You are here

Қазақстан мен Өзбекстан еңбекші-мигранттардың құқығын қорғау бойынша "Жол картасына" қол қойды

ынтымақтастық

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ХІІ Астана экономикалық форумы аясында өткен Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына орайластырылған халықаралық конференцияда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Мәселен, Өзбекстан Республикасының жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрі Шерзод Құдбиевпен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы 2019 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына ("жол картасы") қол қойылды.
Бұл үкіметаралық келісімге ведомство басшылары 2019 жылы 15 сәуірде Ташкент қаласында ҚР Президенті Қ. Қ. Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.

Жол картасына қол қою елдер арасындағы еңбек көші-қоны процесін реттеу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

Үкіметаралық келісім шеңберінде еңбекші-мигранттар қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына және еңбек шартының талаптарына сәйкес басқа адамдар үшін қауіпті ауруларға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығына ие. Еңбек мигранттары үшін ақы төлеу және басқа да еңбек жағдайлары жұмыс берушімен қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес еңбек шартымен реттеледі.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер ведомстволар арасында орнатылған іскерлік және достық байланыстарды жоғары бағалайтынын және қол қойылған халықаралық құжат аясында одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

24 мамыр, 2019 - 12:20 өзгертілді
ҚР тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері
Атаулы әлеуметтік көмек
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты тексеру
АӘК есептеу бойынша онлайн калькулятор
Статусын тексеру
Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне қарсы күрес
"Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны
Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар
«Еңбек жолы» Республикалық конкурсы
Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталаңдыру
ҰБЖ
Жаңа ұлттық қызметтер жіктеуіші