілеспе хатта бірлесу түрін нақты көрсету қажет.

Анықтама үшін:

“Бірлескен кәсіпорын (БК)” заңдық мәртебесі оның қатысушыларына сәйкес келе алатын немесе сәйкес келе алмайтын, құрамында бір Консультанттан артық, бір әріптес БК құрамындағы қалған барлық әріптестердің мүддесіне және олардың атынан шаруашылық қызметті жүргізуге уәкілетті және БК құрамындағы әріптестер Тапсырыс берушінің алдында Келісімшарттың орындалуына ортақ және жеке жауап беретін бірлестікті білдіреді.

Консультант нұсқаулықта көрсетілген рәсімдерге сәйкес Консультанттарды біліктілігі бойынша іріктеу тәсілімен (КБІ) іріктеледі.

Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген мекенжай бойынша, жұмыс уақыты кезінде Астана уақытының 9.00-18.00 сағат аралығында алуға болады.

Мүдделілік білдіру жазбаша түрде, 2019 жылғы 4 маусымға дейін төмендегі мекенжайға (жеке, пошта, факс немесе электроондық пошта арқылы) жеткізілуге тиіс:

«Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» Жобасын басқару бойынша топ (ЖБТ) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 010000 Астана, Қазақстан, Сығанақ көшесі 29, офис 1507

Телефон: (8 7172) 64 27 46

E-mail: kzsj_zakup@mail.ru көшірмесі kzsj_2.2@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 мамыр, 2019 - 13:40 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші